Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Химии"

Автор:   •  Декабрь 1, 2022  •  Контрольная работа  •  1,909 Слов (8 Страниц)  •  241 Просмотры

Страница 1 из 8
  1. І топтың қосымша топша элементтері(Cu,Ag,Au). Элементтер атомдарына жалпы сипаттама беріңіз. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз. Осы элементтердің қасиеттерің салыстырыңыз.

Бұл металдардың барлығы да ауыр металдар, табиғатта бос күйінде кездесетіндіктен ерте заманнан белгілі. Элементтердің ядро  зарядтарының өсуіне байланысты мыстан күміске дейін олардың атомдарының да, иондарының да радиустары өседі, соған сəйкес иондану энергиялары кемиді. Осы элементтердің ішінде химиялық жағынан ең тұрақтысы – алтын. Үшеуінің де сыртында 1е болғандықтан бір валентті, бірақ сыртынан екінші 18 е-ды қабат жаңа толған, әрі қалыптасып тұрақты күйге келмегендіктен кей d электрондарын химиялық байланыс түзуге бере алады. Сондықтан олардың тотығу дәрежелері: Сu пен Ag +1, +2, ал Au +1 және +3.

Мыс топша элементтерінің қасиеттері

Cu

Ag

Au

Тығыздығы, г/см3

9,0

10,5

19,3

Қаттылығы (алмаз -10)

3,0

2,7

2,5

Электрөткізгіштігі

57

59

40

Жылуөткізгіштігі

51

57

39

Балқу температурасы, 0С

1085

962

1064

Қайнау температурасы, 0С

2880

2160

2850

Металдардың кернеу қатарында Сu, Ag, Au сутектен кейін тұр, электрондық потенциалдары оң шама. Сондықтан сумен, тотықтырғыш емес қышқылдармен бос металдар әрекеттеспейді. Бірақ мыс пен күміс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесіп, ерітіндіде Сu (ІІ), Ag (І) түзіледі.

Сu + 2Н2SO4конц  СuSO4 + SO2 +2Н2О

2Ag + 2Н2SO4конц  Ag2SO4 + SO2 + 2Н2О

 2Au + 6Н2SO4конц  Au2(SO4)3 + 3SO2 + 6Н2О

 Мыс топшасындағы металдар - аз активті металдар. Олар оңайлықпен тотықпайды және керісінше олардың иондары тез тотықсызданады. Олар суда ерімейді, гидроксидтері салыстырмалы түрде әлсіз негіздер.

Күміс нитратына сілтімен әсер еткенде күміс (І) гидроксиді түзіледі, түзілген күміс (І) гидроксиді тұрақсыз болғандықтан тез арада күміс (І) оксидіне айрылады:

AgNO3 + NаОHNаОН + АgOН

2АgOН → Ag2О + H2O

  1. Мыс, күміс, алтын. Осы металдардың табиғатта таралуын сипаттаңыз. Алыну әдістерін көрсетіңіз. Зертханада және өндірісте алыну реакцияларының және электролиз әдісінің теңдеуін құрып қорытыңыз.

Мыс табиғатта таза және қосылыс түрінде кездеседі. Мыстың өндірісте қажеттілігі халькопирит CuFeS2 немесе мыс колчеданы халькозин Cu2S және борнит Cu5FeS4 сияқты түрінде қолданылады. Сонымен бірге мыстың басқа да минералдары ковеллин CuS,  куприт Cu2O,  азурит Cu3(CO3)2(OH)2, малахит Cu2CO3(OH)2 түрінде кездеседі.Мыс кейде таза түрінде де кездеседі. Кейбір жерлерде 400 тоннаға дейін анықталған. Жер қыртысындағы күміс пен алтынның массалық үлесі 1·10-5 жəне 5·10-7%-ды құрайды. Күміс Ag аргентин Ag2S минералының құрамында жəне бос күйінде кездеседі. Алтын Au табиғатта негізінен бос күйінде кездеседі.

Бос күйіндегі күмісті жəне алтынды бос жыныстардан бөліп алу үшін сумен шаю, сынапта еріту əдістері қолданылады. Бірақ бұл əдістерді қолданғанда алтын толық бөлінбейді. Сондықтан алтынды бос жыныстан бөліп алу үшін циан қышқылы тұздарының ерітіндісінде оттек арқылы тотықтырып, ерітіндіге ауыстырады да, одан кейін ерітіндіге мырыш ұнтақтарын қосу арқылы алтынды бөліп алады:

4Au + O2 + 8NaCN + H2O = 4Na[Au(CN)2] + 4NaOH

Цианидтерде күмістің сульфидті кендерін де ерітуге болады:

Ag2S + 4NаСN = 2Nа[Ag(CN)2] + Nа2S

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (126.4 Kb)   docx (565.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club