Отчет по практике в Палате предпринимателей Алматинской области
Автор: Azat Tusupbaev • Март 27, 2019 • Отчет по практике • 8,260 Слов (34 Страниц) • 1,009 Просмотры
Жоспары
- КІРІСПЕ...................................................................................................2
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ.....................................................................................3
- Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының миссиясы мен тарихы........................................................................................................3
- Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары............................5
- Құрылымы.................................................................................................6
- ҰКП өкілдері............................................................................................9
- 2018 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы......................................10
- Талдау.......................................................................................................16
- Қорытынды.............................................................................................18
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................19
Кіріспе
Мен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4-курс студенті Зауренбек Салтанат Қайдарқызы, 14.01.2019 ж - 23.03.2019 ж аралығында Алматы облысының кәсіпкерлер палатасынан өндірістік іс-тәжірибеден өттім. Өндірістік іс-тәжірибеде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымымен және мақсатымен таныстым. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жайлы заңды меңгердім. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым.
Өндірістік іс-тәжірибе өту барысында қойылған мақсат және міндеттер
Мақсат өз сөзінмен бір сөйлеммен
Міндет: - тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырманы орындау, тәжірибе күнделігін толтыру; - кәсіпорынның, ғылыми-зерттеу институтының, жалпы білім беретін оқу орындары мен мектептің ішкі еңбек ережелеріне бағыну; - жұмыс орындарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен оқу санитария шараларымен танысып, қатаң орындау; - мекемелердің өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы керек; - жоғары оқу орнының тәжірибе жетекшісіне белгіленген тапсырмаларды толық орындалғаны жөнінде өнеркәсіп орнының басшысы қол қойған тәжірибе күнделігі мен есепті электрондық және жазба түрінде тапсыруы керек.
2.1 Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының миссиясы мен тарихы.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Ұлттық палатаның міндеттері: 1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру; 2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау; 3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру; 4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу; 5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған. ҰКП негізгі қызметтері:
...