Химия теория
Автор: zhetpisbaevdamir • Ноябрь 18, 2021 • Лекция • 2,388 Слов (10 Страниц) • 1,009 Просмотры
ХИМИЯ ТЕОРИЯ
Химиялық құбылыс: Сүттің ашуы, күкірттің жануы
Оқушы химия кабинетінде тәжірбие жасау кезінде байқаусызда қолын сілті ерітіндісін тамызып алды: Сумен жуып, сода ерітіндісімен сүрту керек
Атом-молекулалық ілімнің қағидасы: Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады
Атом: Химиялық жолмен бөлінбейтін бейтарап бөлшек, ядро мен электроннан құралған
Изотоптарда бірдей болады: Ядродағы протондар саны
Массаның атомдық бірлігінің сан мәні: 1,66∙10-27 кг
Молярлық масса: Заттың 1 молінің массасы
Химиялық элемент: Атомдардың белгілі бір түрі
d-элементтер: Қосымша топша металдары, иондану энергиясы аз, қосылыста оң тотығу дәреже көрсетеді
Күрделі заттар: Атомның әр түрінен тұрады
Біртекті қоспа: Зат бөлшектері көзбен немесе микроскоп арқылы көрінбейді
Темір мен ағаш үгінділерін бөлу әдісі: Магнитпен бөлу
Ұсақ құм араласқан өзеннің суын тазарту әдісі: Сүзу
Құмды судан бөлу әдісі: Тұндыру, сүзу
Химиялық формула: Заттың құрамын химиялық таңбалардың және индекстің жәрдемімен шартты жазу
Тұз түзбейтін оксидтер: CO, NO, N2O
Әр түрлі бейметалл атомдары арасында түзілген байланыс: Ковалентті полюсті
Элекртерістілігі бірдей атомдар арасында түзілетін байланыс: Коваленттік полюссіз
Полюсті байланысы ең күшті молекула: НҒ
Электртерістілігі айқын ажыратылатын атомдар арасындағы түзілетін байланыс: Иондық
Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылуы есебінен түзілетін байланыс: Иондық
Металдарда болатын байланыс түрі: Металдық
Металдық байланыс: Металл иондары мен бос электрон газы арасында, иондану энергиясы төмен
Металдық байланысы бар заттарға тән қасиет: Металдық жылтыры бар, электр тогын жақсы өткізетін заттар
Сутекті байланыс: Газдар мен сұйықта, әлсіз, оңай үзіледі, молекулааралық
Атомдық кристаллдық тор түйіндерінде орналасатын бөлшектер: Атомдар
Атомдық кристалл торлы затқа тән: Ұшқыш емес, жоғарғы қаттылық, балқу температурасы жоғары
Молекулалық кристалдық тор түйіндерінде орналасқан бөлшек: Молекулалар
Молекулалық кристалл торлы заттардың ерекшеліктері: Сұйық және газ күйде болады, электр тогын өткізбейді, тор түйіндерінде молекулалар орналасады
Молекулалық кристалдық торлардың түрлері: Гексагональді, кубтық бүйірлі, кубтық көлемді
Кристалл торы молекулалық зат: Азот
Иондық кристалдық торлы қосылыс ерекшелігі: Жақсы ерігіштігі, жоғары балқу температурасы
Химиялық реакциялардың белгілері: Тұнба түзілу, жылудың бөлінуі
Екі күрделі зат арасында құрам бөліктерін алмастыра жүретін реакция: Алмасу
Бір мезгілде тура және кері бағытта жүретін химиялық реакция: Қайтымды реакция
Реакция кезінде реагенттер толығымен өнімдерге айналатын реакция: Қайтымсыз
Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімі: Химиялық кинетика
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін фактор: Катализатор
Катализ: Өршіткі әсерінен реакция жылдамдығының артуы
Химиялық реакцияларды тездететін, бірақ өздері жұмсалмай қалатын заттар: Катализаторлар
Промоторлар: Өздері катализатор емес, бірақ катализатордың әсерін күшейтетін заттар
Сутекті қосып алу реакциясы: Гидрлену
Жылу және жарық бөле жүретін реакциялар аталады: Жылу реакциясы
Энтальпия: Тұрақты қысымда өлшенген реакцияның жылу мөлшері
...