Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Январь 17, 2023  •  Шпаргалка  •  6,971 Слов (28 Страниц)  •  156 Просмотры

Страница 1 из 28

№ 1 билет

Сіз  операциялық блоктың мейіргері  болып жұмыс істейсіз. Холецистэктомия  операциясына материал салып стерилизацияға  жіберейін деп отырсыз.

1. Стерилизация әдістерін атаңыз.

2. Бикске  алда болатын жоспарлық операцияға керек материалдарды салып дайындаңыз.

3. Операция алдында стерильді  халатты киіп көрсетіңіз.

ЖАУАП

1.Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу

Материалдарында микроағзалар мен олардың

Спораларын толық жою болып табылады.Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С – 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С – 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:

Қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);

Тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);

2.Көрсетілімі: материалдарды  жайғастырып, стерильдеу,  операцияға дайындау.

Құрал-жабдықтары: бикс, операциялық жайма, халат, қолғаптар, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары, шыны ыдыстар т.с.с.

1) бикстің ішін антисептикпен сүртіп, жанындағы тесіктерін ашады, ішіне бір қабат жайма төсейді.

2) операциялық жайманың бір жағын 50 см етіп бүгіп,  ұзынынан  екі рет бүктейді де бума тәрізді етіп бос орайды, бикске салады.

3)хирургиялық халаттың белбеуі ортасынан халаттың  беліне бекітіліп, тігілген,  белбеудің бос   ұштарын халаттың қалтасына салады, екі жеңін ішіне қаратып, ұзынынан  бүктеп,  етегінен мойнына дейін бума тәрізді бос  орайды да бикске салады.

4)орамал, орташа, үлкен салфеткаларды, шағын жаймаларды  4 бүктеп салады.

5)таңу материалдарын бір бөлек жататындай салады.

6) инструмент, резин зондтарды бөлек орап салады.

7) шыны  ыдыстарды жең тәрізді матаға орап салады.

8) бикстегі материалдардың түбіне, орта тұсына, үстіңгі бетіне индикатор салады. Бикстің қақпағын жауып,  белгі қағазға жазып, автоклавқа апарады.

Операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде  операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бикстен қалпақ,  маска киеді.

3.Мақсаты: медбикенің асептика ережесін сақтап стерильді халатты өзіне киюі

Құрал-жабдықтар:  бикстегі стерильді материалдар (халат, жайма, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары).

1) медбике педальдi басып бикстi ашады (немесе тазалықшы ашады);

2) бикстен халат алып, оны ештеңеге тигiзбей бүктеуiн жазады. Жағасынан ұстап, колды халатпен бүркей тұрып сол жеңiн киедi.

3) сол қолмен жағасынан ұстап қолды халатпен бүркей тұрып, оң  қолды киедi немесе екі жеңін бірден киюге де  болады.

4)  екi қолды алға жоғары көтередi.

5) санитарка арт жағындағы бауларын байлайды.

6)  медбике  жеңiндегi бауларды 2-3 айналдыра байлайды.

7) белбеудiң ұштарын  қалтадан алып, екі жағына  керiп алдына көлденең  ұстайды.

8)  санитарка сырт жағында тұрып қолын халатка тигiзбей белбеудiн шеттерiн алып артынан байлайды, халаттың артын қаусырады.

9) медбике стерильді қолғапты киеді.

№2 билет

Сіз  емхананың хирург кабинетінің мейіргері   болып жұмыс істейсіз. Пациенттің башпай  тырнағына  операция  жасау  үшін дәрігер жергілікті анестезия құралдарын   жинауды  тапсырды.

1. Жергілікті анестезия түрлері, дәрілері, асқынуы, алдын алу.

2. Жергілікті анестезия  құралдарын  жинап көрсетіңіз.

3. Оберст- Лукашевич әдісі қандай?

жауап

...

Скачать:   txt (90.9 Kb)   pdf (355.1 Kb)   docx (175.3 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club