Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қозғалыс қауіпсіздігіне қалтқысыз қызмет

Автор:   •  Июнь 12, 2019  •  Статья  •  520 Слов (3 Страниц)  •  573 Просмотры

Страница 1 из 3

Қозғалыс қауіпсіздігіне қалтқысыз қызмет

         Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде вагондардың жарамдылығын қалтқысыз күзетіп отыратын вагон шаруашылығы мамандарының, атап айтқанда вагон қараушы-жөндеушілердің еңбегі зор.

         Сондай қызметті атқаратын Маңғыстау вагон пайдалану депосының 29 теміржолшысы осы жылдың өткен 5 айында салдары ауыр болуы мүмкін апатты оқиғалардың алдын алды. Олардың ішінде 8 адам «Қазақстан теміржолы» ҰК»АҚ басшылығы атынан марапатқа ие болса, қалған 21 вагоншының марапаты қазіргі таңда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ деңгейінде қаралу үстінде.                 

        Депо директоры Сәрсенбай Есенқұловтың айтуынша, жүк және жолаушылар вагондарынан табылуы қиын ақаулар вагон қараушылардың өз қызметтік міндеттерін орындау барысында вагон қарау тәртібін дұрыс орындап, аса мұқият болуларының арқасында анықталуда.

         Қауіпсіздікті нығайта түсу үшін ақауларды анықтауда, жарамсыз вагондардың жүрісіне жол бермеу үшін вагон шаруашылығында сонымен қатар түрлі айлық шаралар өткізіліп отырады. Мәселен, сондай 4 айлық шара былтыр желтоқсаннан басталып, биыл сәуір айына дейін жалғасқан еді. «Бүйір рамасын бақылау» деп аталған шара барысында ВЧД-33 мамандары 10 вагон ақауын тапты. Соның үшеуі бүйір рамасына,  КВЗ-И2 арбасына, ЦМВ-ға қатысты болды. Айлық кезінде еңбегімен ерекшеленген жұмысшылар материалдары «ҚТЖ-ЖТ» АҚ-ға «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісін ұсыну бойынша жолданды.

       Вагондарға техникалық қызмет көрсету барысында сонымен қатар оларды Техникалық қызмет көрсету қосынына тиеуге беру кезінде арбалардың құйылған бөлшектері ерекше мұқият қаралады, әсіресе, тозуға төзімді элементтердің орнатылған тұстары, R-55 радиуста «А» аймағынан «Б» аймағына өтуге толық көңіл бөлініп тексеріледі.

           Биыл жыл басынан бері депо бойынша 583506 жүк және                                   63578 жолаушылар пойызы жүріп өтіпті. Тиеуге 8813 жабық вагон, 159 платформа, 6033 ашық вагон, 3507 басқа да вагондар берілген. Бейнеу телімінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан сол жақтағы техникалық қызмет көрсету қосыны жұмысшылары ТО-3 көлемінде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар аталған телімде көлемді ағымды ағытып жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, бес ай ішінде ААЖ-ден 193 вагон өткен, оның ішінде 33-і жабық вагон, үшеуі платформа, 53-і ашық вагон, 19-ы цистерна болса, қалғандары 85 вагон.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (54.2 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club