Жетістік – адал еңбектің нәтижесі
Автор: aigul.malik95 • Январь 23, 2020 • Реферат • 591 Слов (3 Страниц) • 722 Просмотры
Жетістік – адал еңбектің нәтижесі
Бұл тақырып төңірегінде сөз қозғамас бұрын алдымен жетістік дегеніміздің өзі не деген сұраққа жауап іздеп көрсек.
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағытталуы және сол мақсатқа жету. Жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Биікке қаншалықты ұмтылған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Жетістікке жетудің өзіндік жолдары мен ұстанымдары бар. Алдымен адам алдына мақсат қоя білуі керек. Қойған мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы тиіс. Адам өзін жетістік күтіп тұрғанына, барлығының ойдағыдай болуына өзін іштей дайындап, қорықпай, тек қана алға қарай әр қадамын нық әрі сенімді баса білуі керек. Күнделікті ісіне жоспар құрып, өз ісін сырттай қадағалау, көп ізденіп, адамдармен жан-жақты пікір алмасып, қандай да бір өзгеріс болмасын төзімділік көрсете білуі қажет. Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы іс тындыру. Қазір білімділер заманы. Білімді адам ешқашан да жолда қалмайды. Жетістікке жету үшін білім өте қажет. Елбасымыздың өзі жастарға, яғни бізге жетістікке жетіп, өз ойымыздағы көздеген арман, мақсатымызды жүзеге асырып, қоғамға пайдалы жағынан өз үлесімізді қосуға, білімімізді ұштастыруға мол мүмкіншілік жасап отыр. Біз сол мүмкіндікті бос жібермеуіміз керек. Жетістікке жету өте биік құзар шыңның басына жетумен бірдей. Оған әр адам әртүрлі жолмен жетуі мүмкін. Біреулері жеңіл жолды таңдап, ауырдың астымен жеңілдің үстімен қаңбақтай қалтылдап жүргендер, ал біреулері өзіне деген нық сеніммен тәуекел етіп, бұралаңы мен шимай-шатпағы көп күрделі жолды таңдап, үміт атты жіңішке қыл жібегін беліне бекем байлап алға, шың басына ұмтылғандар. Сіздің ойыңызша қайсысы жөн? Әрине, ауыр жолды таңдаған дұрыс. Ол жолдағы адамдар ешқашан да қате баспайды. Тек дұрыс бағыт болса болғаны. Қиын да күрделі жолда бақталастары да аз болады. Ерінбей еңбектенген адам адал термен келген жеңісінің жемісін ұзақ көрері сөзсіз.
Армансыз адам болған ба? Бәрі де арманының орындалып, жетістікке жетіп, ата-анасын, бауырларын қуантқысы келеді. Мен де сол жандардың бірімін. Кішкене кезімнен оқыған кітаптарымның ішінен өз өміріме, болашағыма керекті деген сөздерді қойын дәптеріме түртіп жүруді әдетке айналдырдым. Көптеген ұлағатты сөздерді қағида етіп, жазып, үйдегі көрнекті жерге іліп қойып, өзімше тәрбие жүргізетінмін. Қазір алып қарасам бір кітап толардай, ғалым, ақын, жазушыларымыз айтып кеткен өте керемет сөздер жиналып қалған екен. Солардың ішінде ең қажетті деген, адамның кеудесіне жалын отын тұтандыратын сөздерді оқырманмен, жастармен бөліскім келіп отыр.
...