Отчет по практике в Ақсу ферроқорытпа зауыты- Еуразиялық Топтың (ERG)
Автор: pokemon • Июнь 3, 2019 • Отчет по практике • 3,775 Слов (16 Страниц) • 684 Просмотры
КІРІСПЕ
Ең алғашқы электр машинасы тұрақты токтың қозғалтқышы Б.С. Якобидің электр қозғалтқышы (1838 ж.) болды. Бүгінгі таңда мамандандырылған электр машиналарының көптеген түрлері жасалуда, мысалы, тұрақты токтың энергиясын айнымалы ток энергиясына түрлендіретін машиналар немесе керісінше, автоматты реттеу жүйелеріндегі өлшеу, санау - есептеу құрылғыларында датчик есебіндегі микромашиналар және т.б. Электр машиналары электр техникада және электр энергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерінің құрылымын, жалғау сұлбаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады. Электр машиналар түрлері: трансформаторлар, айнымалы ток машиналары, тұрақты ток машиналары, асинхронды машиналар, синхронды машиналар, олар қозғалтқыштар мен генераторлардың құрылысы мен жасайтын жұмысын қарастырады. Электр энергетика электр машиналарын жасауда басты орын алатын саланың бірі, оны өндірісте, транспортта, авиацияда, автоматты басқару және реттеу саласында және құрылыста, механикалық энергияны электр энергиясына немесе керісінше, электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданылады. Тұрақты токтың электр машиналары өзінің қолданылуы саласына қарай механикалық энергияны кернеуі тұрақты болатын электр энергиясына түрлендіретін электр генераторлары және тұрақты токтың электр энергиясын түрлендіретін электр қозғалтқыштары деп бөлінеді. Бұл механикалық энергия іс - жүзінде, өндірісте қандай да болмасын орындаушы механизмдерді (станокты, лебедканы, трамвай, троллейбустың, электр поездың және т.б.) іске қосу үшін қызмет етеді.
1 тарау. АҚСУ ФЕРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ - "КАЗХРОМ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ақсу ферроқорытпа зауыты- Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін "Қазхром "Трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы(1995 жылға дейін — "КОКП XXIII съезі атындағы Ермак ферроқорытпа зауыты") — хром, кремний және марганец қорытпаларын өндіру жөніндегі металлургиялық кәсіпорын.
1962 жылдан ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік нысандарының құрылысы басталды. 1968 жылдың қаңтар айында зауытта ферроқорытпалардың бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылдың шілде айында № 2 цехтың 8 балқыту пештерінің іске қосылуы аяқталды. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры болып Петр Топильский тағайындалды. 1995 жылы кәсіпорын "Қазхром "Трансұлттық компаниясының құрамына кірді. ENRC тарихы, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК АҚ электр станциясын жекешелендіру процесінің сипаттамасы Ақсу туралы кітабында ішінара көрсетілген: "Олигархтар көктемі. Басқыншылық"
1986 жылы АФЗ ФС-45 балқыту маркасының сапасы әлемдегі кереметтің бірі саналып, арнайы диплом алды. 1988 жылы шығарылған ферроқорытпа бойынша сертификат, ал 1994 жылдың наурызында халықаралық алмаз жұлдызымен балқыту сапасы үшін марапатталды.
Зауыт басшылары
Василий Боровиченко — 1960 жылдың 27 маусымынан бастап ( құрылыс директоры)
Топильский, Пётр Васильевич — 1968 жылдың қыркүйегінен
Кулинич, Владимир Иванович — 1980 жылдың 4 наурызынан бастап
Донской, Семён Аронович — 1981 жылдан бастап
Мухин, Юрий Игнатьевич — басшының бірінші ізбасары
Дюсембай Дуйсенов — 1995 жылдың 15 наурызынан 1995 жылдың 24 мамыры
Мухамеджан Турдахунов — 1995 жылдың 24 мамырынан 1995 жылдың 20 желтоқсаны
Святов, Болат Аманжолович — 1997 жылдан бастап 2002 жылдың ақпанына дейін
Головачёв, Николай Петрович — 2002 жылдың ақпанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін
Есенжулов, Арман Бекетович — 2008—2014
Прокопьев, Сергей Леонидович — 2014 жылдан бастап
Ақсу ферроқорытпа зауытының еңбекті ұйымдастыру және жұмыс қауіпсіздігінің тәсілдері
Үйден тыс жерлерде де электр электр энергиясын пайдаланады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда электр жарақатының үштен біріне жуығы адамдардың салбырап тұрған немесе үзілген өткізгішке жанасуынан болады. Үзілген немесе салбырап тұрған өткізгішке жанасу, сондай-ақ желіден үзіліп жерге түскен өткізгішке 5-8 метрдей жақындаудың да қауіпті екендігін есте сақтаған жөн. Егер электр сымы үйдің шатырына тиетін болса, өзің жөндеуге әрекет етуге болмайды. Мұндайда дерек электрмонтерді шақырып, ол келгенше қауіпті участкіге күзеи қойған жөн. Электр берілісінің аспалы желісінің үстіне ешқандай құрылыс салуға, матермалдар қоюға, радио мен телевизиялық антенналар орнатуға болмайды.
...