Түзудегі декарттық координаталар
Автор: aru kairzhanova • Октябрь 20, 2022 • Лекция • 858 Слов (4 Страниц) • 310 Просмотры
Түзудегі декарттық координаталар
Оң бағытыа таңдап алынған түзу ось деп аталады
Координаталар бас нүктесі және бірлік масштабы таңдап алынған ось сандық ось деп аталады.
Анықтама: Өзінің ұзындығымен және таңбасымен сипатталатын кесінді бағытталған кесінді деп аталады.
Осьтегі әрбір бағытталған кесіндіге оның сандық сипаттамасы болып табылатын - кесіндінің шамасы сәйкестендіріледі.
Анықтама: AB бағытталған кесіндінің шамасы деп, AB бағытталған кесіндінің бағыты осьтің оң бағытымен бірдей болған кездегі AB кесіндісінің ұзындығына тең оң сан аталады, ал бағытталған кесінднің бағыты осьтің бағытына қарама-қарсы болса , кесіндінің шамасы теріс санға тең болады.
АВ – кесіндінің шамасы
- кесіндінің ұзындығы
Егер бағытталған кесіндінің басы және ұшы беттессе, онда кесінді нөлдік деп аталады. .
Ескерту: 1) нөлдік кесінді бағытты анықтамайды;
2) нөлдік кесіндінің шамасы нөлге тең.
Сөйлем: Берілген осьтегі екі бағытталған кесіндінің тең болуының қажетті және жеткілікті шарты осы кесінділердің шамаларының теңдігі болып табылады.
және - бір-біріне қарама-қарсы кесінділер.
Осьтегі A, B және C нүктелері қалай орналасса да, және кесінділерінің шамалары негізгі AB+BC=AC теңбе-теңдігі арқылы байланысқан.
Кез келген а түзуі берілсін. а түзуінде анықталған бағыт және О координаталар бас нүктесін таңдап аламыз. Бірлік масштабын көрсетеміз.
Түзу бойындағы кез келген М нүктесін қарастырамыз.
Анықтама: Түзудегі М нүктесінің x декарттық координатасы деп, бағытталған кесіндінің шамасы аталады деп белгіленеді. x=OM.
M(x) символы- М нүктесінің x коррдинатасы бар дегенді көрсетеді.
және - а түзуіндегі кез келген екі нүкте болсын.
Теорема: және нүктелері қандай болса-да, келесі теңдік әрқашан орын алады: .
Осьтегі кесіндінің шамасын табу үшін, оның ұшының координатасынан басының координатасын алу керек.
- кесіндінің ұзындығы.
2. Жазықтықтағы декарттық координаталар
Анықтама: Бір жазықтыққа тиісті және бір түзудің бойында жатпайтын O, нүктелер үштігі аффиндік координаталар жүйесі деп аталады.
Белгіленуі. . О – координаталар бас нүктесі.
Жазықтықта ортақ бас нүктесі бар және бірдей масштаб бірліктері арқылы анықталатын өзара перпендикуляр екі ось жазықтықтағы тік бұрышты декарттық координаталар жүйесін анықтайды.
Осьтердің қиылысу нүктесі – координаталар бас нүктесі, ал осьтер-координаталық осьтер деп аталады.
- абсцисса осі.
- ордината осі.
M – жазықтықтағы кез келген нүкте.
- М нүктесінің сәйкес осьтеріне проекциялары.
Анықтама: Жазықтықтағы М нүктесінің декарттық координаталары деп сәйкес және бағытталған кесінділерінің шамалары аталады.
...