Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

PR- қызметінде ақпаратты басқару

Автор:   •  Декабрь 5, 2022  •  Реферат  •  3,159 Слов (13 Страниц)  •  221 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                    [pic 1]

                     

МӨЖ

Тақырыбы: «PR- қызметінде ақпаратты басқару»

                                                         

     

                                                                     Орындаған: Мухаметхан Н.

                                                                             

                                                                     Тексерген: Борибаева С

PR- қызметінде ақпаратты басқару .
Ішкі және сыртқы PR- дағы ақпараттық ағындарды басқарудың сызбасы

Біз ақпараттық төңкеріс заманында, ақпарат қоғамды өрге сүйреген кезеңде өмір сүріп отырмыз. Елді елең еткізетін оқиғаның жаңалыққа, ақпаратқа айналу үдерісіне қоғаммен байланыс (ағылшынша атауы «public relations», қысқаша РR) және бұқаралық ақпарат құралдары тікелей атсалысады. Қоғамдық институттардың – үкіметтік мекемелердің, бейресми және коммерциялық ұйымдардың жұртшылықпен, сайлаушылармен, тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы осы РR, яғни қоғаммен байланыс арқылы жүзеге асса, бұқаралық ақпарат құралдары (қысқаша – БАҚ) - телерадио, газет-журнал, кітап өнімдері екі ортаға дәнекер болады. Бұл түсініктер ауқымына жұртшылық байланыстарын басқару формалары және осы байланыстарды ұйымдастырып, бағыттап отыратын құрылымдар ұғымы кіреді. Бұл құрылымдар қатарына баспасөз қызметі жатады. Баспасөз қызметі қоғам мен ресми және бересми, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін «көпір» болып табылады. Осы орайда «қоғаммен байланыс» терминінің мәні мен мазмұнына тоқтала кеткен орынды. Зерттеушілердің бірқатары бұл ұғымды «жұртшылықпен байланыс» деп қолданып жүр және ұйымдармен мекемелер РR- департаменттері мен бөлімдерінің атауы да «жұртшылықпен байланыс» делінеді. (Ескерту. «Қоғаммен байланыс» мамандығының атауы кезінде ЖОО мамандықтары сыныптамасына орысшадан қате аудармамен енген. ЖБ.). «Жұртшылық» түсінігі нақты кезеңдегі адамдар қауымдастығы, бірлестігі деген мағынаны береді, ол ағылшынның «public», орыстың «общественность» ғымдарының мәніне толық сәйкес келеді.
Біздіңше, бұл дұрыс сияқты, себебі «қоғам» түсінігінің ауқымы кең, ол тарихи-формациялық ұғым ретінде қолданылады. Ал, қоғамдық қатынастар дегеніміз-қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымдары арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді. Қоғамдық қатынастардың қай түрінің де
(білім беру, дін, насихат, жарнама немесе бұқаралық мәдениет) жұмыс істеу тетігі бірдей. Бұл тетіктің моделі К.Шеннонның ақпарат теориясында бейнеленген. Осы теорияға сәйкес қоғамдық қатынастар тетігінің принципті құрылымдарын бөліп көрсетуге болады. Оларға:

Ақпарат көзі;
Ақпаратты жөнелтуші, беруші, коммуникатор;
Коммуникация тәсілі, арнасы;
Ақпаратты қабылдаушы;
Ақпаратты алушы, адресат;
Кері байланыс жүйесі (ол адрестаттың келіп түскен хабарламаға қарым-

қатынасын көрсетеді) жатады.
Қоғаммен немесе жұртшылықпен байланыс тарапынан басқарылатын

қоғамдық қатынастар тетігі тұрғысынан алғанда ақпарат көзі ретінде билік құрылымдары, фирмалар, партиялар, қозғалыстар мен PR құрылымдары көрінеді. Әсер ету объектісі, ақпарат алушылар ел жұртшылығы, саяси және экономикалық құрылымдар болып табылады. Коммуникация арнасы рөлін бұқаралық ақпарат құралдары, саясатшылар, мұғалімдер, діни қызметкерлер, яғни оқу орындары мен мешіттер, сондай-ақ бұқаралық акциялар-жиындар мен мерекелер, симпозиумдар, конференциялар, көрмелер орындайды. Ақпарат қабылдаушы (адресат) дегеніміз-коммуникация арнасы бойынша, келіп түскен ақпаратты қабылдауға қабілетті құрылым. Адресатқа әсер ете отырып, ақпарат оның жай-күйін өзгертеді. Осы өзгерістер жөніндегі деректер кері байланыс арналары арқылы басқару субъектісі - PR құрылымына жеткізіледі, сөйтіп, қоғамдық қатынастар тетігінің қызметіне қажетті түзетулер енгізіледі.

...

Скачать:   txt (45.5 Kb)   pdf (179.8 Kb)   docx (251.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club