Компьютер құрылғыларының блок-сызбаларын өңдеу
Автор: altynai147 • Октябрь 30, 2021 • Реферат • 4,446 Слов (18 Страниц) • 877 Просмотры
[pic 1] | « Astana Medical university» NJSC «Астана Медицина Университеті» КеАҚ |
Department of biostatistics, bioinformatics and information technologies Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы |
Реферат
Тақырыбы: Компьютер құрылғыларының блок-сызбаларын өңдеу.
1 – ші кезең.
Орындағын:Сәрен Алтынай,жалпы медицина,129топ
Тексерген: Баймаханбетова Ә.Қ.
Нұр-сұлтан қ.,2021 жыл
Мазмұны.
- Кіріспе.................................................................................................... 3
- Негізгі бөлім .
- Компьютер құрылғылары.Компьютер құрылғыларының блок-схемасы............................................................................................................5
- Жүйелік блок ............................................................................................7
- Монитор....................................................................................................14
- Пернетақта................................................................................................16
- Тінтуір.Компьютердің қосымша құрылғылары....................................18
- Қорытынды.............................................................................................19
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................20
- Кіріспе
Компьютер (ағылш. computer —«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған құрылғы. Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.
Негізгі құрылғылары:
- Жүйелік қорап
- Монитор
- Пернетақта
- Тінтуір
Қосымша құрылғылары:
- Принтер
- Сканер
- Дыбыс колонкалар
- Микрафон
- Стример
- Плоттер
- Модем
- Джойстик
- Желілік адаптер
ЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцессор;
- оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады;
- тұрақты есте сақтау құрылғы;
- қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары.
Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
- ақпарат енгізу құрылғылары;
- ақпарат шығару құрылғылары;
- ақпарат жинақтауыштар.
ЭЕМ – нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір – бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді.
ЭЕМ – де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.
Рефераттың мақсаты: компьютердің сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша құрылғыларының функциялары мен байланыс принциптеріне тоқталу арқылы компьютер құрылғыларының блок -схмемасы құру және өңдеу.
Рефераттың міндеттері:
- Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының функцияларын анықтау;
- Компьютер құрылғыларының байланыс принциптерін талдау;
- Компьютер құрылғыларының блок-схемасын құру.
Рефераттың өзектілігі:Компьютер құрылғыларының блок-схемасын өңдеу арқылы компьютер құрылғыларының қызметін және өзара байланысу принциптерін,оның архитектурасын білу қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі.Бүгінгі күнде компьютері бар пайдаланушының компьютердің құрылғыларының қызметтерін,жалпы құрылысын білу міндетті,себебі бұл адамның құрылғымен жұмыс істеу тиімділігін және жылдамдығын арттырады.
...