Инвестиция
Автор: Arai1504 • Сентябрь 20, 2023 • Эссе • 859 Слов (4 Страниц) • 130 Просмотры
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарығы білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
“Су ресурстары және жерді пайдалану” кафедрасы
Эссе
Орындаған :Қамбарова А
Тобы:Ап-20-6к1
Қабылдаған :Садыбек Е
Шымкент 2023ж
Қәзіргі кезде адамдар ақша табу үшін жұмыс жасайды,ал инвесторлар болса ақшаны тауып қана қоймай ақшаны өзіне жұмыс жасатады ,яғни инвестор болу арқылы. Инвестиция – ақшаны болашақта табыс табу мақсатында салу. Инвестициялаудың түрлі тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – банкке салу немесе, басқаша айтқанда, депозит. Бұл сенімді әрі қауіпсіз қаржы құралы. Инвесторлар депозиттерді көбіне ақша табу үшін емес, ақшаларын сақтау үшін таңдайды, оның үстіне қазақстандық банктерге салынған салымдарды мемлекеттің өзі қорғайды. Ақша салудың тағы бір тәсілі – жылжымайтын мүлікке инвестициялау: үйлерді, пәтерлерді, бизнес-орталықтарын сатып алып, кейін жоғары бағада қайта сату немесе жалға беру арқылы. Алайда оны сатып алу үшін қомақты қаражат керек. Сондай-ақ шығыны да аз емес. Бұл салық төлеу, коммуналдық қызмет (жарық, жылу, газ, су және т.б.) ақысын төлеу, жөндеу жұмыстары және өзге де шығындар. Жинақтап сақтандыруды да инвестиция құралы ретінде қарастыруға болады. Оның көмегімен, мысалы, оқу немесе той секілді маңызды мақсат үшін ақша жинауға болады Алайда бұл қаржы құралының да артықшылығы мен кемшілігі бар: болашақта опық жеп қалмас үшін, сақтандыру шартын мұқият оқып, зерделеу қажет. Жалпы, кез келген шартқа қол қоймай тұрып, оның талаптарымен егжей-тегжейлі танысып алған абзал. Мысалы, алтын сияқты қымбат металдарға, коллекциялық монеталарға және басқа да құралдарға инвестициялауға болады. Инвестиция үшін барынша белгілі қаржы құралы бағалы қағаздар болып табылады – бұл меншік құқығын немесе оның иесі мен оны шығарған ұйым арасындағы қарыз қатынастарын куәландыратын ақшалай құжат. Бағалы қағаздар қор активтері, ал бағалы қағаздар нарығы қор нарығы деп аталады. Бағалы қағаздардың алуан түрлері бар – акциялар, облигациялар, вексельдер, чектер, кепілзаттар, жинақ сертификаттары және т.б . Олардың артықшылығы – кіріс депозитке қарағанда көбірек, бірақ тәуекелі жоғары. Сондықтан сәтті салу үшін инвестордың бағалы қағаздар нарығының қалай жұмыс істейтіні жөнінде білімі болуы керек, ондағы жағдайды үнемі талдап, белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алу арқылы дұрыс тәуекелге баруы керек. Себебі, егер инвестициялық стратегия дұрыс таңдалмаса, онда барлық кірісіңізді бір сәтте жоғалту қаупі жоғары болады. Кез келген инвестиция — бұл бір жағынан кіріс көзі болса, екінші жағынан белгілі бір тәуекел. Жылына тәуекелсіз 100% кіріске кенелу мүмкін емес. Сондықтан, оны төмендету үшін өз ақшаңызды саларда оның жолдарын жан-жақты талдап, аса мұқият болу қажет. Мұндай тәуекелдерді алдын ала анықтай білу маңызды. Мына қағидаларды үнемі есте сақтаңыздар: қаржы құралының кірісі неғұрлым жоғары болған сайын, ақшаны жоғалту тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Мұны барлық инвесторлар білуге тиіс. Егер сіз жинаған ақшаңыздан айырылуға дайын болмасаңыз, сіз үшін ең жақсы таңдау — бағалы қағаздарға инвестиция салу емес, банк депозиті болмақ. Естеріңізде болсын: инвестицияға қолда бар ақшаны салу қажет, ешқашан мұндай мақсатқа банктен ақшалай кредит алуға болмайды. Бұл ақпарат сіздердің келешектеріңіз үшін қажет, яғни болашақта өсіп, жақсы білім алып (айтпақшы, ең үздік инвестиция – білімге салынған инвестиция), беделді жұмысқа орналасып, ресми түрде табыс таба бастағанда керек болады. Алғашқы қадамды, тіпті, кішігірім инвестициялауды неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым өз ақшаңызды еселеуді тезірек үйренесіз!
...