Тест по "Химии"
Автор: 87473295069 • Март 2, 2021 • Тест • 5,514 Слов (23 Страниц) • 713 Просмотры
1нұсқа
1.Элементтер –
A – атомдардан құралады B – химиялық реакциялар арқылы түзілмейді
C – жай заттарға бөлінбейді D – тек химиялық реакциялар арқылы түзіледі
2. Химиялық қосылыста қанша элемент болу керек?
A – бір B – бірден артық
C – екі. D – екіден артық
3.. Әртүрлі элементтер саны ... түрлерінің санына тең
A – атом B – қосылыс C – молекула D – ядро
4. Егер зат қыздырылғанда, түссіз газ бен қара түсті қатты затқа ыдыраса, ол ... болуы мүмкін емес
A – қоспа B – қосылыс C – таза зат D – элемент
5. Қосылыстағы атомдар
A – әдетте 1:2 қатынасында болады
B – әрдайым 1:1 қатынасында болады C – әдетте 2:1 қатынасында болады
D – әрдайым тұрақты қатынаста болады
6. Судағы сутегінің 2 атомы әрдайым ... байланысқан
A – оттегінің 1 атомымен B – оттегінің 2 атомымен C – хлордың 2 атомымен
D – натрийдің 1 атомымен
7.Жер бетінде кездесетін элементтер саны
A – 82 B – 92 C – 102 D – 112
8.Химиялық қосылыста қанша элемент болу керек?
A – бір
B – бірден артық
C – екі
D – екіден артық
9. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
А) NaF, CaF2,KCL.
В) N2, Na2S, HF
С) K2 SO4, O2
D) Na2 SO4 , HF , O2
10. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігі айқын айырмашылық бар элемент атомдары Б) электртерістігі бірдей С) электртерістігінде айырмашылық аз.
D – екеуінің де сыртқы қабаттары электронға толы
2 тапсырма: 5 г алюминий, оттегімен өзара әрекеттесіп, 9,44 г алюминий оксидін құрайды. Алюминийдің эквиваленттік массасын және оның валенттілігін табыңыз. Алюминий оксидінің химиялық формуласын анықтаңыз.
2 нұсқа
1.Ион – ... бар бөлшек
A – ядросы. B – нейтроны C – протоны D – заряды
2. Иондық байланыс, әдетте қандай элементтер арасында болады?
A – екі металл элементтері B – металл және бейметалл элементтері
C – екі бейметалл элементтері D – периодтық кестеде бір топта орналасқан элементтер
3.Натрий ионының тұрақты болу себебі –
A – барлық қабаттары электронға толы B – заряды оң
C – протон саны мен электрон саны тең D – нейтрон саны мен протон саны тең
4. Натрий хлориді өзін құрайтын натрий және хлор элементтері сияқты қауіпті емес, себебі
A – натрий және хлор иондарының зарядтары тең әрі қарама-қарсы
B – натрий иондарының саны хлор иондарының санына тең
C – натрий және хлор атомдары тұрақты иондарға айналған
D – натрий иондары хлор иондарымен байланысқан
5. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
A – металл атомы оң ион түзу үшін электрондарын жоғалтады
B – бейметалл атомы теріс ион түзу үшін электрондар қосып алады
C – металл атомында, әдетте, 1 немесе 2 сыртқы электрон болады
D – металл атомында, әдетте, 1 немесе 2 сыртқы электрон болады
6.Натрий атомы хлор атомымен әрекеттескенде,
A – электрон натрий атомынан хлор атомына қарай қозғалады
B – электрон хлор атомынан натрий атомына қарай қозғалады
C – натрий атомы хлор атомымен электронын бөліседі
D – натрий атомы хлор атомымен қос электронын бөліседі
7. Натрий ионының электрондық конфигурациясы
A – [2,8]+ B – [2,8,1]+ C – [2,8,8]+. D – [2,8,8,1]+
8. Хлор ионы теріс зарядталған, себебі ондағы
A – протондар нейтрондардан көп B – электрондар протондардан көп
C – нейтрондар протондардан көп. D – электрондар протондардан көп
...