Вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлері. Архиватор бағдарламасының деректерін белсендіру
Автор: Aikonyr • Октябрь 29, 2023 • Реферат • 1,812 Слов (8 Страниц) • 195 Просмотры
«Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
КӘСІПТІК ПРАКТИКА
4S0114101_«Бастауыш білім беру мұғалімі»
01140100_«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы/специальность
ОН 2.5 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістерін, құралдарын, нысандарын қолдану
Білім алушы: Алдаберген Т. Р.
( А.Ж.Т.)
Тобы: БББ-202
Жетекшісі: Абубакирова Р.А.
Ақтөбе 2023 – 2024 ж.
Вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлері. Архиватор бағдарламасының деректерін белсендіру
Мазмұны:
- Вирус туралы түсінік.
- Вирусқа қарсы бағдарламар және оның түрлері.
- Архиватор туралы түсінік.
- Архиватордың түрлері.
- Zip және RAR арасындағы негізгі айырмашылықтар.
- Архивтеу және архивтен алу.
- Вирус туралы түсінік.
Вирус – бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай - ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
- Лазерлік
- Компьютерлік желілер
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:
- компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
- компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
- жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;
- компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;
- қосымшалар қателермен жұмыс істейді;
- дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
- басып шығару қателермен жүреді;
- қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;
- мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Ақпаратты вирустан қорғаудың 2 турі бар. 1. Информацияның көшірмесін алып отыру файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау. 2. Керекті ақпаратты басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою, ол ақпаратты рұқсатсыз яғни санкциясыз көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программаларды қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдану керек. Мұндай программаларды бірнеше түрге бөлуге болады:
Детектор – программалары
Белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.
Доктор – программалары
Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіреді.
Ревизор – программалары
Программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс болса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.
...