Шаңғы тебу тəсілдерінің негізі
Автор: Aruzhan16 • Февраль 6, 2021 • Реферат • 12,937 Слов (52 Страниц) • 738 Просмотры
1 апта Шаңғы
Дәріс
Қарлы қыс аудандарындағы шаңғы спорты негізгі және көпшілік қолданатын спорттың түріне жатады. Оны орта мектептерде, кәсіби-техникалық колледждерде, лицейлерде, жоғарғы оқу орындарында физикалық тәрбиелеу бағдарламалар негізінде жүргізіледі жəне балалар, жасөспірімдер, жастармен барлық ересек адамдарды шаңғымен жүру тəсілдерін үйретеді, оқу жəне бақылау нормативтерін орындауды қамтамассыз етеді.
Шаңғы спорттың маңыздылығы шұғылданатын адамның денсаулыққа әсерімен, сонымен қатар физикалық және моральды дамуы кеңейтілуімен, өмірге маңызды білулер мен дағдыларының сіңісуімен анықталады.
Шаңғы спортының сауықтыру-практикалық маңыздылығы жаттығумен айналасқанда денсаулықты жақсартуға, шаңғымен қозғалу кезінде негізгі бұлшық еттерінің динамикалық және көпсалалы жұмысын қатыстырады, тыныс алу мүшелері мен қан айналымының белсенді әрекеттерінде қолайлы жағдайда өтетін жаттығушыларға жүктемелерді женіл еркін реттеуде тұжырымдаушы болып келеді.
Шаңғымен жүру немесе шаңғы спортымен айналысу әрбір жастағы адамға қол жетімді. Бұл демалудың тамаша әдісі.Таза ауада шаңғымен жүріп серуендеу адамның жүйке жүйесіне өте пайдалы және де шаршағандықты төмендетеді.
Шаңғы спортының теориялық және практикалық маңыздылығы зор. Жаттығу барысында шаңғышы шаңғымен қозғалу әдісіне байланысты жаңа білім, дағды мен шеберлікті, жаттығу тәртібінің құбылысы мен тазалықты және т.б. қалыптастырады.
Оқу-жаттығулық процесті тиімді құрастыру үшін оқу құралында шаңғы жарысы, биатлон, шаңғы қоссайысы, трамплиннен секіру және фристайл, шаңғы спортының бөлімдер бір-бірімен тығыз байланысты (техникалық, тактикалық құрал-жабдықтар және оларды қолдану, шаңғы трассаларын дайындау, атыс аумағы, ату шекарасы, жарыс ережелері және оларды өткізу), болашақ маманды дайындауды бойынша ақпарат берілген.
Жаттығулар мен жарыстар барысында келесі маңызды физикалық қасиеттері – шыдамдылық, шымырлық, шапшандылық, төзімділік, күш, айбаттылық, ептілік, жылдамдық, қозғалыстарды үйлестіру, сонымен қатар батылдылық, талаптылық және басқа да психологиялық қасиеттері дамиды.
1 Шаңғы спортының дамуы және тарихы
1.1 Шаңғының пайда болуы жəне оның алғашқы қолдануы
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі. Оған шамамен 4300 жыл болған. Оны А.М. Микляев, 1982 жылы тапқан. Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6 – 7 ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы., грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жазды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған. Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады. Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.
Шаңғының пайда болуы туралы мәліметі кеңес үкіметінің археологтарынан қазба жұмыстары кезінде Ақ теңіздің жағасында неолит дәуіріне тән адамның тұрағы (жаңа тас ғасырында) табылғаны мәлім. Осы жерде үнгір және тастың қабырғасында адамдар мен жануарлардың салынған фигуралары анықталған. Осы суреттерді ғалымдар III ғасырдың соңы мен біздің ғасырға дейінгі II мың жылдықтың басына жатқызады. Зерттеушілер біздің елдің солтүстік аумағында қоныстанған тайпалар сол уақыттарда шаңғыны пайдаланғандары жайлы куәландырады. Жартастардағы суреттер мейлінше бастары қисайған, ұзын және жіңішке келген.
...