Аэрофототүсіріс
Автор: Ақнұр Ермекбай • Февраль 20, 2021 • Творческая работа • 1,850 Слов (8 Страниц) • 736 Просмотры
Қазақсатан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Қарағанды Техникалық университеті
Маркшейдрлік іс және Геодезия кафедрасы
Зертханалық жұмыс
Пәні: Қолданбалы фотограмметрия
Тақырыбы: Аэрофототүсіріс
Орындаған: Ермекбай А.Қ
Тобы: ЦАФ 19-1
Қабылдаған: Рымқұлова А. Б
Қарағанды 2020ж
№1 зертханалық жұмыс.
Аэрофототүсіріс
Аэрофототүсіріс - бұл процесс жергілікті жерді ұшу аппараттарынан (ұшақ, тікұшақ, ғарыш кемесі), фотографиялау үрдісі (оптикалық спектр диапазонының барлық шегінде). Аэрофототүсіріс нәтижесінде жергілікті жердің түсірісін алып, оны сәйкесінше далалық және камералық қосымша толықтырып, фотосхема және фотопланы алынады. Фотосхема — аэрофототүсірістің жалпы контуры және бірлікке келген негізде кескіннің масшабтылығын нақты сақтамай реттелген тобы. Біршама толық дәлдіктегі жергілікті жердің кескіні үшін, жергілікті жердің фотографиялық нақты кескінін беретін фотоплан құрастырылады. Фотоплан - бір масштабқа келтірілген, еңістік бұрышы дұрысталған (трансформатталған) және жалпы негізде реттелген аэрофототүсіріс тобы.Топографиялық түсірісте арнайы бөлім - аэрофототопография. Бұл аэрофототүсіріс материалдары бойынша топографиялық карта құраудың әдісін үйренетін топографияның бір бөлігі. Фотопланды, картаны құру, геодезиялық қабылдау негізінде, аэрофотүсірісті бірлікке келген геодезиялық, нивелирлік торларға бекіту бойынша және аэрофототүсірісті дешифрлеу әдісімен іске асырады. Аэрофототүсіріс, оның ішінде стереоскопиялық, жергілікті жердің топырақтарын зерттеуде үлкен көмек көрсетеді. Фотоплан және фотосхема, мензулалық және тахеометрлік түсірісте планшет ретінде пайдаланылады.Аэрофототүсірісті бірлікке келген масштабқа келтіру үшін, жергілікті жерде геодезиялық аспабтар және нивелирлік торлар пайдаланылады.Жердің бетінің суретін, жердің бетінен белгілі биіктікте ұшып жүрген ұшақтан суретке түсіреді. Ұшақтың жердің бетінен биіктігі сызылатын топографиялық планның масштабына байланысты болады. Суретті ұшаққа орналастырылған, сурет түсіргіш аспаппен (АФА, аэрофотоаппарат) түсіреді. Аспаптың осі жердің бетіне тік сызықпен бағытталады. Жердің бетінің топографиялық планын сызу үшін аумақты, бір бірін көмкеріп тұрған бөлшектерге бөледі, әр бөлшектің суретін жеке түсіреді.Суреттерді ықшамдап, түзетіп бір масштабқа келтіреді. Суреттерді ықшамдау, түзету үшін, жерге бетондалған суреттері бар, анықталатын геодезиялық қазықтарды пайдаланады. Ұшақтан түсірілген суретті пайдаланып, жердің топографиялық планын екі амалмен: аралас немесе стереофотограмметриялық сызуға болады. Топографиялық планды аралас амалмен сызатын болса, жердің жалпы көрінісінің суретін планшетке жапсырып қояды. Далалық жұмыспен жердің бедерін мензуланың көмегімен планшетке сызады. Топографиялық планды екінші амалмен, стереоаппараттарды (стереометр, стереопланиграф, стереопроектор және. т. б.) қолданып сызады.
Жердің топографиялық планын ұшақтан түсірілген суретті пайдаланып сызу үшін, мынандай жұмыстарды орындайды:
1. Аумаққа геодезиялық қазықтарды бекітіп, координаталарын есептеу;
2. Геодезиялық суретте анықталатын, қазықтарды ерекше белгілермен қоршау;
3.
...