Организмнің энергия шығындарын есептеу әдістемесі
Автор: Ақмарал Қиянбек • Сентябрь 10, 2024 • Практическая работа • 823 Слов (4 Страниц) • 40 Просмотры
[pic 1][pic 2]
Орындаған: Қиянбек Ақмарал Қабылдаған: Аманкелді Ақбота Нурлыбекқызы
2 Сабақ
«Организмнің энергия шығындарын есептеу әдістемесі».
Бақыланатын адамның хронометраждық жазбасын жүргізуге арналған сауалнама
1. Т.А.Ә.: Қиянбек Ақмарал
2. Жынысы: қыз
3. Туған күні, айы, жылы: 25.12.2005 ж.
4. Жасы: 17
5. Мамандығы: жалпы медицина
6. Дене салмағы (кг): 60 кг
7. Бойы (см): 160 см
8. ДСИ (дене салмағының индексі): 23 (қалыпты дене салмағы)
9. Базальды метаболизм (БМ): 1424,484
10. Тексеру күні: 08.10.23 ж.
Дене салмағының индексі
Дене салмағының индексі (ДСИ немесе Кетле индексі) – дене салмағы мен адамның бойы арасындағы сәйкестікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
ДСИ-ді есептеу үшін бойы мен салмақ өлшемін білу қажет.
Дене салмағы индексін өлшеу формуласы: ДСИ = САЛМАҚ(кг) /[ БОЙ(м)]2
Мысалы:
Салмағы – 60 кг,
Бойы – 160 см
ДСИ=60/1,60х1,60= 23
ДСИ бойынша дене салмағының түрлері (ДДСҰ,1997ж.)
Дене салмағының түрлері | ДСИ | Қатар жүретін аурулардың даму қаупі |
Дене салмағының жетіспеушілігі | <18,5 | Төмен |
Қалыпты дене салмағы | 18,5-24,9 | Қалыпты |
Артық дене салмағы (семіздікалды) | 25,0-29,9 | Жоғары |
I дәрежелі семіздік | 30,0-34,9 | Жоғары |
IІ дәрежелі семіздік | 35-39,9 | Өте жоғары |
IІІ дәрежелі семіздік | >40,0 | Аса жоғары дәрежеде |
№3 сабақ
№3 сабақ
"Тәуліктік энергия шығынын есептеу"
Біріншіден, базалды метаболизм деңгейін есептеу керек. Бұл көрсеткіш көптеген факторларға байланысты екені түсінікті: жынысы, жасы және т. б.
Энергия қажеттіліктерін есептеудің бірнеше формулалары бар. Есептеуге Харрис-Бенедикт формуласы қолданылады; ол базалды метаболизм (BM) және белсенді метаболизм есептеулеріне негізделген.
Бұл есептеулердің жынысына, жасына, бойына, салмағына және күнделікті физикалық белсенділік деңгейіне байланысты негізделгенін көрсетеді.
Әйелдер үшін базалды метаболизм:
БМ=447,593+(9,247×60 кг)+(3,098×160 см)–(4,330× 17)=1424,484
Келесі есептеулер физикалық белсенділік коэффициентін (ФБК) анықтауға байланысты. Сіздің қандай өмір салтын ұстанатыныңызға байланысты сәйкес коэффициент таңдалады:
- отырықшы өмір салты немесе орташа белсенділік (аптасына 1-3 рет болатын жеңіл жүктемелер немесе дене жаттығулары) - 1,4-1,69;
- орташа-белсенді өмір салты (аптасына 3-5 рет болатын жеңіл жүктемелер немесе дене жаттығулары) – 1,70–1,99;
- белсенді өмір салты (аптасына 6-7 рет болатын жеңіл жүктемелер немесе дене жаттығулары) – 2,0–2,4.
Екі мәнді көбейту арқылы калория мөлшері есептеледі:
БМ (базалды метаболизм) × ФБК (физикалық белсенділік коэффициенті).
1424,484*1.5=2136,726 ккал
Мысалы: Харрис – Бенедикт формуласына жүгінсек, жасы 17, салмағы 60, бойы 160 болатын әйелдің базалды зат алмасуы 1424,484 ккал тең. Егер ол орташа-белсенді өмір салтын ұстанса, ФБК 1,5 құрайды. Екі мәнді көбейтсек, күніне 2136,726 ккал шығады. Осы көрсеткішті ұстанса, әйел 60 кг-дық салмағын ұстай алады.
Салмақ тастау үшін, соңғы есептеуге тең болған мәннен, тәулігіне 500-1000 ккал аз тұтыну қажет. Салмақты қалыпты түрде ұстау үшін алынған калория мөлшеріне тең тамақтану керек.
№4 Сабақ
«Макронутриенттерге қажеттілікті есептеу»
«Қоректік заттар мен биологиялық белсенді заттарға жеке қажеттілікті есептеу»
Күнделікті энергия шығынының мөлшерін біле отырып, тағамдық заттарға деген қажеттілікті анықтауға болады. Нәруыздарды, майларды, көмірсуларды, интегралды дәрумендер мен минералдарды қанша тұтыну керектігін есептеу керек. Бұл жағдайда 1 грамм нәруыздар мен көмірсулар 4,0 ккал, 1 грамм май – 9 ккал (энергия коэффициенттері) беретіндігін ескеру қажет. Тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес нәруыздар есебінен шамамен 12%, майлар – 30%, көмірсу – 58% тәуліктік калория мөлшері қанағаттандырылуы тиіс.
...