IDEF (Function Modeling Integrated Definition for Function Modeling)
Автор: zarubekova • Февраль 10, 2023 • Реферат • 375 Слов (2 Страниц) • 195 Просмотры
РЕФЕРАТ
IDEF (Function Modeling Integrated Definition for Function Modeling)
Кез келген бизнесте белгілі бір мәселеледі шешуге және табыстың мөлшерін көтеруге көмектесетін бизнес-процестер операциясы орын алады. Бизнес-процестерді кәсіби модельдеуде нотациялар жиі қолданылады, себебі олар қандай белгілер қолданылатынын және олардың оқылуын, процестер тізбегін, олардың өзара қатынастарын көрсетеді. Қазіргі уақытта жиі қолданылатын, процестің элементтерін, сонымен қатар олардың арасындағы байланысты анық көрсететін нотацияның құрылымдық түрі – IDEF стандартының нотациялары.
IDEF – деректерді функционалды түрде, имитациялық модельдеуде және белгілі бір нысанға бағытталған талдауда, жүйелік және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуде қолданылатын процестерді графикалық модельдеу әдістемесі. Бұл әдістемені Америка Құрама Штаттарының Әуе Күштері 1970 жылдардың ортасында ойлап шығарды. Бірақ қазіргі уақытта да бұл әдіс ұйымдарды зерттеуде және бизнес операцияларды модельдеу үшін қалыпты қатаң негіз ретінде қолданылып келеді. Негізінен IDEF 16 түрлі әдісті қамтитын модельдеу тілдерінің тобына жатады. Бұл процесті модельдеу әдістері қолданудың кең спектрін қамтиды және әр әдіс белгілі бір дерек түрін түсіндіреді. Соның ішінде IDEF0-IDEF4 – ең көп қолданылатын әдістер түрі болып табылады. Мысалы, функцияларды модельдеу үшін IDEF0 кәсіпорынның функцияларын модельдеу, функцияны не басқаратынын, оны кім орындайтынын, қандай ресурстар пайдаланылатынын, не өндіретінін және басқа функциялармен қандай байланысы бар екенін көрсететін графикалық модель құру үшін қолданылады.
Ендігі кезекте IDEF әдістемесін қолданудың артықшылықтарына тоқтала кетейін. Ең бастысы IDEF кез-келген мүмкін болатын салада немесе технологияда қолданыла береді және оның диаграммаларын техникалық білімсіз ешқандай қиындықсыз бақылауға және оқуға болады. Екінші артықшылығы, әдістемеде процестерге немесе диаграммаларға атау берудің, кері байланыс берудің ресми әдістемесі толығымен анық көрсетіледі. Сонымен қатар, IDEF0 процестерді жобалау кезінде пайдалы құрал ретінде қолданылса, IDEF3 процесс туралы ақпарат жинаудың механизміне көмектеседі. Бұдан бөлек IDEF0 толық ақпарат массивін қамтиды және олардың процеске әсерін көрсету үшін басқа бөліктерді біріктіреді және дизайнның практикалық түрде екеніне көз жеткізу үшін процестің шығыс мәнін көруге мүмкіндік береді. IDEF3 болса сізге белгілі бір шешімнің практикалық екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін процеске шолу жасай алады.
...