Станцияның сипаттамасы. Станциялық жолдардың мамандандырылуы. Станциялық құрылғылар
Автор: lauraaskarovna • Декабрь 9, 2022 • Практическая работа • 8,519 Слов (35 Страниц) • 186 Просмотры
Кіріспе
Әлемдегі болып жатқан тарихи, экономикалық өзгерістерге көз жүгіртсеңіз, оның барлығы да озық технологиялардағы даму құбылыстарына тән екенін байқайсыз. Ал, енді технологиялық даму сатысының жоғарғы деңгейіндегі елдердегі кәсіби салалардағы жаңалықтар көп жағдайда ақпараттық технологияларды пайдаланумен байланысты екенін де білеміз. Алғашында тек математика мен кейбір жаратылыстанушы ғылымдарда ғана пайдаланылып келген информатика ( немесе компьютерлік ілім) осы күнде баршаға таныс. Жаңа Ақпараттық технологиялардың (АТ) негізі де сол информатикамен тығыз байланысты. Тіпті, кейде ол күнделікті қолданылатын құрал болып бара жатыр деп те айтылып жүр. Әрине, көптеген жаңалықтарды адамзат тұрмыс тіршілікті жеңілдету мақсатында ойлап табатыны сөзсіз. Шындығында, әуел бастан есептегіш машина күрделі математикалық өрнектерді шығаруды автоматтандыру арқылы жеңілдететін құрал ретінде кеңінен пайдаланылды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: "... экономиканың барлық салалары үшін жоғары билікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру және кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге кабілетті маманды калыптастыруды камтамасыз ететін білім беруді баскарудың тиімді жүйесі құрьлатын болады... "деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 стратериясына: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізіп, жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз» байланысты болашақ мамандар үшін аса жоғары технологиялар арқылы жұмыс істеп соны меңгеріп, мемлекеттің, тіпті әлемнің кез-келген бөлігінен әлемдік интернет желісі арқылы қашықтықта білім беру бағдарламалары көмегімен білім алу шаралары жоспарлануда.
XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес казіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелілігі, алдын - алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен білім беру саласына енгізу жұмыстары бапып саналады.
Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезенінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен кызығуына сай акпарат ағынын калыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді. Сондай — ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды камтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік акпараттық орта жағдайында акпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелек ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып тәрбиелеуге және акпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әрбір елдің технологиялык даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалалдасу мүмкіңдіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты. Сонымен қатар әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен колданылуының деңгейі оның материалдық базасынын дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
...