«Coffee print» бизнес – жобасының құрылымы
Автор: zhanibekkolleji • Июнь 7, 2023 • Доклад • 2,584 Слов (11 Страниц) • 175 Просмотры
«Coffee print» бизнес – жобасының құрылымы
- Жоба сауалнамасы
- мақсаты - қоғамдық тамақтану қызметін көрсету
- өнім - кофехана қызметі
- құны - 10 млн тенге
- жобаның ақталу уақыты - 15 айға дейін
- Жоба тұжырымдамасы - кофе нарығын талдап, сізге «Coffee print» бизнес – жобасын ұсынамыз.
Идеяның ерекшелігі: Кофеханада тұтынушыларға ұсынылатын кофе бетінде сол адамның суреті немесе басқа да суреттер принтер арқылы салынады. Отырыс кезінде гүл ұсынылса, сол гүлгеде суреттер, тілектер, т.б. басуға болады. Кофе ұсынылған кезде бірқолданбалы стаканға кететін шығынымыз 20-30 тенге, бұл далаға тасталатын ақша, яғни оны жеугеде немесе тағы пайдалануғада келмейді. Сол себепті бірқолданбалы стаканның орнына жеуге жарамды (съедобный), экологиялық таза бидайдан дайындалған ыдыс пайдаланамыз. Өзіміз дайындайтын, 40 минут шамасында ыстық кофеға шыдайтын, сусынның дәміне әсер етпейтін, дәмі тартымды ыдыс.
- Өнім сипаттамасы Кофехананың бизнес-жоспары 50 адам отыратын орынға есептелген. Ғимарат жалға алынады. Негізінде ол орта деңгейлі табысы бар адамдарға арналған. Тұтынушылар сенсорлы үстел-мәзір (play-market) арқылы тапсырыс беріп, даяшы қызмет көрсетеді. Кофехананы оқу орындары мен кеңселер жанында орналастырған жөн. Сонымен қатар, бәсекелестерді ескерген жөнді болады. Осының барлығы кофехананын дамуына әсер етеді
- Нарықты талдау мен өнімдер өткізу.
Әлемде кофе саудасы мұнайдан кейінгі II орында тұр. Әлемдік саудада кофенің жылдық табысы $70 млрд. Қазақстандықтардын кофе қолдануы жыл сайын шамамен 7% ға өсіп келеді. Статистикаға жүгінсек, 2015 жылы 3,9 млн кг кофе қолданылса, 2017 ж бұл көрсеткіш 10,1 млн кг жеткен. Barista Academy компаниясы ҚР-да кофенің жылдық құны $9,7 млн бағалады. Бұл ісімді Қазақстанның ірі қалаларында ашқым келеді.
Кофехана – адамдардың достарымен кездесетін, іскерлік кездесулер өткізетін, отбасымен бірге демалатын орны ретінде танымал. Кофе – әлемде ең кең тараған сусындардың бірі. Кофенің пайдасы.
- Адам ағзасын сергітеді және жұмыс өнімділігін арттырады
- Жаттығудан кейінгі бұлшық ет ауруын басады
- Күйзелістен құтқарады
- Бауыр, асқазан ауруларының алдын алады
- Диабет. Альцгеймер мен Паркинсон ауруларынан құтқарады
- Кариестен қорғайды
Ғалымдар күніне 300 мл ғана кофеин қабылдауға кеңес береді. Ол шамаман 3-4 стакан ерігіш кофе. Статистика бойынша әлемде жыл сайын кофеге арналған бірқолданбалы 120 млдр стакан қоқысқа айналып, экологиялық мәселені туындатады.
Жобада қолданылатын жаңа технологиялар: жеуге жарамды стакан, кофе – принтер (кез-келген суретті кофе бетіне басып шығаратын құрал), сенсорлы үстел-мәзір (play-market), тағамдық принтер (пищевой принтер)
Қосымша көрсетілетін қызметтер - тегін QI зарядтағыш және WI-FI.
- Өнім өндіру технологиясы:
- Кондитерлік өнімдерді даярлау технологиясы
Кондитерлік өнімдерді пісіру технологиясының реттілігі және уақыт шығыны әртүрлі рецепт түріне байланысты өзгеріп отырады. Кондитерлік өнімдерді дайындаудың жалпы бір ізділігі суретте көрсетілген.
Ұннан жасалатын өнімдерді дайындаудың технологиялық үдерісі.
Өнімді қамыр илеу үшін әзірлеу | → | Қамыр илеу | → | Жартылай фабрикаттарды пісіріу | → | Крем әзірлеу | → | Өнімді безендіру |
Жобада 1- кестеде: Әртүрлі қамыр түрлерін дайындау ерекшеліктері:
1-кесте: Әртүрлі қамыр түрлерін дайындау ерекшеліктері.
Қамыр түрлері | Дайындау ерекшеліктері |
Бисквитті қамыр | Химиялық көтергіштерсіз және ашытқысыз дайындалады. Қамырға борпылдақ құрам беру үшін көтергіш болып табылатын көпіршігін жұмыртқа немесе жұмыртқаның ақуызын қосады, бисквитті қамырдың құрамына 1:1:2 қатынаста ұн, қант, жұмыртқа салынады. бисквитті қамырға орташа есеппен 30 пайыздық желімді масса құрайтын ұн пайдаланады. Ұнның 25 пайызының орнына картоп крахмалын пайдалануға болады. Крахмал ұнға қарағанда ылғалдылықты жақсы сақтайды, сондықтан қамыр борпылдақ болып піседі де, кескен кезде онша ұнтақталмайды.Бисквит қамырын 180-200С температурада 40-50 мин. пісіреді. |
Қантты қамыр | Қантты қамырдың дайындалу принципі: 1- бөлігі қанттан, 2-бөлігі майдан және 3- бөлігі ұннан тұрады. Қамырда май көп болған сайын, ол сусымалы болып келеді. Қант ұнтағы қамырды ерекше сусымалы етеді. Жұмыртқа мен сұйықтық өнімдердің бірігуіне әсер етеді және өнімді дайындауда жұмысты жеңілдетеді. Қантты қамырды көтергішсіз дайындайды. Қантты қамырға көбіне пайдаланылатн өнім, бұл ванильді қант езілген лимон не апельсин қабығы, шоколад, какао, майдаланған жаңғақтар және дәм қабық. Қайнатылған жартылай фабрикатты 220-240С температурада 15-25 мин пісіреді. |
Қатпарлы қамыр | Қатпарлы қамырды дайындағанда желімділігін жоғарылату үшін қамырды қайта-қайта илеу қажет. Қамыр илегенде тез ашымас үшін, қамырды салқындату маңызды. Осы талаптарды орындау үшін салқындаған суды, салқындатылған ұнды пайдаланып, ашытқыны мүмкін болса кеш салу қажет. Ашытқының қамырда бірқалыпты тарағандығын қадағалау қажет. Қайнатылған жартылай фабрикатты 250-260С температурада 15-25 мин ішінде пісіреді. |
Қайнатылған қамыр | Бұл қамырды дайындау үшін желімді массасы орташа құрамдағы ұн пайдаланылады. Себебі мұндай ұн көбінесе көтеріле қоймайды. Қайнатылған қамыр жартылай фабрикатқа арналған қамыр жабысқақ, дегенмен құрамында көп су болу қажет. Қамырды әзірлеу үшін ұнды қайнатып оны жұмыртқамен біріктіру қажет. Мұндай қамырдың негізгі құрамы болып май, тұз, жұмыртқа, ұн болып табылады. Қайнатылған жартылай фабрикат 190-220С температурада 30-35 мин пісіреді. |
Кремдер
...