Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі

Автор:   •  Май 4, 2022  •  Лабораторная работа  •  1,355 Слов (6 Страниц)  •  987 Просмотры

Страница 1 из 6

«МЕНЕДЖМЕНТ БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЛІМ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС

«ИНФОРМАТИКА» пәні бойынша сабақтың дәйектемесі

Оқытушы:         Омарова М.Т.

Сабақтың тақырыбы:        Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі.

Бөлім:        Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру.        

  1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:

Мамандық:        06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»        

Сабақ өтетін топ:        ПОб-11

Сабақ типі:        Жаңа білімді меңгеру сабағы, бұрынғы алған білімдерін жалпылау

        және бекіту сабағы.

  1. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Сабақтың мақсаты:        HTML, CSS каскадты кестелер стилі туралы мағлұматтар бере отырып,

        HTML тегтерін және CSS каскадты кестелер стилін қолдана білуге үйрету.

Сабақтың мақсаттары        

БАРЛЫҒЫ:        HTML тілінің және CSS каскадты стильдер кестесінің негізгі ұғымдарын

        біледі;

КӨПШІЛІГІ:        Web-құжаттың сыртқы бейнесін басқару тегтарын, мәтінді пішімдеуге

        арналған тегтарды, CSS селекторларының құрылымын біледі.

КЕЙБІРЕУЛЕРІ:        CSS каскадты стильдер кестесін  HTML құжатына қосу тәсілдерін біледі.

Тілдік мақсаттар:        Пәндік лексика және терминология.

  1. Сабақ барысында студенттер меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі

Алдыңғы білімдері:        3D жобалау, 3D панорама, виртуалды тур.

ИТК қолдану машықтары        HTML құжаттарымен жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыс:        Ағылшын тілі

  1. САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҒЫ:
  1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
  1. Исабаева Д. Н. Информатика 10 – Алматы: Атамұра, 2019. – 304б.
  2. Будилов В.А. Практические занятия по HTML. Краткий курс Наука и техника, 2001.
  1. Техникалық құрал-жабдықтар, материалдар

Дербес компьютер, проектор,  үй тапсырмасын тексеруге арналған Delphi ортасында дайындалған жоба,  презентация «Сиқырлы шаршы», үлестірме материалдары, «WEB технологиясы»  пәнінен  электронды оқулық, слайдтар.

  1. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, үй тапсырмасын тексеру, сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

Жаңа материалды жеткізу.

Вeб-сайт – бұл әлемнің кішкентай моделі. Web-сайт жасаумен кәсіби тұрғыдан веб-бағдарламалаушылар, веб-дизайнер, IT-мамандар айналысады. Бүгінгі таңда кез келген компьютер пайдаланушы қарапайым сайт жасуға арналған дайын шаблондар көмегімен интернетте өз сайтын жасай алады. Web-сайтты жобалау кезінде сайттың көлемі, функционалдығы және т.б.с.с. жоспарлай білу керек.

Жобалауда сайттың мағынасын, мақсаттарын, оның көмегімен шешуге болатын тапсырмаларды , ол арналған аудиторияны ойластырып алу керек. Дұрыс, нақты қойылған мақсат сіздің сайтыңызды эффективті құралға айналдырады.

Сонымен, Web –беттерді қандай бағдарламалар көмегімен жасауға болады?

Жауап: WordPress, Mobirise, Dreamweaver, HTML- Adobe редакторы, FrontPage, Notepad++, Brackets, WebSite X5, Komodo Edit, Muse бағдарламалары қолданылады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі». Дәптерлерімізді ашып бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз. Сабағымыз келесідей жоспар бойынша өтеді (слайд-1):

[pic 1]

1. HTML тілінің негізімен таныстыру.

HTML және CSS - веб-сайтты құрудың екі негізгі блогы.

HTML дегеніміз - ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді. Осы тіл арқылы сайттың беттері жазылады.

Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған. HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған. Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум - құрылым ашқан. Ол W3C(World Wide Web Consortium) деп аталады.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (1.9 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club