Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Октябрь 2, 2023  •  Шпаргалка  •  10,554 Слов (43 Страниц)  •  193 Просмотры

Страница 1 из 43

Билет №1

1.Тұмау. Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері.

Тұмау-интоксикация және тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирустық жұқпа. 3 түрлі типі бар: А, В, С.

А типті вирус адамдарды, кейбір жануарлар мен құстарды зақымдайды. Ал В және С типі адамға ғана патогенді.

Клиникалық көріністері. Интоксикациялық синдром-дене температурасының жоғарылауы; қалтырау; маңдай, самай аймақтарында орналасатын бас ауыру сезімі; жалпы әлсіздік; селқостық, адинамия; миалгия, артралгия; беті қызарып ісінген, төмен қабақтары ісінген, пульс лабильді, жүрек соғысы тұйықталған.

Катаральды синдром-тамақта жыбырлау сезімі; құрғақ жөтел; кеуденің ашып ауруы; мұрын бітелуі; дауыстың қырылдауы; жұтқыншықтың артқы қабырғасында гиперемия; өкпеде құрғақ сырылдар; мұрыннан шырышты, серозды бөлінділер.

Гемррагиялық синдром-тұмаудың ауыр ағымына тән; мұрыннан қан кету; микрогематурия болуы мүмкін.

Диагностикалау принциптері:

Шағымдар мен анамнез жинау; эпидемиологиялық анамнез; физикалық қарау; лабораториялық зерттеу ( жалпы қан анализі,  жалпы зәр анализі, биохимиялық қан анализі, қан плазмасынан С реактивті белокты анықтау), ИФА, вирусологиялық тексеру,ПЦР; инстументальды әдістер ( кеуде рентгенографиясы, пульсоксиметрия, УДЗ, ЭКГ).

Емдеу принциптер:

Медикаментозды емес ем: режим, диета.

Медикаментозды ем: Көрсеткіштері бойынша патогенетикалық және симптоматикалық ем көрсетіледі; дезинтоксикационды терапия; өкпені жасанды желдету; симптоматикалық ем (қызуды түсіретін, жөтелге қарсы, қақырық түсіретін); антибактериалды терапия.

2. Ситуациялық есеп.

Науқас З., 25 жаста, сүт зауытының тоңазытқыш қондырғыларының шебері. Жоғары температураға (38,20С), қалтырау, әлсіздікке, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, тәулігіне 10 ретке дейін шырыш пен қан аралас сұйық нәжіске шағымданады. Объективті – тері және шырышты қабаттар ақшыл-қызғылт түсті. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 92 рет, қанағаттанарлық қасиетті. Өкпеде тыныс везикулялрлы. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, тоқ ішек бойымен ауырсынады. Нәжісі «ректальді түкірік» типі бойынша.

Сіз науқас үйіне шақырылып келген учаскелік дәрігерсіз. Болжам диагнозды дәлелдеңіз.

Науқаста жедел дизентерияның колиттік түрі дамыған. Себебі, іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынулар; нәжісі сұйық және қан мен шырыш араласқан, «ректальды түкірік» типі, іші жұмсақ, тоқ ішек бойымен ауырсынады. Аталған шағымдар болжамды диагнозды дәлелдейді.

Билет №2

1.Паратұмау. Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері.

Паратұмау- айқын интоксиямен өтетін және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын, жедел антропонозды жұқпалы ауру.Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына жататын РНК геномды вирус. Жұғу механизмі-аэрогенді.

Клиникалық көріністері: Инкубациялық кезең 1-7 аралығында болады. Біртіндеп басталады. Мұрынның бітелуі; тамақтың жыбырлауы мен қышуы; ринорея; құрғақ, «ит үргендей» жөтел; әлсіздік, бас ауру, миалгия; қалыпты немесе субфибрильді дене температурасы.

Диагностикалау принциптері:

Шағымдар мен анамнез жинау; эпидемиологиялық анамнез; физикалық қарау; лабораториялық зерттеу ( жалпы қан анализі,  жалпы зәр анализі, биохимиялық қан анализі, қан плазмасынан С реактивті белокты анықтау), ИФА, вирусологиялық тексеру,ПЦР; инстументальды әдістер ( кеуде рентгенографиясы, пульсоксиметрия, УДЗ, ЭКГ).

Емдеу принциптер:

Медикаментозды емес ем: режим, диета.

Медикаментозды ем: Көрсеткіштері бойынша патогенетикалық және симптоматикалық ем көрсетіледі; дезинтоксикационды терапия; өкпені жасанды желдету; симптоматикалық ем (қызуды түсіретін, жөтелге қарсы, қақырық түсіретін); антибактериалды терапия.

2. Ситуациялық есеп.

Науқас В. инженер, 33 жаста. Емханаға дене қызуының 37,2 0С-ге дейін көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына, іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, сұйық нәжіске шағымданып келді. Кеше кешке кенет ауырды. Түнгі уақытта үш рет, ал таңертеңгі уақытта екі рет шырыш аралас, ботқа тәрізді нәжіс болды. Қарау барысында тері жабыны қалыпты түстес. Пульс минутына 82 рет. АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, пальпациялау кезінде екі жақты мықын аймағы ауырсынады. Өзінің ауруын еш нәрсемен байланыстыра алмайды. Күйеуі екеуі екі бөлмелі пәтерде тұрады. Күйеуі сау.

...

Скачать:   txt (166.9 Kb)   pdf (396.4 Kb)   docx (60.4 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club