Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жyйенiн баfдарламалык кyралдарын жобалау

Автор:   •  Июнь 27, 2023  •  Отчет по практике  •  5,965 Слов (24 Страниц)  •  133 Просмотры

Страница 1 из 24

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

  1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

5

  1. Пәндік аймақтарды талдау

5

  1. Жүйенің балама және прототиптерін зерттеу

11

  1. Есептің қойылымы

17

  1. ЖҮЙЕНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖОБАЛАУ

18

  1. Жобаланған жүйені қалыпты түрде суреттеу

18

  1. Ақпараттық қауіпіздікті қамтамасыз ету әдісі және құралдары

22

ҚОРЫТЫНДЫ

26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

27


КІРІСПЕ

Бізді қоршаған әлемдегі ақпараттар ағымы өте көп. Уақытқа байланысты олар көбейіп отырады. Сондықтан кез-келген үлкен және шағын ұйымдардың алдында ең тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оның мағлұматтарын басқаруды ұйымдастыру мәселесі тұрады. Кейбір ұйымдар ол үшін папкаларымен шкафтарды қолданады, ол көбісі осы мақсатпен компьютерлендіру әдістерін – үлкен көлемді мәліметтерді жүйелеп, тиімді сақтауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын (МБ) қолданады. Бүгінгі таңда көптеген қаржылық, өндірістік, сауда және басқа да ұйымдардың жұмысын мәліметтер базасының тану мүмкін емес. Мәліметтер базасы болмаса олар ақпараттар ағымында адасып кетер еді.

Нақты ақпаратты компьютерлік негізге көшірудің көптеген айқын себептері бар. Қазір ақпаратты ЭЕМ-ң файлдарында сақтау құны қағазға қарағанда арзан. Мәліметтер базасы ақпаратты құрылымдап, сақтауға және қолданушыға қолайлы түрде шығаруға мүмкіндік береді. Клиент-серверлік технологияларды қодану бірталай қаржыны, ең негізгісі қажетті ақпаратты алу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік жасайды және бұл мәліметтерді кешенді өңдеу мен оны сақтаудың орталықтандырылуына негізделгендіктен оларды қолдануға рұқсат пен жүргізуге жеңілдетеді. Сонымен қатар ЭЕМ мәтін, сызбалар, қолдан жазылған мәліметтер, суреттер, дауыстар және т.б. сияқты кез-келген форматтағы мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.

Сақталған ақпараттың осынша үлкен көлемдерін қолдану үшін мәліметтерді беру құралдарымен жүйелі құрылғыларын дамытудан басқа адам – ЭЕМ диалогын қамтамасыз ететін құралдар керек. Олар қолданушыға сұрақтар енгізуге, файлдарды оқуға, сақталған мәліметтерді модификациялауға, жаңа мәліметтерді қосуға немесе сақталған мәліметтер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік жасайды.

Осы функцияларды қамтамасыз ету үшін арнайы амалдар ойлап шығарылды – мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ). Қазіргі МББЖ – көпқолданылатын мәліметтер базасын басқару жүйелері, олар бір немесе көптеген біруақытта қызмет ететін қолданушылардың ақпарат массивін басқаруға мамандандырылған [1].

Берілген жұмыстың мақсаы – «Кафедра оқытушыларымен жасалатын ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын тіркеу бойынша мәліметтер базасы» программасын құру. Бұл программа университет кафедраларының толық анықталған және шектелген мәселелерін шешуге және алдын-ала анықталған ақпараттар құрылымын басқаруға есептелген, сонымен қатар ол болашақ қолданушыларды мәліметтер базасы және оны басқару тәсілдерімен байланысты сұрақтарды зерттеуге алаңдамауына мүмкіндік жасайды. «Кафедра оқытушыларымен жасалатын ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын тіркеу бойынша мәліметтер базасы» программаның тиімді жұмыс жасауына максималды қабілеттелген және басқа қосымша білімді керек етпейтін интерфейсі болуы тиіс.

Мәліметтер базасын тарату үшін Oracle 9i МББЖ таңдап алынды, бұл – реляциялық мәліметтер базасын басқару жүйесі. Oracle 9i-де қолайлы қолданушы интерфейсі бар, онда кесте, мәліметтер базасын құру және оған кіруді басқару өте оңай. Біз Oracle 9i МББЖ-де бізге керекті мәліметтерді сақтау үшін кесте құрамыз.

Программаны тарату үшін мәліметтер базасының қосымшаларын құру бойынша кең мүмкіндіктері бар Delphi 7 программалау жүйесі таңдап алынды. Оның МБ-ң ең белгілі форматтарына ену үшін қажетті драйверлар топтамасы, локальді дискіде және алыс серверлерде де орналасқан ақпараттарға кіру үшін қолайлы және дамыған құралдары бар [2].

...

Скачать:   txt (93.9 Kb)   pdf (385.1 Kb)   docx (336.3 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club