Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Вольфрамның рудалық шикізаттары, минералдары

Автор:   •  Декабрь 6, 2018  •  Реферат  •  10,719 Слов (43 Страниц)  •  639 Просмотры

Страница 1 из 43

 



 

КІРІСПЕ

        Швеция химигі Қ. В. Шееле 1781 жылы ауыртас деп аталатын минералды қышқылда  ерітіп жаңа элемент вольфрамның қышқылын алған. Осы ғалымның вольфрамды алғашқы табуына байланысты бұл минералды кейінен Шеелит деп атаған. Зерттеудің нәтижесінде екі жылдан кейін 1783 жылы вольфрамның қышқылын қалайы рудаларында көп кездесетін вольфрам минералы – вольфрамиттен алуға болатындығын дәлелдеген. Осы жылы ағайынды Эльгуйярлар вольфрам (VI) оксидін көміртегімен әрекеттестіріп бірінші рет ұнтақталған вольфрамды алған. Қазіргі кезге дейін бұл элементті екі түрлі атайды. Еуропалық елдерде Германияда, ССРО-да вольфрам деп, ал Англияда, АҚШ-та, Францияда тунгстен деп атайды. Париж қаласында 1900 жылы дүние жүзілік көрме өткізілді. Осы көрмеде вольфрамның болатпен қоспасы металдарды өңдейтін (кесу, жону) қасиеті бар екені туралы айтылады. Осыдан бастап вольфрамды болатқа қоспа қатарында және одан электр шамының сымын жасауға болатындығы анықталды.

        Ресейде бірінші рет 1896 жылы Путилов заводында вольфрамды болатқа қосып балқыту және оның басқа да қасиеттерін зерттеу тәжірибелері жүргізіле бастады. Вольфрам кен орындарын өндірудің негізгі бастамасы ССРО Халық шаруашылығының бірінші бес жылдығынан басталды. Ең алдымен 1927-1928 жылдары вольфрамды және оның қатты құймалары, яғни карбидтерін алу тәсілдері анықталды. Осы жылдардан бастап вольфрамның металлургиясы жылдан-жылға дамып, қазіргі кезде ол техника саласында өте маңызды роль атқарады.

          1. Әдебиетке шолу

1.1 Вольфрамның рудалық шикізаттары, минералдары

Вольфрам Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің алтыншы қосымша тобына жатады. Бұл металдың балқу температурасы басқа барлық металдардан жоғары, тек көміртегінен төмен. Сондықтан бұл металдың ерекшелігі, өте жоғары температурада қайнайды да баяу жылдамдықпен буланады. Металдың сыртқы түсі болатқа ұқсайды, механикалық қасиеті оның құрамындағы қоспаның мөлшеріне және өңдеу тәсіліне байланысты. Осыған байланысты вольфрамды қыздырған кезде ғана соғуға, жаншуға, созуға және сығылыстыруға болады. Керісінше қалыпты жағдайда, ол өте морт келетіндігінен оны өңдеуге болмайды. Вольфрамның физикалық қасиеттері: жер қыртысындағы таралуы 1,4*1%, тығыздығы 19,3 г/с, балқу температурасы 3380°C, қайнау температурасы 5900°C, балқу жылылығы 35,4 КДж/моль, жылу өткізгіштігі 178. [pic 1][pic 2]

Минералдары. Вольфрам табиғатта аз кездесетін металл, оның жер қыртысындағы орташа мөлшері 1.% - деп шамаланады. Бұл металл таза күйінде кездеспейді, бәірақ оның 15 шақты әртүрлі минералдары бар. Бұлардың көбісі вольфрам қышқылының тұздары вольфраматтар түрінде кездеседі. [pic 3]

Шеелит (CaW) – негізгі құрамы кальцийдің вольфраматынан тұрады. Минералдың түсі ақ, сары және көгілдір болады, тығыздығы 5,8/6,2 г/; қаттылығы 4,5/5-ке тең. Бұл минералдарда көбінесе повеллит (CaMo) қоспа түрінде кездеседі. Вольфрамит пен шеелиттен басқа вольфрамның мынадай минералдары кездесіп тұрады: CаW*O; PbW; 3PbW*PbMo.[pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11]

 

 1.2 Рудалары, концентраттары және кен орындары

Табиғаттағы кездесетін вольфрамның рудаларында вольфрам (VI)  оксидінің W мөлшері , 0,2-тен 1,5%-ке дейін болады. Бұл рудалар өзінің минералдық құрамына байланысты вольфрамит немесе шеелит болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар руда мынадай касситерит, молибденит, пирит, халькопирит, арсенопирит және басқа да минералдардан тұрады.[pic 12]

          Вольфрам рудаларының кендері шет елде: Австралияда, Оңтүстік Кореяда, Солтүстік Африкада, Турцияда, АҚШ-та, Малайзияда, Индияда, Канадада, Тайландта, Қытайда, ал біздің елде солтүстік Кавказда, Орталық Қазақстанда, Шығыс Байкалда, Чукоткада, Бурят АССР-де, Қиыр Шығыста кездеседі.

...

Скачать:   txt (67.1 Kb)   pdf (338.3 Kb)   docx (626.6 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club