Тұрақты токтың электр тiзбектерi
Автор: 87776126636 • Апрель 11, 2022 • Контрольная работа • 2,123 Слов (9 Страниц) • 271 Просмотры
1-лекциялық дәрiс. Кiрiспе.Тұрақты токтың электр тiзбектерi .
1. Электр энергиясы: ерекшелiктерi және оның қоршаған ортаға әсерi.
2. Қазақстандағы электроэнергетиканың жағдайы және оның болашағы.
3. Электротехника пәнiнiң мақсаттары мен мазмұны.
4. Әдебиет.
1. Тұрақты токтың электр тiзбектерi: негiзгi түсiнiктер.
Қазіргі кезде адамның барлық материалдық және рухани қажеті - үй-жайы,киім-кешегі,тамағы, көлігі, байланыс және жол-қатынас, кино, теледидар т.б. құрал-жабдықтары электр энергиясын пайдалану және қолдану арқылы өндіріледі, іске асырылады. Электр энергиясы адамзат қолданымындағы басқа энергия түрлерімен салыстырғанда әмбебап энергия болып отыр. Өйткені электр энергиясын басқа энергияларды түрлендіру арқылы оңай алуға, аса көп шығынсыз алыс жерлерге жеткізуге және тұтынушылар арасында оңай таратуға болады. Электр энергиясын пайдалану электрлік және магниттік құбылыстардың нәтижесінде жүзеге асатын жаңа технологиялық үрдістерді туғызады. Мысалы, материалдарды токпен өңдеу, электромагниттік әдістермен қазындыларды байыту, ауаны улы газдардан және шаңнан тазарту т.б. Электромагниттік құбылыстар медицинада әр түрлі ауруларды емдеуде де кеңінен қолданылады: электрофорез, электрлік уқалау, төмен және жоғары жиілікті токтармен әсер ету, т.с.с. Көптеген технологиялық үрдістер өте аз уақыттың ішінде, үлкен қысым мен жоғары температурада жүретіндіктен оларды бақылап және басқарып отыру автоматтық аспаптар мен қондырғыларға жүктеледі. Ал автоматтық бақылау мен басқарудың өзі электрлік немесе электромагниттік сигналдарды жіберіп және оларды қабылдау арқылы орындалады.
Адамзат өмірінде электр энергиясының кеңінен қолданылуы оны көптеп өндіруді қажет етеді. Мысалы, 1992 жылы Жер жүзінде 12026,7 млрд.кВт.сағ электр энергиясы өндірілсе, 2004 жылы Қазақстанда 67,4 млрд.кВт.сағ, ал 2005 жылы 70,0 млрд.кВт.сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Тұтынылған электр энергиясының шамамен 64,9%-ы өнеркәсіп пен құрылыста, 4,6 %-ы ауыл шаруашылығында, 3,2%-ы көлікте, 14,8%-ы басқа салалар мен тұрмыстық қажеттер үшін пайдаланылды, 12,5%-ы шығындалды.
Электр энергиясы негізінен әртүрлі органикалық отынның (көмір, мұнай, газ т.б.) жанған кезде бөліп шығаратын жылу энергиясын, күннің, судың, желдің, радиоактивті элементтердің атомдарының ыдырау, жер астының ыстық суының, химиялық реакциялардың, органикалық заттардың ыдырау (шіру) энергиясын түрлендіру арқылы алынады. Органикалық отынның жердегі қоры мөлшерлі болғандықтан жылу электр стансаларын пайдаланудың болашағы кемшін де, ал отынды жағу кезінде
газ бен канцерогенді күйе бөлінетіндіктен және көп күл қалатындықтан қоршаған ортаға, адам өміріне өте зиянды.
Су электр стансалары басқа электр стансаларына қарағанда қосымша қаражатты көп керек қылмайтын, пайдалануға оңай және экологиялық таза құрылыс болып есептеледі. Бірақ құрылықтағы су энергетикасының қоры аз болғандықтан, қажетті электр энергиясын тек қана су электр стансаларында алу мүмкін емес. Оның үстіне су электр стансаларының тоғандары ауыл шаруашылығына жарамды үлкен аудандарды алып жатады және балық шаруашылығына едәуір зиянын тигізеді.
Қауіп-қатерлігіне қарамастан жақын болашақта электр энергиясы атом электр стансаларында өндірілетін болады деп болжаулануда. Өйткені органикалық отын, әсіресе мұнай, таусылса оның орнын басатын басқа энергияның көзі әзірше табыла қоймай отыр. Егер атом реакторларының пайдалану қауіпсіздігі мен сенімді жұмыс жасау мүмкіндігі арттырылса, атом стансалары экология тұрғысынан қарағанда таза да, ал экономика жағынан тиімді: егер қуаты 2,4 млн.кВт атом электр стансасына тәулігіне 11 кг уран керек болса, қуаты дәл осындай жылу электр стансасына 18000 тонна көмір керек. Атом электр стансаларының даму практикасы да осы тұжырымды растайды. Мысалы, Францияда электр энергиясының шамамен 70%-ы, Германияда 30%-ы, ал Жапонияда 25%-ы атом электр стансаларында өндіріледі.
...