Парадигма
Автор: aibolseed • Февраль 20, 2023 • Реферат • 266 Слов (2 Страниц) • 136 Просмотры
Қонысбай Еділ ХИ
Парадигма тақырыбына тапсырма
Химия – жаратылыстанудың маңызды және кең зерттеу бағытының бірі, заттарды зерттейтін ғылым. Химия заттардың құрамы мен құрылымын, олардың қасиеттерін, бір-біріне әсер етуін, зерттейді және осы қасиеттерінің бағынатын заңдар мен заңдылықтардан тұрады. Барлық заттар химиялық байланыстар арқылы молекулалар құра алатын атомдардан тұратындықтан, химия, ең алдымен, жоғарыда аталған мәселелерді атом-молекулалық деңгейде қарастырумен айналысады.
Қазіргі кезде еліміз даму барысында. Дамыған мемлекеттерден химия ғылымының жетістіктерінен елімізге қажетті білім алуға ұмтылу керек. Жастарды шет елдерге білім алуға көптеген білім алу бағдарламалары бар ол жақсы. Бірақ елімізде жұмыс орындарының тапшылығы және инвестицияның ғылымға бағытталмауы кедергі. Елімізде ғылымды дамыту ең алдымен адамдардың қызығушылығы мен мемелекеттің ғылымға бөлетін қаржысына байланысты. Білім алу бала кезден басталады. Кішкентай балаларды мектеп жасынан ғылымға уйретіп, қызығушылықтарын ашу қажет. Тек оқу мен есеп шығарудан бөлек, химиялық реакцияларды көрсетіп оларды түсіндіріп қызығушылықтарын арттырса болады. Ол үшін әр мектепте химиялық және басқада ғылымдардың тәжірибе жасайтын лабараториялары керек және оларға реагенттер аппараттар қажет. Мектептен кейінгі білім алу орны ол жоғарғы оқу орны (университет). ЖОО-дағы химия бағытындағы бакалавр және магистратура студенттері дисертациясын жазу барысында керек аппараттар және керек реагенттердің тапшылығы қызығушылықты студенттердің ғылымға деген қызығушылықтарын құртады. Қызығып оқимын деген студенттер көп, бірақ оларға арналған жағдай болмағандықтан, іште жатырған таланттар таныла алмай отыр. Шет елдегі ғылыммен теңесу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс:
...