Аналитикалык химия
Автор: Dastin_boy • Июнь 12, 2018 • Реферат • 20,343 Слов (82 Страниц) • 1,028 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
ОЖ жөніндегі проректор
т.ғ.к. Жақсыбаева Г.Ш.
____________________
«___» __________ 201_ж.
«Аналитикалық химия» пәні бойынша
дәрістер курсы
Теміртау, 2017
Құрастырған: Калдыбаева Айгуль Кудайбергеновна – «Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты ________________
Жұмыстық оқу бағдарламасы кафедра отырысында қарастырылған және бекітілген
Хаттама № ____ «____» ___________ 201_ ж.
Кафедра меңгерушісі ________________
________________
Факультет деканы _________________
__________________
МАЗМҰНЫ
1 | тақырып | Аналитикалық химияға кіріспе | 3 |
2 | тақырып | Гомогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік. Буферлік ертінділер ................................................................................... | 8 |
3 | тақырып | Гетерогенді жүелердегі тепе-теңдік......................................... | 16 |
4 | тақырып | Комплекс түзу, гидролиз, тотығу-тотықсыздану реакцияларының химиялық тепе-теңдігі ................................ | 20 |
5 | тақырып | Гравиметриялық анализ ............................................................ | 26 |
6 | тақырып | Титриметриялық анализ............................................................ | 32 |
7 | тақырып | Фотоколориметриялық анализ ................................................. | 38 |
8 | тақырып | Потенциометриялық анализ ..................................................... | 45 |
Глоссарий............................................................................................................... | 51 |
Тақырып 1 – Аналитикалық химияға кіріспе
Мақсат: | Аналитикалық химияның мәні мен міндеттерін, құрамды бөліктерін, анализ әдістерінің түрлерін білу. Катиондардың, аниондардың аналитикалық топтарға жіктелуімен, аналитикалық реакциялардың сезімталдығымен, катиондар қоспасын жүйелеп және бөлшектеп анализдеу әдістерімен танысу. | |
Жоспар: | 1 | Аналитикалық химия пәні және оның міндеттері. |
2 | Аналитикалық химияның құрамды бөліктері мен әдістері. | |
3 | Аналитикалық реакциялар, аналитикалық реактивтер. | |
4 | Катиондар мен аниондарды жіктеу түрлері | |
5 | Аналитикалық реакцияларды анық жүргізу шарттары. | |
6 | Жүйелеп және бөлшектеп анализдеу әдістері. |
Аналитикалық химия – химиялық анализдің әдістерін және теориялық негіздерін қарастыратын ғылым. Аналитикалық химия екі бөліктен тұрады:
- Сапалық анализ; Сандық анализ.
Белгісіз заттың ең бірінші сапасы (қандай зат екені) анықталады, сонан кейін заттың мөлшері анықталады. Химиялық заттар бейорганикалық және органикалық болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес химиялық анализде бейорганикалық анализ және органикалық анализ болып екіге бөлінеді.
...