Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мал тұқымын асылдандыру жоспары

Автор:   •  Февраль 22, 2020  •  Курсовая работа  •  4,138 Слов (17 Страниц)  •  399 Просмотры

Страница 1 из 17

                          Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………......5

1 Әдеби шолу…………………………………………………………………......8

2 Сиыр табының зоотехникалық сипаттамасы…………......……………….....13

2.1 Сиырлардың тұқымдық және кластық құрамы………..........……………..13

2.2 Малдың түр-тұлғасын(экстерьерін) сипаттау..............................................15

2.3 Сиырларды өнімділік қасиеті бойынша сипаттау.......................................17

3 Бұқаларды ұрпағының сапасына байланысты бағалау...................................20

4Мал тұқымын асылдандыру жоспары..............................................................21

4.1 Жоспарлы көрсеткіштерді есептеу................................................................24

5 Табынды  толықтыратын төлдерді өсіру.......................................................25

Қорытынды мен ұсыныстар ................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................29

Кіріспе

Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең мағызды сала, біріншіден – халқымыздың ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді [1].

Елімізде ірі қара мал шаруашылығы селекциясы күн қоса дамып келе жатыр. Қазақстанда селекциялық жұмыстар бұдан 100 жылдай бұрын (1901— 1910 ж.) басталды. Алғашқы Красноводопад селекциялық станциясы 1906 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Ал 1930—1956 жылдары Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс орталықтарында мемлекеттік селекциялық станциялар жұмыс істей бастады. Осы бағытта Қазақстанның ғылыми-технологиялық мал шаруашылығы зерттеу институты 1974 жылы құрылды. Қазіргі уақытта 6 ғылыми және 2 өнеркәсіптік бөлімдері бар: бөлімдері – сүт шығару технологиясы, ірі қара мал етін шығару технологиясы, сүтті бағыттағы сиырларды алу және олардың селекциясы, етті бағыттағы сиырларды алу және олардың селекциясы, жемдерді алу технологиясы және мал шаруашылығы жануарларын азықтандыру, шошқа шаруашылығы және НТИ, жоспарлы-қаржылық және өнеркәсіптік. Институтта 8 ғылым докторлары және 23 ғылымдар кандидаты, 1 ҚР ҰҒА академигі, ХШЖС корреспондент-мүшесі, 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 3 профессорлар жұмыс жасайды. Қазақстанда генетика жөне селекция ғылымының дамуына көп үлес косқан Ұлттык ғылым академиясының академиктері Ф.М. Мұхамедғалиев, Г.З. Бияшев, Б.Дарқанбаев, М.Ә. Айтқожин, Н.Я. Удольская, т.б. ғалымдар болды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың қаулыларын ұйымдастыру мен жоспарлау сұрақтары бойынша жалпы басшылықты ауылшаруашылық Министрлігі, облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары, оның мал шаруашылығындағы тұқымдық жұмыстарды бақылау және қадағалау бөлімі, Казагроинновация АҚ басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі станциялар, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары алады[2].

Жыл сайын үкіметтік мінбеде мал шаруашылығының дамуы мен мал санының көбеюі туралы айтылып келеді. Осы салаға  жылда миллиард теңге бөлінеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама аясында алдағы 7 жылда мал шаруашылығына 3 трлн. теңге (20 млрд. долларға жуық) ақша бөлінеді [3].

ҚР АШМ мәліметтері бойынша 2000 жылдың басында республика шаруашылықтарының барлық санаттарында 4 млн., ал Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агентігі мәліметтеріне қарағанда 2004 жылдың 1 қаңтарында  4,871 млн. ірі қара мал болған. Ал 2011 жылы тиісінше 6,1 млн. жеткен [4].

Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45 пайызға денінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалануда.

Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде[5].

...

Скачать:   txt (58.8 Kb)   pdf (243.3 Kb)   docx (50 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club