Кумысоделение целесообразность и технология
Автор: 1415vfrgfk18 • Май 5, 2018 • Реферат • 5,849 Слов (24 Страниц) • 608 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу факультеті
«Азық- түлік өнімдерінің технологиясы және тағам қауіпсіздігі» кафедрасы
Емжарова Ұлдана Амановна
6М073500- ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
МАГИСТРАНТТЫҢ 2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Алматы 2013ж
Жоспар
1. Әдеби шолу
1.1 Кумысоделение целесообразность и технология.
1.2 Технологии производства кумыса на промышленной основе.
1.3 Кумыс - питье, получаемое из кобыльего молока и сделавшееся важным терапевтическим средством
1.4Способ изготовления сухого кобыльего молока
2. Зерттеу әдістері
3. Қолданылған әдебиеттер
Магистерлік диссертация тақырыбы. Бие сүтін құрғату және оны қалпына келтіру сапасына және қауіпсіздігіне әсері.
Зерттеудің өзектілігі. Бие сүті бұл азиядағы өте кең тараған өнім. Оның пайдалы құрамын сақтап қалу онымен қатар оның балғындығын сақтау үшін қазіргі уақытта сублимационды кептіру арқылы сақтайды. Лифилді құрғату: сұйық затты ең төменгі қысымға дейін(40тан бастап 70ке дейінгі градус) мұздатады және лиофилизациялау үшін ашық күйінде камераға орналастырады. Ал сублимациялы құрғату: құрғату объектісінен ылғалдың негізгі көлемін жою теріс қысым кезінде (20дан 30ға дейінгі) жүзеге асады, ал құрғату баяу, яғни 4-40градустан жоғары емес.
Бие сүті өкпе ауруларының бірден –бір емі. Кезінде Қазақстан территориясында Бурабайда, Алматыда, Семейде, Оралда қымызбен емдейтін санаторийлер жұмыс жасаған. Қазіргі кезде олардың бірі жоқ десе де болады. Ал бие сүтінің адам ағзасына пайдасы зор. Өйткені, биологиялқ тұрғыдан қарасақ, бие сүті С дәруменіне өте бай. Ал бұл дәруменді тұрақты қабылдаған адамның иммунитеті күшейеді, ол адам әсте ауырмайды. Екіншіден, бие сүтінде полиқанықпаған май қышқылдары болады. Бұл қышқыл адам ағзасының әрбір жасушасындағы химиялық реакциялардың жақсы жүруіне көмектеседі,адам ағзасының қан айналымын жақсартады. Бие сүтінің құдіретін осы екеуімен сипаттаса да жетіп жатыр, бірақ оған қоса бие сүтінде лактоферрин атты ақуыз түзіледі. Лактоферрин-түйе сүтінде болмайды, бірақ бие сүтінде кездеседі. Қазір бұл ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда. Ақуыздың бір грамының құны төрт мың АҚШ долларына тең, Швеция Монғолиядан лактоферриннің бір грамын жүз елу доллорға алады екен, ал сол бір грамды дәріге айналдыру арқылы олар он мың доллар пайда тауып отыр екен. Бие сүтінің тиімді игерсек,мұнай өндірісінен де мол пайда табуға болады. Бие сүті жүйке ауруларына ем болып табылады,өйткені құрамында В дәруменімен бірге В2, В12 дәрумендері бар. Бие сүті организмге жан-жақты әсер етеді. Ол сонымен қатар ас қорытуоргандарының, жүрек-қан тамырлары аппаратының,жуйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Сүттегі ең бағалы зат ол белок. Бие сүтінде ол 1,8-2,2% болады. Бие сүтінде 40% еритін белоктар (альбемин, глобулин және бос амин қышқылдары) бар. Сонымен қатар бие сүтінде адамның денсалығына керекті барлық дәрумендер бар.
Жаңалығы. Бұл жұмыстың барысында бие сүтін құрғатудың технологиясы және оны қайта қалпына келтіру жасалынады. Сонымен қатар оның қауіпсіздігіне және сапасына әсері анықталады.
Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері. Бие сүтін құрғату және оны қалпына келіру,алынған өнімнің сапасын және қауіпсіздігін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендгідей міндеттер қойылады:
Бие сүті және қымыздың физико-химиялық көрсеткіштерін анықтау.
Лиофилді құрғату әдісімен анықтау.
Сублимациялы құрғату әдісімен анықтау.
...