Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Киім – қоғамдағы үрдісті бейнелеуші элемент

Автор:   •  Май 7, 2021  •  Реферат  •  7,450 Слов (30 Страниц)  •  496 Просмотры

Страница 1 из 30

I бөлім. Киім – қоғамдағы үрдісті бейнелеуші элемент

1.1.  Cәннің қызметі мен құрылымы.

Киім – адамзаттың материалдық мәдениеті элементінің бірі болып табылады. Киім пішіні қоғам дамуының әрбір тарихи дәуірінде өзгеріп тұрады. Ол қоғамдық құрылысты, техниканың даму деңгейін, экономиканы, сондай – ақ ұлттық мәдениеттің, тұрмыстың өзіндік ерекшелігін, халықтың көркемдік талғамын және дәстүрін белгілейді. Қазіргі заманда адамның киім киісінен белгілі бір дәрежеде өзіндік дербестігі де байқалады.

Киім – адам денесін жартылай немесе толық жауып тұратын нәрселердің жинағы. Тігін бұйымдарына тұрмыстық, өндірістік, формалық және спорттық киімдер; үйге қажетті бұйымдар (майлықтар, дастархандар, ақжаймалар және басқалар) және техникалық бұйымдар мен әбзелдер жатады.

  1. Тұрмыстық киім - әртүрлі жағдайда күнделікті киетін киім;
  2. Өндірістік киім - әртүрлі жұмыс орындарға арналған киім. Олар адам денесін зиянды нәрселерден қорғайды;
  3. Спорттық киім – спортпен шұғылдануға ыңғайлы киімдер;
  4. Формалық киім – адамның қандай кәсіпорында қызмет ететінін көрсетеді;

Киімдер – мақсатты белгілеу бойынша күделікті және салтанатты болып 2-ге бөлінеді.

Күнделікті – күнде киетін киім, үйге арналған, жұмысқа, оқуға т. б.

Салтанатты – салтанатқа, мейрамға, демалысқа арналған киім.

Киім кию шарттарыы бойынша: іш киім – адам денесіне киілетін немесе ұйықтарға киелетін киім, сырт киім – іш киімнің сыртынан киілетін киімдер.

Киімнің негізгі қызметтеріне қорғаныстық (физикалық, моральдық қорғау) және утилитарлық – практикалық тұтыну жатады. Себебі киім белгілі бір әрекеттерге және мақсаттарға байланысты пайдаланылып, қоршаған ортаға бейімделіп отырған. Киімнің эстетикалық қызметі ретінде адамды сәнді, әдемі етіп көрсетуі саналады. Киім арнайы адамдар тобына арналып дайындалады немесе бұқаралық өндірісте өндіріледі, бірақ қандай жағдайда да адам қажеттілігін қанағаттандырады.

Киім адамның жасы бойынша:

-    жаңа туған нәрестеге (9 айға дейін);

-    бөбектерге (3 жасқа дейін);

-    мектепке дейінгі (7 жасқа дейін);

-    төменгі мектеп балалары (өмірге);

-    жоғарғы мектеп балалары (15 жасқа дейін);

-    жастарға;

-    үлкен кісілерге;

 «Киім» сөзінің синонимі ретінде қолданылатын сөз «костюм». Костюм (costume итал. – салт, өнеге) – адамның әлеуметтік, ұлттық, аймақтық жағдайына, жынысы мен жас ерекшелігіне, мамандығына қарай дайындалатын киім элементтері: аяқ киім, аксессуар т. с. с. заттар жүйесі.Костюмнің құрамына киім, аяқ киім, шаш сәнділігі, косметика, бас киім, қолғап, зергерлік бұйымдар енеді.

Костюмнің маңызды қызметтерінің бірі – таңбалық қызметі. Өйткені киім өзінің иесі туралы мазмұнды ақпарат береді: адамның әлеуметтік мәртебесін, саяси, діни, эстетикалық көзқарасын, талғамын және мәдениетін білдіреді. Сондықтан киімнің қорғаныстық және утилитарлық – практикалық қызметінен басқа келесі қызметтері бар:

-   магиялық;

-   жас ерекшелік;

-   әлеуметтік – жыныстық;

-   таптық;

-   кәсіпқойлық;

-   аймақтық;

-   діни;

Костюмнің атқаратын қызметі өте көп, соған қарамастан мынадай түрлерін белгілеуге болады:

  • эротикалық;
  • эстетикалық –адам өзінің эстетикалық талғамы мен таңдауы, өмір сүрген дәуірдің әдемілік туралы ортақ көрсетілімдерімен айқындалады. Киімде нақты уақыттың және ұлттың эстетикалық мұраты (идеалы) анықталады.  

Киімді дайындауға әр түрлі маман иелері қатысады. Солардың ішінде жаңа модельді ойлап табушы, жасаушы автор сәнгер (модельер). Батыс мәдениетінде бұның басқа да атаулары бар: дизайнер, стилист, кутюрье.

Дизайнер заттардың көркемдеу жобасымен айналысатын суретші – құрастырушы маман. Ол сән әлемінде киім моделінің жеке үлгілерін және жиынтығын дайындаушы – суретші. Кутюрьеден айырмашылығы – дизайнер өндіріс өнімі мен тығыз байланыста болады. Еуропа дәстүрінде киім, аяқ киім, аксессуар дайындау саласы тұтасымен (ағылш. ауд. «фэшн дизайн») сән дизайны деп аталады. Ал орыс тілінде – модельер.

...

Скачать:   txt (100.9 Kb)   pdf (247.7 Kb)   docx (42 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club