Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кестелік деректер және Массивтер

Автор:   •  Март 27, 2019  •  Реферат  •  551 Слов (3 Страниц)  •  1,263 Просмотры

Страница 1 из 3

Кестелік деректер және Массивтер

Күнделікті және ғылыми тәжірибеде кестелік формада көрсетілетін ақпаратпен жұмыс істеуге тура келетін жағдайлар кездеседі. Мысалы, белгілі бір жылдың, температуралық орташа айлық мәндерін қамтитын кесте берілген.

[pic 1]

Мұндай кесте сызықтық деп аталады. Кесте реттелген сандар тізбегінен тұрады. Егер осы деректерді қандай да бірматематикалық өңдеу қажет болатын болса, онда оларды белгілеу үшін әдетте индекстік символика енгізеді. Мысалы, T1 арқылы қаңтар (бірінші ай) айының температурасы белгіленеді. T5 арқылы мамыр айының температурасы белгіленеді, және т.с.с. жалпы түрде, кестедегі мәндер жиыны былай белгіленеді:

 {Т }, i=1,…,12

 Элементтердің реттік нөмірлері (1,5,i, және т.б.) индекстер деп аталады.

 Индекстелген шамаларды олардың математикалық өңдеулерін жазу үшін қолдануда ыңғайлы. Мысалы, орташа жылдық температура мынадай формуламен өрнектеледі:

 [pic 2]

 Енді 10 жылға арналған орташа айлық температуралар туралы ақпарат жинақтау қажет болсын делік, мысалы, 1981 жылдан 1990 жылды қамти отырып. Ол үшін мынадай кесте құралық. Ол кестедегі бағандарға жылдарды, жолдарға айларды толтыратын боламыз.

[pic 3]

Деректерді жазудың ыңғайлы формасын таңдау жаңа ақпаратты сәтті де жылдам алуға мүмкіндік береді. Мысалы, кестеден ең суық қаңтар қай жылы болды, немесе он жылдың ішінде қайсы айда ауа температурасы бір қалыпты болған жоқ, міне осындай деректерді оңай анықтауға болады.

 Осындай кестеде сақталған мәндер үшін қосиндекстік белгілеуді қолданған ыңғайлы. Мысалы, H1981,2 1981 жылдың ақпан айындағы температураны білдіреді. Кестені құрап отырған барлық деректердің жиынтығын былай белгілеуге болады: { }, 1981..1990; 1..12; Hi, j = j =i  Осы секілді деректерді өңдеу қосиндексті шамаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, он жылдағы наурыз айының орташа температурасы мына формула арқылы есептеледі:

[pic 4]

Ал тұтастай онжылдық периодқа арналған орташа температура мәні былай есептеледі:

[pic 5]

Программалау тілдеріндегі осы кестелердің аналогы деректердің құрылымдалған типтері болып табылады. Оларды реттелген типтер немесе массивтер деп атайды. Кесте сияқты, массивтер де атауы бар, нөмірленген, біртипті мәндер жиынтығын білдіреді. Индекстер массив атынан кейін, квадрат жақшада жазылады. Сызықтық кестені сақтайтын массив бірөлшемді деп аталады, соңғы кестедегі мәліметтер – көпөлшемді массивті құрайды, сонымен қатар көпөлшемді деп атау қабылданған.

Бірөлшемді массив

Массив – жадының үздіксіз аумағын алатын, бір типтік элементтердің құрылымы. Массивпен келесі қасиеттер байланысты: аты, типі, өлшемі. Массивті баяндау форматы: элементтер_типі аты [тұрақты_өрнек]

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (246.9 Kb)   docx (685.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club