Диенді көмірсутектер
Автор: moonda01 • Сентябрь 16, 2020 • Лабораторная работа • 423 Слов (2 Страниц) • 408 Просмотры
№5 лабораториялық жұмыс.
Тақырыбы: Диенді көмірсутектер.
Мақсаты: Алкадиендердің химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын зерттеу.
Жұмысқа қажетті химиялық ыдыстар мен реактивтер: полиэтилен түйірлері немесе қиындылары, концентрациялы күкірт қышқылы, 2% KMnO4 ерітіндісі, 10% Na2CO3 ерітіндісі, бром суы, Вьюрц колбасы, пробиркалар, түтікшелер, колба, қыздырғыш, фарфор табақша, резина қиындылары, Pb(NO3)2 ерітіндісі, каучук түйірлері, сүзгі қағаз.
Жұмыстың жүргізілу барысы:
1 тәжірибе – Полиэтиленнен этилен алу.
Вьюрц колбасына полиэтилен түйірлерін немесе қиындыларын салып, концентрациялы күкірт қышқылын құяды. Қышқылдың деңгейі полиэтилен қабатынан аздап жоғары болу керек. Алдын-ала бірінші пробиркаға 2 мл 2% KMnO4 ерітіндісін және 0,5 мл 10% Na2CO3 ерітіндісін, екінші пробиркаға 2 мл 2% KMnO4 ерітіндісін және 1-2 тамшы концентрациялы Na2CO3 ерітіндісін, үшінші пробиркаға 2 мл бром суын құяды.
Вьюрц колбасын жалында немесе колба қыздырғышта қыздырады.
Түзілген этиленді бірінші, екінші және үшінші пробиркалар арқылы өткізеді.
Пробиркаларда қандай өзгерістер байқалады? Жүретін реакция теңдеуін жазындар.
2 тәжірибе – Каучуктың қанықпағандық сипаты (Тартпа шкафта!).
а) Каучуктың броммен реакциясы. Пробиркаға 2 мл каучуктың бензолдағы ерітіндісін құяды, үстіне тамшылатып бромның хлороформдағы ерітіндісін қосады. Пробирканы үнемі шайқап тұрады. Бромның түссізденуі каучуктың қанықпаған қосылыс екендігін көрсетеді.
ә) Каучуктың калий перманганатымен реакциясы. Пробиркаға 1 мл каучук ерітіндісін және 1 мл KMnO4 ерітіндісін құйып, шайқайды. KMnO4 күлгін түсі жойылып, қоңыр тұнба түзіледі.
...