ҚКЖ жобалау объектін суреттеу
Автор: AbilkhairKhndkh • Март 3, 2022 • Лабораторная работа • 375 Слов (2 Страниц) • 201 Просмотры
Зертханалық жұмыс № 2
Тақырып: ҚКЖ жобалау объектін суреттеу
Қысқаша теориялық мәліметтер
ҚКЖ-н жобалаудың бастапқы кезеңі үшін негізгі кіріс деректер болып келесілер табылады: пішіні, қабаттылығы, сәулеттік, жоспарлық және басқа ерекшеліктері, сонымен қатар ғимарат немесе ғимараттар кешеніңін, және тағы қоршаған ауланың геометриялық сипаттамалары.
Жобалау объектті сипаттау мысалы
Құрылымдастырылған кабельдік жүйе 4-қабаттық офистік ғимаратта орнатылады, оның әрбір қабатындағы бөлмелердің орналасу тәртібі бірдей. Бөлмелердің биіктігі 3,5 метр, ал қабат арасындағы төсеніштің қалындығы 50 см құрайды.
Құрылатын ҚКЖ ЛЕЖ жабдығының және офистік ғимараттың телефондық желісінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Кабельдік жүйені пайдаланатын ұйымның құрылымынан, бірнеше типтік есептерді шығару барысында, тұтынушы ЛЕЖ-ң жұмысы ақпараттың біршама үлкен көлемдерін өндеу және тасымалдаумен байланысты екенін анғаруға болады.
Дәліздер және жұмыс бөлмелерінде пайдаланушыларды орналастыру үшін бос кеңістік биіктігі 80 см ілінбелі төбелерді орнату ойластырылған. Алдамшы төбенің (фальштөбе, фальшпоптолок) үстінде әртүрлі кабельдерді жүргізу үшін қолданылатын қораптарды орналастыратындай жеткілікті бос орын бар. Бөлмелерді бір-бірінен бөлетін ғимараттың қабырғалары және ішкі тұрақты емес шектемелер кәдімгі кірпіштен жасалған және қалындығы 1 см құрайтын қара балшық қабатымен қарталған. Ғимараттың құрылыс жобасымен еден және қабырғаларда кабельдерді төсеу үшін қолдануға келетін басқа қандай да болмасын қосымша арналар қарастырылмаған.
Ғимараттың әрбір қабатында (сурет 1) пайдаланушыларды орналастыру үшін арналған 18 жұмыс бөлмелері бар. Бұл бөлмелердің ауданы кесте 1 келтірілген.
Кесте 1. Жобаланатын ҚКЖ-е ақпараттық розеткаларды (АР) орналастыру үшін арналған бөлмелер
Бөлменің нөмірі, бөлмені қолдану нышаны | Ауданы, м | Жұмыс орындарының саны (бір жұмыс орнына 5 шаршы метр деп есптейміз) |
Х12 | 9.9 | 2 |
Х13 | 12.2 | 2 |
Х14 | 35.3 | 7 |
Х15 | 32,7 | 6 |
Х16 | 12,2 | 2 |
XI7 | 10.5 | 2 |
Х18 | 21,3 | 4 |
Х19 | 10.6 | 2 |
Х20 | 19.5 | 4 |
Х21 | 19,5 | 4 |
Х22 | 46,5 | 9 |
Х23 | 18.0 | 5 |
Х24 | 46,5 | 9 |
Х25 | 11.7 | 2 |
Х26 | 20,2 | 4 |
Х27 | 20.1 | 4 |
Х28 Аппараттық | 12 | 2 |
Х29 | 20.1 | 4 |
Х30 | 12.6 | 2 |
Барлығы | 379,4 | 76 |
...