MS Access-те сұраныспен жұмыс
Автор: xanan • Ноябрь 2, 2022 • Реферат • 925 Слов (4 Страниц) • 293 Просмотры
МББЖ-і мәліметтерді өңдеу құралдары
MS Access-те сұраныспен жұмыс
Сұраныстар арқылы бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді, анықталған шарт бойынша, іріктеп алуға болады. Access-тесұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар. Олар Сұраныс жапсырмасындағы Құру түймесі басылғанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде көрсетілген (3.1-сурет).
[pic 1]
3.1-сурет. Жаңа сұраныс терезесі
Қарапайым сұраныс
Жаңа сұраныс терезесінде оның Қарапайым сұраныс түрін таңдап, ОК түймесін шерткенде Қарапайым сұраныс шебері іске қосылады. Бұл кезде шебердің бірінші терезесі ашылады да, сұраныс жасалатын қажетті кестелер мен олардың қажетті өрістері таңдалады. Егер сұраныс жасау үшін бір ғана кесте мәліметтері жеткілікті болса, онда шебердің екінші терезесінде сұранысқа атау беріледі де, Дайын түймесі шертіледі. Бұл жағдайда шебер бірінші қадамда көрсетілген кестенің таңдалған өрістері мен олардың берілгендерін ғана сұраныс-кестесінде шығарады.
[pic 2] [pic 3]
1-кесте 2-кесте
3.2-сурет. Берілген мәліметтер бойынша толтырылған кестелер.
Ал, егер сұранысқа екі немесе бірнеше кесте мәліметтері қажет болса, онда шебердің екінші терезесінде толық немесе қорытынды параметрлерінің бірі таңдалады да, оның атауы үшінші терезеде енгізіледі. Дайын түймесі шертілгеннен кейін экран бетіне жаңадан құрылған сұраныс-кестесі ашылады. Осы жағдайдағы Қарапайым сұраныс шеберінің жұмысын түсіну үшін, топ студенттері мен олардың үш пәннен әр уақытта алған бағалары бойынша толтырылған екі кесте қарастырайық (2-сурет). Олардың Код (1-кесте) және Фамилия коды (2-кесте) өрістері арасында Берілгендер схемасы командасы бойынша байланыс орнатылсын. Сонан соң осы кестелердегі мәліметтерден қажетті сұраныс құру мынадай:
- Сұраныс жапсырмасында Құру түймесін басып, Қарапайым сұраныс командасын таңдап, ОК түймесін шерту.
- 1-кестеден Фамилия және 2-кестеден Баға өрістерін таңдау.
- Толық параметрін белгілеу.
- Сұранысқа атау беріп, Дайын түймесін шерту.
Сонда жаңадан сұраныс кестесі құрылады (4.3а-сурет).
Жоғарыдағы әрекеттердің үшіншісінде толық параметрінің орнына қорытынды параметрін таңдап, сол терезедегі Қорытындылар түймесін шерткенде пайда болатын функциялар тізімінен Sum функциясын белгілеп, ал қалған әрекеттерді өзгертпей басқа сұраныс кестесін алуға да болады (3 ә-сурет). Мұндағы 1-сұраныс кестесінде берілген екі кесте арасындағы байланыстар бойынша таңдалған өрістер біріктірілген, ал 2-сұраныс кестесінде, қорытынды параметрінің Sum (қосынды) функциясы берілгендіктен, таңдалған өрістердегі мәліметтер топтастырылып, олардың мәндерінің қорытындысы (қосындылары) есептелген.
[pic 4] [pic 5]
3.3-сурет. а) 1-сұраныс кестесі, ә) 2-сұраныс кестесі
Сонымен Шебердің 2-қадамындағы толық параметрі бойынша таңдалған өрістердегі берілгендер сұраныс кестесіне толық шығарылады да, ал Қорытынды параметрі бойынша қорытынды мәндерді есептеуге қолданылатын функциялар түрлері анықталып, сұраныс кестесіне берілгендер қорытылып шығарылады. Қорытынды ретінде әр топтағы арифметикалық ортаны, минимумды, максимумды, жазбалар санын есептеуге болады.
Сұраныс Конструкторы
Сұраныс Конструкторы бойынша жаңа сұраныс кестесін құруға және бұрыннан бар сұраныс кестесінің құрылымын көруге немесе оны өзгертуге болады.
...