Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Скальператор (RU 2275251)

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Доклад  •  1,068 Слов (5 Страниц)  •  820 Просмотры

Страница 1 из 5

Скальператор (RU 2275251):

[pic 1]        

        

        Өнертабыс сусымалы материалдар сепарациясының саласына жатады және ол ауыл шаруашылығында қиын бөлінетін астық материалдарды бөлу кезінде қолданылуы мүмкін.

        Астық материалдар сепарациясы үшін көлденең тесікті барабан, тиеуші бункер және өнімдер бөлудегі қабылдағыштар сияқты құрылғылар белгілі.

        Бұл сепаратордың жұмысы барабанның ойықталған беткейінде орналасқан бөліп тұрушы материалдың қабатына әсер ететін – күш өрісі әлсіз болғанынан, сепарация процессінің төмен тиімділігімен сипатталады.

        Мәлімделген құрылғыға техникалық маңызы бойынша ең жақыны сепаратор болып табылады, оның көлденең білікке орнатылған тесікті барабан, барабанның айналмалы-тербелісті қозғалыстарының жетегі, тиеуші бункер және өнімдер бөлудегі қабылдағыштары бар. Бұл сепаратордың жұмысы кезінде астық материалдар барабанның жұмыстық беткейінде жақсы жұмсарады.

        Ұсынылатын өнертабыспен  әр түрлі астық материалдардың, сонымен қатар, азсусымалылардың тиянақты және тиімді бөліну мәселесін шешуге болады.

        Көлденең білікке орнатылған тесікті барабан, барабанның айналмалы-тербелісті қозғалыстарының жетегі, тиеуші бункер және өнімдер бөлудегі қабылдағыштардан тұратын скальператорде, көрсетілген техникалық нәтижиге жету үшін, өнертабыс бойынша, барабан білігімен осьтес негізгі қозғалтқыш  вал орнатылған, оның перпендикуляр шыбықшасында қосиінді-бұлғақты механизм орналасқан, сонымен бірге, шатун барабан білігіне радиалды бекітілген өзекпен байланысқан, айта кететіні, радиалды өзек білік осіне перпендикуляр болатын жазықтықтағы тербелулер мүмкіндігімен орындалған. Бұдан басқа, ол осьтік тербелістердің дірілжетегімен жабдықталған, яғни барабан білігі білік осіне перпендикуляр болатын жазықтықтағы тербелулер мүмкіндігімен орындалған тік тағанда орналасқан, ал барабан білігінің ұшында және онымен осьтері сейкесетіндей етіп муфта орнатылған.

Ұсынылатын скальператордың жоғарыда көрсетілгеннен, оған ең жақын айырмашылық белгілері: барабанның білігімен шыбықшасында қосиінді-бұлғақты механизм орналасқан жетек білігін осьтері сәйкесетіндей орнату болып табылады, бұл ретте бұлғақ барабанның білігінде радиалды бекітілген өзекпен қосылған, оған қоса радиалды өзек білік осьіне перпендикулярлы жазықтықта тербелу мүмкіндігімен орындалған.

Тесікті барабан осьтік тербелістердің діріл жетегімен жабдықталған, ал барабанның білігі білік осьіне перепендикуляр жазықтықта тербелулер мүмкіндігімен орындалған тік тіреулерде орналасқан, ал барабан білігінің ұшында негізгі жетек білігінің жағынан және онымен осьтері сәйкесітіндей етіп муфта орнатылған.

Қосиінді-бұлғақты механизмді перпендикуляр шыбықшада негізгі жетек білігіне орнату және бұлғақтың бір бастиегін барабанның білігінде радиалды бекітілген өзекпен біріктіру тесікті барабанға айналмалы мен айналма тербемелі қозғалыстарын беруге мүмкіндік туғызады. Қосиінді-бұлғақты механизм арқылы (ол өзі тасымалды айналмалы қозғалыс жасайды) барабанға айналмалы-тербемелі қозғалысты беру айналма тербемелі қозғалыстардың тиімділігін жоғарылатады, өйткені бұл ретте қозғалтқыштың барабанмен байланысы қатты болады. Барабанның білігінің жазықтығында тербелу мүмкіндігімен радиалды шыбықшаны орындау барабанға осьтік тербелістерді жасауға мүмкіндік береді. Негізгі біліктің жетегінің және қосиінді-бұлғақты механизмнің мұндай орындалуы барабанның айналу жиілігінен тәуелсіз айналма тербелістердің параметрлерін (жиілікті және амплитуданы) таңдау мүмкіндігін береді. Скальператорды осьтік тербелістердің діріл жетегімен жабдықтау және барабанның білігін барабан білігіне перпендикуляр жазықтықта тербелулер мүмкіндігімен орындалған тік тіреулерде орнату барабанды айналу осьінің бойымен тербемелі қозғалысқа келтіреді. Муфтаны барабанның білігінде негізгі жетек білігінде осьтері сәйкесетіндей етіп орнату айналмалы тербемелі қозағлыстардың іске қосылған жетегі кезінде маңызды қайта жөндеулерсіз скальператорды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл оңай бөлінетін дәнді қоспалардың бөлу кезінде мақсатқа лайық болады.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (101.7 Kb)   docx (45.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club