Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Монокальцийфосфатын алудың химизмі

Автор:   •  Сентябрь 29, 2018  •  Реферат  •  2,577 Слов (11 Страниц)  •  520 Просмотры

Страница 1 из 11

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                                                                                                                            

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Монокальцийфосфатын алудың химизмі

1.2 Монокальцийфосфатының (МКФ) өндірісі.

1.3 Жемдік фосфат - монокалийфосфаты

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                                          

КІРІСПЕ

        Монокальцийфосфаты (MКФ) (Ca(Н2РО4)2) - ұсақ түйіршікті ақ немесе сұр ұнтақ, суда жақсы ериді, орташа гигроскоптылығы бар. Арнайы дайындалған экстракцияциялық фосфор қышқылынан және кальцит шикізатынан өндіріледі.

        Монокалций фосфаты үй жануарлары мен құстар үшін азықтандыруда қоспа ретінде пайдаланылады. Монокалций фосфатымен толықтырылған азықпен жануарлар сүйек тіні мен онтогенезінің қалыптасуына, жануардың қызметін жақсартуға, зат алмасуды жақсартуға, жүйке, иммундық және репродуктивтік жүйелердің жұмысын жақсартуға, олардың өнімділігін арттыруға көмектесетін кальций мен фосфор алады. Бұл композицияның минералды қоспалары шөпті азықтандыру үшін арнайы ұсынылады.

        1.1 Монокальцийфосфатын алудың химизмі

        Монокальцийфосфат (молекулалық массасы 252), бұл – ортофосфор қышқылының кальций тұзы. Мұнда кальций бір сутектің орнын басады. Сусыз түрдегі таза монокальцийфосфат Са(Н2РО4)2 құрамында 60,65% Р2О5 және 23,96% СаО, ал моногидратта Са(Н2РО4)2 . Н2О – 56,31% Р2О5 және 22,25% СаО болады. МЕСТ 23999-80 бойынша 1-ші және 2-ші сортты жемдік монокальцийфосфат құрамында 0,4%-ды тұз қышқылында еритін 55% және 50% аз емес Р2О5 болуы керек. Екі сорттың да өнімінде кальций мөлшері 18%; фтор - 0,2%; мышьяк - 0,006%; қорғасын - 0,002%; су - 4,0%-дан көп болмау керек. 0,01 М сулы ерітіндісін рН 3-тен төмен болмауы керек.

[pic 1]                 [pic 2]

        Әдетте жемдік монокальцийфосфатты қос суперфосфатты фторсыздандырғанда алады. Қос суперфосфат фосфатты шикізат пен фосфор қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:

Са5(РО4)3F + 7Н3РО4 + 5Н2O = 5Са(Н2РО4)2.  Н2О + НF + 132,3 кДж.

Фосфаттың ыдырауы нәтижесінде түзілетін фторсутек, қышқылда еритін силикаттардың ыдырау нәтижесінде түзілетін кремний қышқылымен әрекеттеседі:

4НF + H2SiO3 = SiF4 + 3H2O,                   SiF4 + 2HF = H2SiF6.

Кремнийфторлысутектік қышқыл аз еритін кальцийдің кремнефторидтарына айналады:

H2SiF6 + Са2+  СаSiF6 + 2H+     немесе    H2SiF6 + Са2+  СаF + SiF4 + 2H+.

Кремнийдің тетрафториды газтәрізді күйде бөлінеді. Оның бөліну дәрежесі температураның жоғарлауымен және сұйық фазадағы Р2О5-нің концентрациясының көбеюімен өседі.

Карбонаттар фосфор қышқылымен ыдырайды:

(Са, Мg)СO3 + 2Н3РO4 = (Сa, Мg)(Н2РО4)2. Н2О + СО2.

Құрамында темір мен алюминий қосылыстары бар минерал-қоспалар ыдырағанда жартылай оксидтердің орта фосфаттары түзіледі:

(Fе, Аl)2O3 + 2Н3РO4 + Н2О  = 2(Fе, Аl)РО4. 2О.

Монокальцийфосфатты қыздыру кезінде әртүрлі аморфты және кристалды фазалардың түзілуімен қатар өтетін процестер жақсы зерттелді.

...

Скачать:   txt (28.6 Kb)   pdf (367.5 Kb)   docx (963.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club