Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнайды өңдеудің термиялық процестері. Термиялық процестердің механизмі

Автор:   •  Май 13, 2025  •  Практическая работа  •  1,242 Слов (5 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

БӨЖ

 

Тақырыбы: Мұнайды өңдеудің термиялық процестері. Термиялық процестердің механизмі

Орындаған: 6В05301-Химия 301-топ студенті Абдурасилова Асиям

Қабылдаған: Балқашбай Ш.Ж

                                               

Алматы, 2025 жыл

          Жоспар

I  Кіріспе

ІI Негізгі бөлім

2.1 Термиялық крекинг

2.2 Пиролиз

2.3 Термиялық процестің механизмі

ІІІ  Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

                 

I Кіріспе          

Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталды. Қазіргі уақытта республикада үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады. Оларға: Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады, олардың жалпы қуаты жылына 19,4 млн. тоннаны құрайды.

Мұнайдан отын алумен қатар, қазіргі кезде мұнайды көптеген тұрмыстық заттар алуда бастапқы зат ретінде қолданады. Онымен өндірістің арнаулы саласы мұнай-химия өнеркəсібі айналысады. Химиялық өнеркəсіпте мұнайды дұрыс қолдану арқылы көптеген заттарды мұнайдан жетілдірілген процестер арқылы бөле отырып, алынған заттарды фармацевтика, бояу, машина жасау, авиация, жеңіл өнеркəсіп жəне тағы басқа бірқатар салаларда пайдаланылады. Мұнай өңдеу барысында біріншілік жəне екіншілік процестерді жүзеге асырады. Біріншілік процестерді мұнай өңдеудің алғашқы процестері ретінде қолданады. Бұл процестер дайын тауарлы мұнай өнімдерін алу үшін жеткіліксіз процестер болып табылады. Сондықтан сапалы дайын мұнай өнімдерін алу үшін термиялық, термокаталитикалық жəне гидрогенизациялау процестерін қолданады. Термиялық процестер жоғары температурада өтеді. Олардың қатарына:

1. термиялық крекинг жəне висбрекинг;

2. кокстеу;

3. пиролиз;

4. техникалық көміртек өндірісі жатады [1].

II. Негізгі бөлім

2.1 Термиялық крекинг

Термиялық крекинг процесі өнеркәсіпте 1912 жылдан бастап қолданылып келеді. Бастапқыда бұл процесс автомобиль бензинін алу үшін пайдаланылған. Алайда мотор отынына қойылатын сапа талаптарының артуына байланысты 1960-жылдары бұл әдіс каталитикалық крекингпен толықтай ығыстырылды. Қазіргі уақытта ауыр мұнай қалдықтарын термиялық крекингтен өткізу арқылы вакуумды газойль (термогазойль) немесе тұтқырлығы төмен қазандық отыны (мазут — крекинг-қалдық) алынады.

Термиялық крекингтің әртүрлі схемалары бар. Оның қазандық отынының тұтқырлығын төмендетуге бағытталған түрі әлемдік тәжірибеде «висбрекинг» (жеңіл крекинг) деп аталады. Бұл процесс 450–480 °C температурада, 2–5 МПа қысымда жүргізіледі. Бұл кезде тұрақсыз күкіртті қосылыстар (күкіртсутек, сульфидтер, дисульфидтер) ішінара жойылады. Шикізат ретінде мұнай қалдықтары – жартылай гудрондар, гудрондар, асфальттар, экстракттар, каталитикалық крекингтің ауыр газойльдері қолданылады. Висбрекингтің негізгі өнімдеріне: көмірсутекті газ, крекинг-бензин, керосин-газойль фракциясы, термогазойль және крекинг-қалдық жатады. Төменде термиялық крекинг процесінде (шикізат – гудрон мен каталитикалық газойль қоспасы) алынатын өнімдердің шығымы көрсетілген. I – крекинг-қалдықты, II – термогазойльді көп шығару жағдайы:

Өнім

I (%)

II (%)

Көмірсутекті газ

2,5

9,0

Стабилизация басы

3,4

3,0

Крекинг-бензин

14,2

25,0

Керосин-газойль фракциясы

3,9

Термогазойль

22,0

Крекинг-қалдық

74,4

39,0

Жоғалту

1,6

2,0

Термиялық крекинг газы негізінен C1–C3 көмірсутектерінен тұрады және қанықпаған көмірсутектерге бай. Бұл газ мұнайхимиялық шикізат немесе отын ретінде қолданылады.

Крекинг-бензин құрамында алкендер көп болғандықтан, химиялық тұрақтылығы төмен. Онда күкіртті және азотты қосылыстар кездеседі, ал моторлық әдіспен анықталған октан саны төмен (60–66). Сондықтан оны мотор отынының компоненті ретінде қолдану үшін алдын ала гидротазарту және риформинг қажет.Керосин-газойль фракциясы (200–350 °C) флоттық мазуттың құнды компоненті болып табылады. Гидротазартудан кейін оны дизель отынына компонент ретінде де қолдануға болады.Термогазойль (>350 °C) каталитикалық крекингтің (гидрокрекингтің) және техникалық көміртек өндірісінің шикізаты болып табылады.

...

Скачать:   txt (18.5 Kb)   pdf (228.6 Kb)   docx (42.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club