Аттестация рабочих мест
Автор: Karinok • Апрель 3, 2018 • Дипломная работа • 5,039 Слов (21 Страниц) • 760 Просмотры
КІРІСПЕ
Еліміздің жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні¬нен 57-ші орындағы ірі аграрлық-индустриялық мемлекеттердің қатарына кіретіні бәрімізге мәлім. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалықтарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын. Ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман талабына икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай сипатына қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму қарқынын сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады. Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. "Аграрлық азық-түлік", "Ауылдық аумақтарды дамыту", "Ауыз су", "2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту" сынды мемлекеттік бағдарламалар, өткен жылдың басынан күшіне енген "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылды түлетуде үлкен мүмкіндіктер туғызды.
Мәселен, осыдан 7-8 жыл бұрын ғана ауыл шаруашылық саласының алдына қойылған негізгі мақсат ауыл халқын мүмкіндігінше еңбекпен қамтып, ондағы әлеуметтік шиеленістердің өріс алуына жол бермеу, сондай-ақ ел халқын азық-түлікпен қамтуға қол жеткізу болатын. Бұл міндет мүмкіндігінше жүзеге асты.
Қазіргі күні ауылда еңбекке жарамды 3,8 миллион адам бар деп есептелінсе мұның 3,2 миллионы өндіріске тартылған. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы қазірдің өзінде ел халқының 21 пайызын жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, 2003 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасының үдесінен толық шыға білді және экспорттық өнім көлемін жылдан-жылға арттыра түсуге қол жеткізді. Мәселен, Қазақстан қазір дүниежүзі бойынша астық экспорттаушы елдер арасында 5-ші орынға табан тіресе, ұн экспорты жөнінен әлемде 3-ші орын алуда. Бұл, әрине, үлкен жетістік.
Елбасының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға, біртұтас аграрлық саясатты жүргізуге, сонымен қатар Президентіміз бен Қазақстан Республикасының Үкіметі қол қойған нормативтік актілерді, облыс әкімдігінің, мәслихаттың, облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мәселелері бойынша шығарған қаулылары мен шешімдерін орындауға бағытталған жылдық, тоқсандық және ай сайынғы жасалған жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты, АӨК салаларының тұрақты дамуының және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың жолдары мен механизмдерін жасауға бағытталып келген және бағыт алып отыр. АӨК тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің өсуіне, АӨК кәсіпорындарының табыстылығына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткізу үшін төмендегідей басым бағыттар айқындалған:
Атап айтқанда, бұл – АӨК техникалық жарақтануының өсуі, АӨК салаларында ғылыми негізделген технологиялардың енгізілуі мен сақталуы, оның инфрақұрылымының, соныменқатар, ұлттық бәсекелестік артықшылықтардың дамуы, бюджеттік бағдарламаларды игеру бойынша жұмыстың жетілдірілуі, дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарын таратуда банкроттау мен соттан тыс процедуралардың жүргізілуіне бақылау жасау.
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерін қамтамсыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын
...