Тест по "Коллоидной химии"
Автор: camila.z • Май 23, 2022 • Тест • 814 Слов (4 Страниц) • 314 Просмотры
Страница 1 из 4
- Сфералық бөлшектердің диаметрін 2 есе үлкейтсе, олардың меншікті беттік аудан қалай өзгереді? 2 есе кемиді
- Зольдер мен суспензиялардың айырмашылығы неде? Дисперстік фаза бөлшектерінің размерінде (өлшемінде)
- Түтін бөлшектерінің диаметрі d=40 нм. Олардың дисперстілігі қандай? 0,025 нм-1
- Дисперстік жүйелердің сандық концентрациясы деп нені айтады? Бірлік көлеміндегі дисперстік фаза бөлшектерінің санын
- Температураның артуымен беттік керілу қалай өзгереді? Кемиді
- Сынап тамшыларының дисперстілігі 1 мкм-1, беттік керілуі 0,475 Дж\м2. Сынап тамшысындағы капиллярлық қысымды анықтаңыз. 9,5*105 Па
- БАЗ ерітіндісі үшін dδ/dc <0 шарты орындалса, БАЗ-ң беттегі концентрациясы қалай өзгереді? Артады
- Катионды беттік-активті затты көрсетіңіз CH3CH2NH2Cl
- Суға қатысты беттік-инактивті затты көрсетіңіз H2SO4
- Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес беттік активтілігі ең төмен затты көрсетіңіз. Қаныққан қышқылдардың құрамындағы көмірсутек радикалдарының ұзындығы өзара мынадай қатынаста: R5COOH
- Г = Г∞ Ас/(1+Ас) Ленгмюр теңдеуіндегі Г ∞ тұрақтысының физикалық мәні қандай? Адсорбцияның максимал мәнi
- Г = Г∞Ас/(1+Ас) Ленгмюр теңдеуіндегі А тұрақтысының физикалық мәні кандай? Адсорбциялық қабiлеттiлiк
- Органикалық спирттер мен қышқылдардың гомологтық қатарлары үшін ∆сигма=Aln(Bc+1) Шишковский теңдеуіндегі А және В тұрақтылары қалай өзгереді? В 3-3,5 есе артады, А өзгермейді
- Сұйықтық-газ шекарасындағы изомай қышқылы молекуласының ауданын есептеңіз: 0,31 нм2
- Температураның және газ қысымының артуымен физикалық адсорбция қалай өзгереді? Температураның артуымен кемиді, қысымның артуымен артады
- Қатты беттегі адсобрцияның өлшем бірлігі қандай болуы мүмкін?
моль\г - Кiрнелер мен жүзгіндердің айырмашылығы неде? дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемінде
- Эмульсия деп нені айтады? екi сұйық фазадан тұратын дисперстік жүйелерді
- Беттік керілудің дұрыс анықтамасын беріңіз ол жаңа беттің бірлігін түзуге кеткен жұмыс
- Беттік керілу заттың табиғатына қандай тәуелдiлiкте болады? молекулалардың (иондардың) полярлығы өскен сайын артады
- Температура (Т) беттік керілуге қалай әсер етеді? Т артқанда беттік керілу азаяды
- Адсорбция дегеніміз не? адсорбция - заттың концентрациясының фазалардың бөліну шекарасында өзгеруі
- БАЗ молекуласының ұзындығын адсорбция нәтижелері бойынша анықтауға бола ма? иә, егер шектiк адсорбция және адсорбтивтiң тығыздығы белгілі болса
- Адсорбциялық қабаттағы БАЗ молекуласының алатын ауданын анықтауға бола ма? иә, егер шектiк адсорбция белгiлi болса
- Капиллярлық қысым дегеніміз не? қисық және жазық беттердің қысымдарының айырмашылығы
- Гидрофильдiк бетті гидрофобтық бетке қалай өзгертуге болады? сулы ортадан БАЗ-дың мономолекулалық қабатын қондыру арқылы
- Қатты дене бетiнiң жұққыштығын қалай өзгертуге болады? БАЗ-ды адсорбциялау арқылы
- Адсорбция изотермиясы деп нені айтады? Температура тұрақты болғанда (T=const) адсорбциясының сорбент сұйық болғанда концентрацияға, сорбент газ болғанда қысымға тәуелділігін көрсететін қисықтарды адсорбция изотермиясы деп айтады: Г=f(С) немесе Г=f(Р)
- А, В және С заттарының салыстырмалы диэлектрлік өткізгіштіктері төмендегідей делік. Қандай жағдайда С заты А және В заттарының арасындағы фазааралық бөлу бетіне адсорбцияланады? ε(А) = 8; ε (В) = 13; ε (С) = 11
- Төмендегі реакция бойынша натрий сульфатының артық мөлшерінде барий сульфатының гидрозолі алынды. Қай ион потенциал анықтағыш болады? 𝐵𝑎𝑁𝑂3+𝑁𝑎2𝑆𝑂4=𝐵𝑎𝑆𝑂4+2𝑁𝑎𝑁𝑂3 𝑆𝑂2−4
- Төменде келтірілген қатарларда катиондардың адсорбциялық қабілеттіліктерін дұрыс көрсететін қай қатар? 𝐴𝑙3+>𝐵𝑎2+>𝐶𝑎2+>𝐾+>𝑁𝑎+
- Мына иондардың қайсылары теріс зарядталған AgCl золіне потенциаланықтағыш бола алады? 𝐶𝑙−; 𝐵𝑟−; 𝐶𝑁𝑆−; 𝐶𝑟2𝑂72-
- «Коллигативті» қасиеттер дегеніміз не?
Заттың құрамымен емес, көлем бірліктердің (бөлшектер, молекулалар, атомдар, иондар және т.б.) санымен анықталатын қасиеттер
- Осмостық қысым қай ерітінділерде аз болады: шын ерітінділерде ме, әлде коллоидтық ерітінділерде ме? Неге? Коллоидтық ерітінділерде аз, себебі олардың бөлшектік концентрациясы шын ерітінділерден аз
- ЖМҚ ерітінділеріне қарағанда золдердегі жарық шашырауының үлкен қарқындылығы (жүйенің бірдей параметрлерінде) неге байланысты? Золдер үшiн дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның сыну көрсеткіштерінің айырмашылығы үлкен
- Нефелометрия мен турбидиметрияның айырмашылығы қандай? Нефелометрияда жарықтың шашырау қарқындылығы, турбидиметрияда - оптикалық тығыздық өлшенеді
- Дисперсиялық ортаға қатысты дисперстік фазаның механикалық қозғалысымен қандай электркинетикалық құбылыс анықталады?
Шөгу потенциалы
- БАЗ молекуласындағы көмірсутекті радикалдың ұзаруымен мицелла түзудің критикалық концентрациясы қалай өзгереді? Кемиді
- БАЗ ерітіндісіне этил спиртін қосса, мицелла түзудің критикалық концентрациясы қалай өзгереді? Кемиді
- БАЗ молекуласындағы көмірсутекті радикалдың ұзаруымен Крафт нүктесі қалай өзгереді? Артады
- БАЗ ерітіндісіне электролит қосса, МТКК мен Крафт нүктесі қалай өзгереді? МТКК азаяды, Крафт нүктесі артады
- БАЗ молекуласының көмірсутекті тізбегіне қос байланыс енгізсе, МТКК мен Крафт нүктесі қалай өзгереді? Екеуі де азаяды
- Дисперстік жүйеге электр өрісін туғызғанда қандай электркинетикалық құбылыстар байқалады? электрфорез және электросмос
- 8 мл 0,01 моль/л AgNО3-ке 5 мл 0,05 моль/л КI қосып AgI кірнесі алынған. Осы AgI золь бөлшектерінің таңбасы қандай? теріс зарядталған
- Электросмос негізіне не жатады? капиллярлар мен кеуекті денелердегі электр өрісінің әсерінен сұйықтықтың қозғалуы;
- Электркинетикалық потенциал дегеніміз не? фазалардың сырғу (жылжу) жазықтығына сәйкес келетін потенциал
- Бірінші текті электркинетикалық құбылыстар дегеніміз не? Оларға қандай құбылыстар жатады? Электр өрісінің әсерінен дисперстік жүйелердегі фазалар бөлшектерінің қозғалысы
- Екінші текті электркинетикалық құбылыстар дегеніміз не?Олар қандай құбылыстарға жатады? Дисперстік жүйелердегі фазалар бөлшектерінің қозғалысының нәтижесінде потенциал айырымының пайда болуы. Оларға ағу потенциалы,шөгу потенциалы жатады.
- Қандай жағдайларда ҚЭҚ-тың құрылысы Гельмгольц-Перрен теориясына сәйкес келеді? электролиттердің концентрлі ерітінділерінде
- Гуй-Чепмен теориясында қандай күштер есепке алынады?
электростатикалық және диффузиялық
...
Доступно только на Essays.club