Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Октябрь 15, 2018  •  Шпаргалка  •  8,706 Слов (35 Страниц)  •  773 Просмотры

Страница 1 из 35

                                                Бақылау сұрақтары:

  1. Биомедицина негіздері. Анықтамасы. Пәні және міндеттері.
  2. Тірі ағзалардың критерилері.
  3. Тірі материяның ұйымдасу кезеңдері.
  4. Жасуша- организмнің құрылымдық бірлігі.Жасуша организмнің түрлері.
  5. Жасушалық теория.
  6. Эукариоттық жасушаның негізгі компоненттерінің молекулалық құрылымы мен қызметі.
  7. Прокариоттық жасушаның негізгі компоненттерінің молекулалық құрылымы мен қызметі.
  8. Вирустар мен бактериофагтар.
  9. Плазмолемманың құрылысы мен қызметі.
  10. Эукариоттық жасуша ядросының құрылысы мен қызметі.
  11. Жалпы мақсаттағы органоидтар.
  12. Эукариоттық жасушадағы қосындылар.
  13. Биологиялық макромолекулалар:нәруыздар.Нәруыздардың құрамы мен қызметі.
  14. Нәруыздардың кеңістіктегі ұйымдасуының ерекшеліктері
  15. Биологиялық макромолекулалар :липидтер.Липидтердің құрамы мен қызметі.
  16. Биологиялыұ макромолекулалар:көмірсулар.Көмірсулардың құрамы мен қызметі.
  17. Биологиялық мембрананың  молекулалық құрылысы мен қызметі.
  18. Мембраналық нәруыздардың жіктелуі.Мембраналық нәруыздардың қызметі.
  19. Мембраналық липидтердің жіктелуі.Мембраналық липидтердің қызметі.
  20. Төменгі молекулалы заттарды тасымалдау.
  21. Жоғарғы молекулалы заттарды тасымалдау.
  22. Заттардың молекула арқылы пассивті тасымалдануы.
  23. Заттардың мембрана арқылы белсенді тасымалдануы.
  24. Жасуша метаболизмі.Анаболизм.
  25. Жасуша метаболизмі.Катаболизм.
  26. Автотрофты ағзалар.
  27. Гетеротрофты ағзалар.
  28. Энергиялық алмасу.Дайындық кезеңі.
  29. Энергиялық алмасу.Гликолиз.
  30. Энергиялық алмасу.Оттекті кезең.
  31. Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу.

       

                  1.  Биомедицина негіздері. Анықтамасы. Пәні және міндеттері.

Биомедицина- адамның денсаулығын сақтауға негізделген, биология ғылымдарынан бастау алатын медицинаның бір бағыты.Биомедицина- адам ағзасының құрылысын,қызметін қалыпты және патологиядық жағдайларын емдеу және диагностикалау әдістеріне бағыттылған теориялық медицина бөлімі.

Биомедицинаның мақсаты- денсаулықты қалыпты ұстау және сақтау, ал міндеттері – денсаулық пен аурудың генетикалық және эксперименттік биомодельдерін құрастыру, жобалау.Геномды зерттеу саласында медицинаны дамытуға үлкен үлес қосатын , болашақта ұзақ ғұмырының қыр-сырын үйрететін жетістіктерге қол жеткізуге болып табылады.

Биомедицинаның обьектісі ретінде көптеген биомодельдеу және жаңа модель құрастыруға түп нұсқа-адам есептеледі.Биомелицинаның нешізгі әдісі атомнан мультижүйелік деңгейге дейінгі математикалық жәнге биологиялық модельдеу болып табылады.

Медициналық практикада биомедицинаны теориялық және зерттеу деңгейінде қарастырмайды.

Биомедицина нәтижелері жаңа дәрілерді,жасуша терапиясы ұшін бағаналы жасушаларды қалыптастыруды, жекелеген аурулардың механизмдерін тереңірек түсіндіруге ұлес қосатын медицина .диагностикажәне емдеудің негізі болып саналады . Бағаналы жасушалардың жаңа белгісіз қасиеттерінің ашылуы практикалық тұрғыда үлкен жетістіктерге жетуге , «ескірген» ,зақымдалған жасушаларды ауыстыру арқылы ағзаны қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Бұл бағыт  қалпына келтіретін медицина деп аталады.

Биомедицинаның аса маңызды бағыттары :

  • Ауруды ерте бастан диагностикалау , «қарапайым» ауруларға тұқымқулау ерекшеліктерін зерттеу;
  • Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің жаңа әдістерін қалыптастыру;
  • Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды диагностикалаудың жаңа әдістері.
  • Компьютерлік модельдеу арқылы ,жаңа препараттарды құрастыру арқылы жаңа дәрілердің өндірілуін  қарқынды жеделдету;
  • Нанотехнология және молекулярлы биология саласындағы генотрапия, антиденелер негізінде жаңа емдік дәрілерді өндіру;

                                               

                                                               

                                                   2. Тірі ағзалардың критерилері.

Жалпы биолгия ғылымдары –тіршілік қасиеттерінң заңдылықтарын,оның құрылысын, тірі ағзалардың тіршілік ету формасын зерттейді.Тіршілік-жоғары ұйымдастырылған материя ретінде қарастырады.

Өмір-жоғары деңгейдегі заттар қозғалысының нысаны. Өмір-нақты құрылымды ұстап тұру және көбею қасиетімен сипатталады.

...

Скачать:   txt (124 Kb)   pdf (841.9 Kb)   docx (77 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club