Есірткі саудасы
Автор: Anura • Май 20, 2018 • Реферат • 1,621 Слов (7 Страниц) • 708 Просмотры
Тақырыптың өзектілігі. Есірткі саудасы қоғам дамуының барлық саласына әсер ете отырып, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени саланы құртып қана қоймай, ұлттың тұрақтылығына, демократияға қауіпті қатер төндіреді. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың назарын аударып отырған өзекті мәселелердің қатарына заңсыз есірткі саудасын жатқызуға болады. Есірткі тасымалы ұйымдасқан қылмыстың, жемқорлықтың, зорлық-зомбылықтың артуына себеп болып, мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, әлемдік қауымдастықтың дамуына әсер етеді. Өйткені әлемде есірткі өнімдерін өндірушілер және сол өнімді тұтынушылар саны күн санап артуда, ал бұл өз кезегінде белгілі бір мемлекетке немесе топтарға табыс табудың жолы болса, керісінше халықтың әлеуметтік құрылымына кері әсерін тигізуде. Есірткінің заңсыз саудасы терроризм, экстремизм және діни радикализмнің кең қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр. Әлемдік есірткі саудасына есірткі тасымалының тұрақты жүйесі, ақшаның ағылуы және қауіпті инфекциялық аурулардың таралуы сияқты трансұлттық белгілер тән. Қазіргі таңда әртүрлі есірткі картелдерінің және топтарының арасындағы интеграция есірткі тасымалының жаһандану үрдісінің орын алғандағын көрсетеді. Заңсыз есірткі саудасы – бұл ұлттық деңгейде және халықаралық деңгейде әсер ететін әлемдегі ауқымды бизнес. Бұл мәселемен күресуді бір мемлекет шеңберінде ғана емес, әлемдік деңгейде жүзеге асырған жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетуге болады. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында есірткі өнімдерінің әлем бойынша және жекелеген мемлекеттерде кең таралуы орын алды. Есірткі мемлекет өмірінің барлық саласына әсер ете отырып, мемлекет тәуелсіздігін, демографиялық жағдайды, саяси, әлеуметтік-экономикалық саланы дағдарысқа ұшыратады. Есірткі өндірісі мен тасымалының құрбаны болған мемлекет – ол Ауғанстан.
Зерттеудің дерекнамасы. Жұмысты зерттеу барысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін кең көлемді деректер көзі пайдаланылды. Оларды маңыздылық деңгейі бойынша төмендегідей топтастыруға болады: Деректердің бірінші тобына заңнамалық актілерді топтастыруға болады. Қазақстан Республикасының (ҚР) Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық Референдумда қабылданды және Қазақстанның ең жоғары заңы [1]. Ауғанстанның Конституциясы – бұл Ауғанстанның негізгі заңы болып табылады. Конституцияны 2004 жылы 3 қаңтарда бүкілауғандық кеңес – Лойя Джирга бекітті [2]. 1998 жылы 10 шілдеде «Есірткі өнімдері, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс қолданылуы туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды [3]. 2000 жылғы 19 мамырдағы Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды [4]. 2005 жылғы 29 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекітті [5]. Деректердің екінші тобы диломатиялық құжаттарды топтастырады. Атап айтқанда, есірткіге қатысты конвенциялар, ұйымдар шеңберіндегі келісімдер және меморандумдар. БҰҰ-ның 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай Конвенциясы, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы бірыңғай Конвенциясы және 1988 жылғы Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенциясы есірткіні өндіруді, таратуды азайтуға, психотроптық заттарға халықаралық бақылау жүйесін орнатуға, есірткі контрабандасына қарсы күрес жүргізуде негізгі құқықтық нормалар болып табылады [6]. БҰҰ ЕҚБ-ның 2008 жылғы 51/12 Резолюциясы әлемдік есірткі мәселесімен күресте мемлекеттер және БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша мекемелері бірлесе әрекет ету қажет екендігін көрсетеді [7]. «Есірткі өнімдері және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес бойынша кеден қызметтерінің өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы жөніндегі Келісім» [8], Орталық Азиядағы есірткі өнімдерінің, психотроптық заттардың және оның прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес бойынша өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы Келісім [9], «Есірткі өнімдері және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес бойынша ішкі істер министрліктерінің өзара ынтымақтастығы туралы Келісім» [10], Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз өндірісін, айналымын және шектен тыс қолданылуын бақылау бойынша ынтымақтастық және өзара түсіністік Меморандумы [11], ҰҚШҰ мен ШЫҰ хатшылықтары арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум [12], Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум [13], ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз саудасымен күресу жөніндегі Келісімі» [11], ШЫҰ-ның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ АТҚҚ) мен ОАААКО арасында ынтымақтастық туралы Протокол [14], ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы [приложение 1]. Зерттеу көздерінің үшінші тобы Президенттің, саяси қайраткерлердің, дипломаттардың еңбектерін, сөйлеген сөздерін, сұхбаттарын топтастырады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінде ауған есірткі өндірісі және Латын Америкасындағы кокаин өндірісі әлемдік қауіп-қатер ретінде саналып, Қазақстанның ауған есірткі тасымалымен күрестегі басты бағыттары туралы айтылған. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамұра, 2003. – С. 110 Зона особого внимания Қ.К. Тоқаевтың еңбегінде Ауғанстандағы есірткі өндірісі халықаралық терроризмнің қаржылық негізі ретінде қарастырылып, есірткі тасымалымен күрестегі әлемдік қауымдастықтың іс-шаралары нәтижесіз болғандығы айтылады. Сонымен қатар, «Талибан» қозғалысының «есірткі экономикасын» қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі. Тоқаев Қ.К. Очерки дипломата. Книга первая. Преодоление. – Алматы: «Жибек жолы», 2016, С. 318 Азиатская бесопасность – миф или реальность? стр. 295. Қазақстандық дипломат А.Д. Смагуловтың «Афганистан. Опыт восстановления и реконструкции: 2001-2009 годы» еңбегінде 2001-2009 жылдар аралығындағы Ауғанстандағы әскери-саяси және экономикалық жағдай, НАТО мен АҚШ саясаты, Ауғанстанның сыртқы саясаты және есірткі өндірісімен және тасымалымен күрестегі іс-шаралар тізімі көрсетілген. А.Д. Смагулов Афганистан. Опыт восстановления и реконструкции, 2001-2009 годы Кабул, издательство «Нури», 2010. – 502 с. Ауған далалық командирі, 1992-1996 жылдардағы Ауғанстанның қорғаныс министрі Ахмад Шах Масудтың 2001 жылдың 11 сәуірінде Душанбеде «Пәкстан – соғысушы тарап» атты баяндамасында сөйлеген сөзінде Ауғанстандағы саяси тұрақсыздықтың орын алуына сыртқы күштердің және Пәкстанның тигізетін әсері өте үлкен екенін және «Талибан» қозғалысының іс-әрекеті жайлы толығымен деректер келтірген. Ахмад Шах Масуд: «Пакистан – воюющая сторона» // Афганистан и безопасность Центральной Азии. Вып. 2. Под ред. А.А. Князева. – Бишкек: Илим, 2005. – С. 207
...