Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сілтілік металдары

Автор:   •  Апрель 4, 2023  •  Реферат  •  660 Слов (3 Страниц)  •  284 Просмотры

Страница 1 из 3

№7 зертханалық жұмыс.

Сілтілік металдары

Сілтілік металдар. Бірінші топтың элементтерін сілтілік металдар деп атайды,өйткені ертеде бұл металдар белгісіз кезде натрий мен калийдің гидроксидтері белгілі болатын,оларды сол кезде "сілті" деп атайтын. Бертін келе сол сілтілерді балқытып, электролиздеп натрий мен калийді жеке бөліп алған. Натрий мен калий сілтіден алынғандықтан сілтілік металл деп аталған, одан кейін бұларға ұқсас басқа металдар алынды. Сілтілік металдардың сыртқы жалғыз электроны ядродан қашық орналасқандықтан, оның ядроға тартылуы нашар болады. Сондықтан сілтілік металдар валенттік электрондарын оңай беріп, оң зарядталған иондарға айналады. Олар ең активті металдар болып саналады. Металдардың реттік нөмері өсіп, радиусы ұзарған сайын электрон бергіштігі, металдық қасиеті, активтігі күшейеді.

Сілтілік металдармен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек, олар сумен, қышқылдармен өте шабытты әрекеттеседі. Сондықтан металды аз мөлшерде алу қажет. Олардың қалдықтарын тәжірибеден кейін кристалдағыштағы суға салып, жою керек.

Жұмыстың мақсаты: Сілтілік металдардың — литийдің, натрийдің және калийдің негізгі қасиеттерімен танысу.

Құрал-жабдықтар: Штатив, пробиркалар, бәкі, спирт шам, сіріңке, сүзгі қағаз, тамызғыш, қызыл және көк түсті лакмус қағазы не лакмус пен фенолфталеиннің ерітінділері.

Реактивтер: Металдық литий, натрий, калий, натрий және калий хлоридтерінің құрғақ тұздары, азот қышқыл натрий, калий тұздары (құрғақ және ерітінді күйінде).

1–тәжірибе. Натрий мен калийдің физикалық қасиеттері. Ауада тез тотығатындықтан натрий мен калийді керосиннің ішінде сақтайды. Натрий мен калий күміс түстес жылтыр, жұмсақ металдар. Осы айтылған физикалық қасиетімен танысу үшін мынадай тәжірибе жасаңдар.Тәжірибені тек натриймен жасасаңдар да болады. Натрийді керосиннен алып, сүзгі қағаздың арасына салып құрғатыңдар. Диаметрі 5 – 7 мм, ұзындығы 10-14 см шамасындай шыны түтік алыңдар. Тазартылған натрийді таза қағазға салып, үстінен шыны түтікті бұрай отырып басыңдар. Натрийді шыны таяқшамен сырғытып, түтіктің ортасына апарыңдар. Түтіктің екінші жағынан басқа түтік сұғып, екі жағынан итеріп қысыңдар. Осындай етіп тығыз қысылған натрийдің түтіктегі бөлігі шынының қабырғасынан жылтырап жақсы көрінеді. Оны осылай ұзақ сақтауға болады, себебі шынының ішкі керегесіндегі натрий ауамен жанаса алмайды. Ал ауамен жанасатын екі жағы тотыға бастайды. Екі шеткі беті де тотықпас үшін балауызды (парафин) балқытып құйып, бекітіп тастаған жөн.

2 – тәжірибе. Калий және натрийдің оңай балқығыштығы. Калий мен натрий 100°C төмен температурада балқиды. Калийдің балқу температурасы +63,5°C , ал натрийдің балқу температурасы

+98°C. Бұлардың осы қасиетін көру үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Құрғақ пробиркаға бір түйір калий салып, ала қайнатылған стакандағы ыстық суға пробирканы батырыңдар. Калийдің балқығанына назар аударыңдар.

3 – тәжірибе. Натрий және калийдің сумен әрекеттесуі.

a) пробирканың жартысына дейін су құйып, темір штативке тік етіп бекітіңдер. Одан кейін керосиннен бір түйір алып, құрғатып, пробиркадағы суға салыңдар. Пробирканың бетін құйғыштың кең жағымен жабыңдар. Натрий сумен өте аз әрекеттесетіндіктен, ол домалақ шар тәрізді түйірге айналып, балқып кетеді де, су бетінде қозғалып, соңында «суға сіңіп жоқ болады» . Кейде натрий пробирканың қабырғасына жабысып қалып, от алып жануы мүмкін. Натрийдің сумен реакцияласуы нәтижесінде сутегі бөлінеді, оны құйғыштың аузынан жағып көруге болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (73.1 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club