Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технология спирта

Автор:   •  Август 27, 2018  •  Реферат  •  3,745 Слов (15 Страниц)  •  835 Просмотры

Страница 1 из 15

КІРІСПЕ

Спирт технологиясы – бұл этил спиртіне шикізаттың әр түрлі түрлерін өңдеу әдістері мен үрдістері туралы ғылым.

Қазіргі номенклатура бойынша спирт технологиясы биотехнологияға жатады. Спиртті алудың негізгі үрдістері – биологиялық катализаторларыдң әсерімен (ферменттердің) крахмалды қантқа, қантты этил спиртіне айналдыру. Крахмалды қантқа дейін гидролиздеу ферменттері зең саңырауқұлақтарымен және бактериялармен, ал қанттарды спиртке айналдыру үшін – ашытқылармен өндірілетіндіктен, спирт технологиясы техникалық микробиологиямен тығыз байланысқан.

Этил спирті- негізгі шикізат, ол кеңінен қолданылады. Тамақ өнеркәсібі – бұл спиртті басты тұтынушы: спиртті ликерлі-арақ өнімдерін, жеміс-жидекті шараптарды, шарапматериалдарын күштілендіру және жүзім шараптарын купаждау үшін, сірке қышқылы өндірісінде, тамақ хош иістендіргіштерін және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру кезінде қолданады. Микробиологиялық және медецина өнеркәсібінде спирт дақылдық ортадан фермент препараттарын немесе қатты фазалы дақылдан экстрактіні тұндыру үшін, дәрумендерді және дезинфекциялау құралы және емдік экстрактілерді індет жұқтыруын және бұзылуын болдырмас үшін зат ретінде басқа препараттар мен дәрілерді алу үшін қажет. Спирттің аз мөлшері химиялық, машина-құрылыстық, автокөлік және өнеркәсіптің басқа салаларында, сондай-ақ, мал дәрігерлікте және фармокопеде қолданылады.

Осылай, спирттік өнеркәсіп бір жағынан, халық шаруашылығының көптеген саласымен, оларға сипрт шикізат, негізгі және қосалқы материал ретінде қажет, екінші жағынан – ауыл шаруашылықпен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылықтан өсімдік шикізатын ала отырып және одан, мелассадан аса құнды емес – көмірсуларды бөліп ала отырып, спирттік өнеркәсіп ауыл шаруашылыққа ақуызды дәруменделген жемдерін қайтарып береді. Спирттік өнеркәсіп, ақаулы дәндерді және картопты сапасы жақсы өнімдерге айналдыра алатын жалғыз сала болып табылады.

Спирттік өндіріс ірі техникалық дамыған салалардың бірі болып табылады. Картоп түйіршіктерін пісірудің, пісірілген массасны қайнатудың және оны вакуумды салқындату, сусланы ағынмен ашытудың үздіксіз технологиялық үрдістері кеңінен меңгерілген. Ашытқыларды рециркуляциялау және оны уытты ферментті препаратпен толық алмастырумен біріктірумен үздіксіз спирттік ашу енгізілген.

Спирт технологиясы жоғары қазіргі ғылыми-техникалық деңгейден өтер алдында дамудың ұзақ жолын өтті, оны құруда және жүзеге асыруда атақты ғалымдар және көптеген елдердің инженерлері, соның ішінде отандықтар да ат салысты.

Спирт өндірісінде уыт және микроорганизм  ферменттерітереңінен зерттелінген, олардың әсер ету механизмі Д. Н. Климовскидің, В. И. Родзевич, С. А. Коновалов, Б. А. Устинников, В. Л. Яровенко зерттеулерінің крахмалын гидролиздеу кезіндегі ролі айқындалған. А. В. Фениксованың және С. П. Колосковтың басшылығымен беттік культивирлеудің әдістері мен аппаратуралары, В. В. Вяткинмен, В. Л. Яровенкомен - зең саңырауқұлақтары – амилолитикалық фермент продуценттерін тереңірек культивирлеу әдістері жасалынған.

Ресейде 1814 ж К.С.Кирхгофпен ашылған уытпен крахмалды қанттау, крахмалдың гидролизденуіне, яғни ферментативті катализдің негіз бастамасын берді. Кешірек АүИү Ходнев осы негізде субстрат пен катализатор арасында аралық қосудың түзілуінің теориясын және катализатордың ерекше физикалық күйінің теориясын дамытты.

Қазіргі таңда спирттік өнеркісіпті дамыту, шикізатты дайындаудың және алынатын спирттің өткізілуінің нарықтық жағдайына келісіліп жасалуы керек. Бұл шарттар спирттік зауыттарды астықты және картопты өндіру орындарына, яғни фермерлік және кооперативтік ауыл шаруашылыққа жақындатуға бағыттайды. Ең алдымен спирттік зауыттарды, аймақта өсірілетін шикізатпен қамтамасыз ету қажет, малшаруашылығында төпті пайдалану мәселесін және ағындарды өңдеуді шешу қажет.

...

Скачать:   txt (48.5 Kb)   pdf (282.1 Kb)   docx (25.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club