Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Caramel» кофеханасын ашу бизнес – жоспары

Автор:   •  Апрель 19, 2020  •  Реферат  •  1,523 Слов (7 Страниц)  •  875 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

                                                                               [pic 1]

                                                    [pic 2]

«Caramel» кофеханасын ашу бизнес – жоспары

Тексерген: Курмангалиева Л. А.

Ибитанова К. К.

Будешев Е.

Орындаған: ТПП-31k тобының студенті

 Әмзеева Қызғалдақ

Қарағанды – 2020 жыл

Құқықтық жоспар

Менің ұйымдық құқықтық нысаным - жеке кәсіпкерлік болып табылады. Себебі, менің таңдап отырған бизнес идеяма осы нысан ыңғайлырақ болып табылады. Оларды атап кететін болсақ:

1. ЖК құру рәсімі оңай . ЖШС тіркеу біршама ұзағырақ және қиын. ЖШС тіркеу үшін жарғы талап етіледі, ол 2 тілде: қазақ және орыс тілінде жасалуы тиіс. Жарғыда көрсетілген бизнес жүргізу шарттары өзгерген жағдайда, ХҚКО-ға бару, құжаттарды дайындау, өзгерістер мен т.б. енгізу қажет.

2.ЖК аз салық төлейді, сондай-ақ оның корпоративтік табыс салығы жоқ. Бұдан басқа, жеке кәсіпкерлерде патент бойынша жұмыс істеуге және мәлімделген табысқа сүйене отырып, салық төлеуге мүмкіндік бар. Егер ЖК акцизделетін тауарларды қолданбаса, патент арқылы жұмыс істеген кезде кассалық аппараттарсыз жұмыс істеуге рұқсат бар.

Жалпы белгіленген салық режимі шеңберінде ЖК табыстардан 10% ставка бойынша салық төлеуі тиіс. Ал ЖШС жеке табыс салығын төлемейтініне қарамастан, корпоративтік табыс салығын төлеуге тиіс,оның ставкасы 20%. Сонымен қатар, ЖШС және ЖК-мен жеңілдетілген  декларация бойынша жұмыс істей алады.

3. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік туралы да айтуға болады, яғни жеке кәсіпкерлерге салынатын айыппұл мөлшері заңды тұлғаларға қарағанда әлдеқайда аз.

Қажетті құжаттар:

  • Салықтық өтініш
  • Жеке куәліктің түпнұсқасы (+көшірмесі)
  • Орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі
  • 3,5 х 4,5 см фото -2 дана
  • Жеке кәсіпкерді тіркеу үшін баждың төленгенін растайтын құжат(чек).
  • Тіркеуге кеткен шығындар:
  • Тіркегені үшін баж ЖК Қазақстанда - 2 АЕК. 1 қаңтар 2020 жылы 1 АЕК 2651 теңге.
  • Баж-5302 т

Мақсаты мен міндеттері

Кофе – ХХІ ғасырда сұранысқа ие сусындардың бірі. Көп адамдардың рационына берік енген бұл сусын әсіресе іскерлік ортада танымал. Хош иісті кофенің пайдасы мен кері әсері бар. Мәселен, кофе ой және физикалық еңбектің өнімділігін арттырады, ұйқыдан тұрарда тез сергіткіш қасиетке ие сусын, бұған кофе құрамында кофейн себепші. Сонымен қатар кофе бас сақинасының ұстауын болдыртпай, қатерлі ісіктің алдын алады, ал кофе құрамындағы антиоксиданттар өт жолдарын тастардан қорғайды. Ал кофені шамадан тыс тұтыну жүйке жүйесін әлсіретіп, ағзадан минералдарды айдап, кейбір дәрумендерді «өлтіреді». Дегенмен осындай артықшылықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, кофе көп адамдар үшін ең хош иісті, ең дәмді, ең сергіткіш ыстық сусын болып қала бермек. Уақыт өте келе кофе ішушіле қатары көбеймесе, азайған жоқ. Оған қалалар мен мегаполистердегі кофеханалардың сан алуандығы айқын мысал бола алады. Демек, кофехана ашу – тиімді бизнес болуы мүмкін. Дегенмен осындай артықшылықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, кофе көп адамдар үшін ең хош иісті, ең дәмді, ең сергіткіш ыстық сусын болып қала бермек. Уақыт өте келе кофе ішушіле қатары көбеймесе, азайған жоқ. Оған қалалар мен мегаполистердегі кофеханалардың сан алуандығы айқын мысал бола алады. Демек, кофехана ашу – тиімді бизнес болуы мүмкін.

Жобаның мақсаты:

  1. Бизнесті ашу үшін инвесторлардың көңілін аударту, тарту;
  2. Жобаның пайдалылығы мен рентабелділігін негіздеу;
  3. Қызметтерді одан әрі ұлғайту және кеңейту үшін пайда алу;
  4. Осы қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру.

Мақсатқа жету үшін қойылатын міндеттер:

  1. Қоғамдағы сұранысты талдау;
  2. Бәсекелестікті талдау;
  3. Маркетингтік жоспар құру;
  4. Өндірістік жоспар құру;
  5. Тәуекелдерді талдау.

Өнім (қызмет көрсету)

Кофехана «Карамель» Қарағанды қаласында, Қазыбек ауданы Бухар-Жырау 57/1 мекенжайы бойынша орналасады. Бұл жерде «Pаzl» атты бизнес-орталығы орналасқан. Бұл тұтынушылардың басым бөлігі орталық жұмыскерлері, бизнесмендер болатынын көрсетеді. Бірақ кофехана бірінші қабатта орналасқандықтан, басқа да типті тұтынушыларды қызықтыру мақсатта бар. Кофехана 50 орынды қоғамдық тамақтану орталығы болуына көзделген. Кофехананың жалпы ауданы 100 оның ішінде 8  бухгалтерия, 6 жұмыскерлер бөлмесі, қалғаны қызмет көрсету алаңы болып табылады.[pic 3][pic 4][pic 5]

...

Скачать:   txt (24 Kb)   pdf (261 Kb)   docx (625.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club