Тест по "Химии"
Автор: Zhan0212 • Ноябрь 14, 2022 • Тест • 16,381 Слов (66 Страниц) • 229 Просмотры
1. Шеткі қанайналым бұл : 1)ірі тамырлардағы қанайналым; 2)резистивті тамырлардағы қанайналым; 3)орын толтырушы тамырлардағы қанайналым; 4)ұсақ артериялардағы, қылтамырлардағы,веналардағы,артериялық-веналық анастомоздардағы қанайналым; 5)диаметрі үлкен және орташа тамырлардағы қанайналым.
2. Шеткі қанайналымның жылдамдығы осы жағдайларда қарқынды болады :1)артериялық-веналық қысымның айырмашылығы өсіп, тамырлар қарсылығы төмендегенде; 2)артериялық-веналық қысымның айырмашылығы көбейіп, тамырлар қарсылығы жоғарлағанда; 3)артериялық-веналық қысым айырмашылығы мен тамырлар қарсылығы төмендегенде; 4)артериялықвеналық қысым айырмашылығы азайып, тамырлар қарсылығы жоғарлағанда;5)артериялық-веналық қысымның айырмашылығы азайып, тамырлар қарсылығы болмағанда.
3. Әр ағзадан өтетін қан ағымының көлемді жылдамдығы анықталады : 1)орталықвеналық қысыммен; 2)қанның реологиялық қасиетімен; 3)осы ағза тамырларындағы артериялық-веналық қысымның айырмашылығымен және тамырлар қарсылығымен;4)тек қана артериялық-веналық қысым айырмашылығымен; 5)тек қана тамырлар қарсылығымен.
4. Қан ағысының көлемдік жылдамдығының (Q) сызықтық жылдамдыққа (V)және барлық қылтамырлық арнаның көлденең кесік көлеміне (S) тәуелділігі келесі формула бойынша анықталады : 1) Q= V/S; 2) Q= VxS; 3) Q= V-S; 4) Q=V+S; 5) Q= S-V.
Артериялық гиперемия
5. Артериялық гиперемия - ол келесі жағдайларда ағзаның қан кернеуі : 1)кеңіген артериолалар арқылы қанның көп келуінен; 2)кеңіген алмасу тамырлары арқылы қанның көп келуінен; 3)жүйелік артериялық қысым жоғарылауынан; 4)ағзалар мен тіндерден қанның шығуы қиындауынан; 5)ағзалар мен тіндерге қанның ағып келуі қиындауынан.
6. Артериялық гиперемия осы заттар әсер еткенде дамиды : 1)ацетилхолин мен гистамин; 2)адреналин мен норадреналин; 3)ренин мен ангиотензин; 4)окситоцин мен вазопрессин; 5)глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар.
7. Артериялық гиперемия кезінде: а) қан ағысының жылдамдығы жоғарылайды; б)веналар тарылады; в) артериялар кеңиді; г) қылтамырлар ішінде қысым өседі;д) қызмет атқаратын қылтамырлар саны өседі; е) тіннің тығыздығы азаяды : 1)а,б,в,е; 2)а,б,г,д; 3)а,в,г,д; 4)в,г,е; 5)б,г.
8. Лимфа шығарылуы жоғарылайды : 1)артериялық гиперемияда; 2)веналықгиперемияда; 3)ишемияда; 4)стазда; 5)тромбозда.
9. Артериялық гиперемия кезіндегі тіндердегі зат алмасу : 1)қан ағысының жылдамдығына байланысты; 2)вазоконстиркторлы заттардың мөлшеріне байланысты;3)күшейеді; 4)азаяды; 5)өзгермейді.
10. Артериялық гиперемия кезінде ағзаның қызыл түсті болуы түсіндіріледі :1)қанның оттегілік сыйымдылығы азаюымен; 2)қанда метгемоглобин азаюымен; 3)қан ағысы баяулауымен; 4)оксигемоглобин жоғарылауымен; 5)дезоксигемоглобин жоғарылауымен.
11. Артериялық гиперемия кезінде тіннің температурасы осы себептерден жоғарылайды : 1)тотығу үрдістері күшеюінен; 2)қалпына келген гемоглобин мөлшері өсуінен; 3)анаэробты гликолиз күшеюінен; 4)оксигемоглобин мөлшері азаюынан;5)артериялық қанның ағып келуі азаюынан.
12. Физиологиялық артериялық гиперемияға жатады: а) нейропаралитикалық артериялық гиперемия; б) нейротониялық артериялық гиперемия; в)метаболизмдік артериялық гиперемия; г) жұмыстық гиперемия; д) реактивті гиперемия : 1)а,б,в,д; 2)а,в,д; 3)а,г,д; 4)б,в; 5)а,д.
13. Қызметі көтерілуінен байланысты ағзадағы қанағыстың ұлғаюы байқалады:1)дерттік артериялық гиперемияда; 2)нейрогендікк артериялық гиперемияда;3)метаболизмдік артериялық гиперемияда; 4)жұмыстық артериялық гиперемияда;5)реактивті артериялық гиперемияда.
...