Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірлесіп жұмыс жасайтын желілік құралдарды зерттеу

Автор:   •  Сентябрь 22, 2020  •  Контрольная работа  •  1,262 Слов (6 Страниц)  •  383 Просмотры

Страница 1 из 6

1 – практикалық жұмыс. “Бірлесіп жұмыс жасайтын желілік құралдарды зерттеу”.

Аударып, ұйымдастырған: Дана Утебаева

Тапсырмалар

1-бөлім. Ынтымақтастық құралдарын пайдалану

2-бөлім. Google Drive-пен құжаттарды ортақ пайдалану

3-бөлім. Конференциялар мен веб-жиналыс мүмкіндіктерін зерттеңіз

4-бөлім. Вики парақтарын құру.

Жалпы түсінік/ сценарий.

Вебке негізделген ынтымақтастық құралдары адамдарға орналасқан жеріне немесе уақыт белдеуіне қарамастан тиімді және нәтижелі әрекеттесуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық құралдарына құжаттармен алмасу, веб-конференциялар және вики парақтары кіреді.

Қажетті ресурстар: Интернетке қосылған құрылғы.

1-бөлім: Ынтымақтастық құралдарын пайдалану

1-қадам: Қазіргі уақытта қолданып жатқан, ең болмағанда, екі ынтымақтастық құралын тізімдеңіз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-қадам: Ынтымақтастық құралдарын қолданудың кем дегенде екі себебін атаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-бөлім: Google Drive арқылы құжаттармен бөлісу.

2-бөлімде сіз Google Drive көмегімен құжаттарды бөлісу мүмкіндіктерін зерттейсіз. Google Drive - бұл пайдаланушыларға Интернет арқылы құжаттарды құруға және өңдеуге және басқалармен нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін веб-кеңсе жиынтығы және сақтау қызметі. Google Drive әрбір Google есептік жазбасы үшін 15 ГБ сақтау орнын ұсынады. Қажет болса, қосымша сақтау көлемі сатып алуға болады.

1-қадам: Google есептік жазбасын жасаңыз.

Кез келген Google қызметін пайдалану үшін алдымен Google есептік жазбасын жасау керек. Бұл есептік жазба барлық Google қызметтерінде, соның ішінде Gmail-де қолданылады.

а. Www.google.com сайтына кіріп, «Войти» түймесін басыңыз (веб-беттің жоғарғы оң жақ бұрышында).

[pic 1]

ә. Google есептік жазбалары веб-беті ашылады. Егер сізде Google есептік жазбасы болса, кіре аласыз. Сіз туралы тіркелу мәліметі жоқ болса, «Создать аккаунт» түймешігін басыңыз.

[pic 2]

с. Google есептік жазбасын жасау веб-парағында оң жақтағы нысанды толтырыңыз. Барлық қажетті ақпаратты енгізіңіз. Пайдаланушы аты жасау өрісіне енгізген атау есептік жазба атауына айналады. Ұялы телефон нөмірі мен ағымдағы электрондық пошта мекенжайы міндетті емес. Google қызмет көрсету шарттарымен және құпиялылық саясатымен келісуіңіз керек, содан кейін Келесі түймесін басыңыз.

д. Келесі веб-бетте профиль суретін қоса аласыз. Тіркелгіні жасауды аяқтау үшін Профиль жасау түймесін басыңыз.

е. Қош келдіңіз экраны пайда болған кезде, сіз Google есептік жазбасын сәтті құрғаныңызды білдіреді.

[pic 3]

2-қадам: жаңа құжат жасаңыз.

а. Google қызметтерінің тізімін ашу үшін Бағдарламалар белгішесін [pic 4]басыңыз. Барлық Google қызметтеріне кіру үшін 1-қадамда жасаған мәліметтеріңізді пайдаланыңыз. [pic 5]

ә. Google Drive қызметін ашу үшін диск белгішесін ([pic 6]) басыңыз.

б. Жасау үшін құжат түрін таңдауға болатын ашылмалы мәзірді көрсету үшін Жаңа түймесін басыңыз. Word құжатын жасау үшін Google Docs таңдаңыз.

[pic 7]

д. Жаңа құжат шығады. Google редакторының көптеген функциялары Microsoft Word бағдарламасымен бірдей жұмыс істейді.

3-қадам: Google құжатымен бөлісіңіз.

а. Google құжатын жасағаннан кейін оны басқалармен бөлісуге болады. Ол үшін «Настройки доступа» түймесін басыңыз (веб-беттің жоғарғы оң жақ бұрышында).

[pic 8]

ә. Жаңа құжатқа ат қойып, «Сохранить» түймесін басыңыз. Сіз құжатты жасағандықтан, сіз оның иесісіз.

[pic 9]

б. Ортақ пайдалану, яғни «Совместный доступ» тілқатысу терезесінде осы құжатты ортақ пайдаланғыңыз келетін адамдардың аттарын, топтарын немесе электрондық пошта мекенжайларын енгізіңіз. Сіз басқа пайдаланушыларға құжатты оқуға, түсініктеме беруге немесе өңдеуге рұқсат бере аласыз.

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (632.3 Kb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club