Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Самал» ЖШС әлеуметік-экономикалық сипаттамасы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2018  •  Курсовая работа  •  7,690 Слов (31 Страниц)  •  561 Просмотры

Страница 1 из 31

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .................................................................................................................

1 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.................................................................................

   1.1 Инвестициялық меншік түсінігі, түрлері, экономикалық мәні ..............

   1.2 Инвестициялық меншікті бағалау тәртібі ..................................................

2 «САМАЛ» ЖШС ЖАЛ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІК ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ .................................................................................

   2.1 «Самал» ЖШС әлеуметік-экономикалық сипаттамасы .......................

   2.2 «Самал» ЖШС тәжірибесіндегі инвестициялық меншіктің бағалануы

   2.3 «Самал» ЖШС бухгалтерлік есепті жургізудің тәсілдері ..................

   2.4 «Самал» ЖШС қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі .....

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................

3

5

5

9

15

15

16

20

22

28

30

КІРІСПЕ

Елбасымыздың өз халқына жолдауында дәйекті жаңарту және экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Бүгінгі экономикалық конъюнктура нашарлаған жағдайда мемлекеттік холдингтердің, әлеументтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарының белсенділігін арттыру қолға алынуда.

Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында өндірістік қуатты тиімді орналастыру Картасы мен Қазақстан республикасындағы инвестициялық қызметті жетілдірудің координациялық жоспары дайындалды. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан орын алу және 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек делінген [3].

Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі таңда жоғары. Ұйымның шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуына оның қолда бар экономикалық ресурстары мүмкіндік береді. Экономикалық ресурстар, яғни ұйымның активтері шаруашылық үрдістеріне қатысуына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Нарықтық жағдайда ұйымның барлық мүлік түрлері пайда алуға бағытталады. Осы орайда инвестициялық меншіктің рөлі аса жоғары болып табылады. Жалпы эконономикалық ресурстардың ішінде ұйымның шарауашылық қызметі үшін негізгі қорлардың маңызы зор, олар ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылу дәрержесін, оның өндірістік қуатын сипаттайды. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар – қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының қарауындағы (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен жылжымайтын мүлік.Қазіргі экономикалық қатынастар жағдайында жалдық қатынастар тіптен көбеюде, себебі жалға алу арқылы ұйымдар көп қаражатты бірден төлемей-ақ өндірістің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ете алады. Негізгі құралдардың бүгінгі күнгі нарықтық қатынастардың күрделенуі жағдайындағы басты қозғалысын сипаттайтын жағдай олардың жалға берілуі және алынуы. Үй, ғимарат, машина, жабдық және транспорт құралдары түріндегі дүниенің меншікті иесі болып табылатын субъект оны жалға бере алады.

Жалдау–жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін ақы төлеп тұруға беру. Шаруашылық субъектілері өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа шаруашылық субъектілерінен, ұжымдардан жалға алып қана қоймай, уақытша пайдаланылмай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдардан басқа субъектілерге уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шаруашылық субъектілерінің, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім – шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл негізгі құралдарға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі және қайсы субъектінің есебінен жүргізілетіндігі, тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет.  Бүгінгі таңда жалдау қатынастарын шешуге банктер және банктік операцияларды іске асыратын несиелік серіктестіктер, тіпті жекелеген лизингтік ұйымдар саны да арта түсуде. Міне, жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде анықтайды.

...

Скачать:   txt (108.8 Kb)   pdf (451.9 Kb)   docx (76.7 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club