Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жартылай өткізгішті диодтардың сипаттамаларын зерттеу

Автор:   •  Март 11, 2019  •  Реферат  •  685 Слов (3 Страниц)  •  1,242 Просмотры

Страница 1 из 3

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы

«Электроника және робототехника» кафедрасы

№1 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жартылай өткізгішті диодтардың сипаттамаларын зерттеу

Мамандығы: Автоматтандыру және басқару                      Тобы: АУк-17-3

Орындаған: Қозмет Н.Е.

Қабылдаған: Тасмұрат А. З.

    _________        _____________   «_____»  _____________ 201__ж.

                 (бағасы)           (қолы)

Алматы 2019

Кіріспе

Жартылай өткізгішті диод – бұл, бір түзеткіш электрлік өтуі және екі шығысы бар, түрлі электрлі-тесікті р-n–өту қолданылатын, жартылай өткізгішті аспап.

 Диодтарда рn–өту жартылай өткізгіш кристалдың р- және n–өтудің бөлгіші электрлік өту түзеткіші ретінде қолданылады (

Р және n–өту аудандарына металдық шығыстар пісіріледі немесе дәнекерлейді және бүкіл жүйе металдық, металлокерамикалық, шыны немесе пластмассалық корпусқа кіреді.

Ең көп қоспа концентрациясы бар жартылай өткізгіш кристалл ауданының бірі, яғни тасымалдағыш зарядтарының бірін эмиттер деп атайды. Ал басқа, кішірек концентрациясы бар қоспа, база.

Диодтарды тағайындалуы, материал, конструктивтік орындалуы, қуаттылығы және басқа белгілер бойынша айырады.

Жасалған кезде оларды технологиялық үдерістерге орай нүктелік диодтар, ерітінді және микроерітінді, диффузионды база, эпитаксиалды және басқа етіп айырады.

Зертханалық жұмыс PU-2000 типті стендісінде, EB-111 ауыстырмалы баспа платасын қолданып жүргізілді. EB-111 ауыстырмалы баспа платасы түзеткіш диоды пен кернеу тұрақтандырғыш стабилитронның жұмысқа қабілеттіктерін зерттеп, олардың вольт-амперлік сипаттамаларын өлшеп графигін тұрғызу арналған. Сонымен қатар бұл стенд қарапайым түзеткіш пен параметрлік кернеу тұрақтандырғыштың схемаларын зерттеуге мүмкіндік береді. Зертханалық стендтің құрамына төмендегі құрылғылар мен құралдар кіреді:

  • PU-2000 типті стенд;
  • EB-111ауыстырмалы баспа платасы;
  • DL-20 коммутациялық және жалғағыш сымдар жиыны;
  • Цифрлық вольт-омметрі (мультиметр) - 2 дана;
  • HPS-10 – типті осциллограф.

Негізгі бөлім

Түзеткіш диодының вольт-амперлік сипаттамасын өлшеп графигін тұрғызамыз. Ол үшін:

а) EB-111 ауыстырмалы баспа  платасында түзеткіші диодының вольтамперлік сипаттамасының зерттеу схемасының орналасқан жерін табамыз;

ә) 1.1, ә - суретте көрсеткендей схеманы жинаймыз, вольтметр ретінде диодқа бақылау ұяшықтары арқылы  параллель түрде бір мультиметрді жалғап, ал екіншісін - амперметр ретінде диодқа бақылау ұяшықтары арқылы  тізбекті жалғаймыз.

б) PU-2000 стендін тораптық қорек көзіне қосамыз. Ол үшін сөндіргішті (тумблер) торап көзіне қосқанда  – «1» деген  жағдайда болуы тиіс;

в) PS-1  қорек көзінің шығысындағы кернеуді реттеу тұтқасының көмегімен өзгерте отырып, диодтың бойындағы Uтура кернеуінің шамасын

1.1-кестедегі мәндерге сәйкес енгізе отырып, мультиметрдің көмегімен U2 кернеудің мәндерін өлшеп және Iтура токтың  мәндерән 1.1-кестесіне еңгіземіз.

г) PU-2000  стендісін тораптық қоректендіру көзінен ажыратамыз.  Ол үшін қосқышты(тумблер) желілік көзде   «0»  жағдайында болуы тиіс.

д) 1.2, ә - суретінде көрсетілгендей  PS-1 қорек көзін PS-2 қорек көзіне ауыстырып, қосамыз.

ж) PU-2000  стендісін тораптық қорек көзіне қосамыз. Ол үшін қосқышты(тумблер) тораптық қоректендіру көзде  «1»  жағдайында болуы тиіс.

з) PS-2 қорек көзінің шығысындағы кернеуді реттеу тұтқасының көмегімен өзгерте отырып, диодтың бойындағы Uкері кернеуінің шамасын

1.2-кестедегі мәндерге сәйкес енгізе отырып, мультиметрдің көмегімен Iкері токтың мәндерін өлшеп 1.2-кестесіне енгізіеміз.

Кері токты Iкері дәл өлшеу үшін мультиметр жоғары сезімталда болуы тиіс.

и) PU-2000  стендісін тораптық қорек көзінен ажыратыңыз. Ол үшін қосқышты(тумблер) тораптық қорек көзінде «0» жағдайында болуы тиіс.

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (401.3 Kb)   docx (446.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club