Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Шпаргалка  •  4,697 Слов (19 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 19

31.Жынысжүйесінің қабыну және дисгормонды ауруларының сипаттамасы, түрлері этиологиясы.

Дисгормоналды ауру (мастопатия) немесе сүт бездерінің гиперплазиясы дегеніміз – нейро-гуморалды қызметінің бұзылысынан дамитын сүт бездерінің зақымдалуы. Кистозды-фиброзды мастопатия жиі 2 жақты болады. Бұл аурудың дамуы аналық безінің, бүйрек үсті безінің, қалқанша безінің физиологиялық деңгейінің бұзылысымен және организмдегі өзгерістердің әсерімен тікелейбайланысты. Әртүрлі 10 шақты патологиялық процестердің өзара қосылуы дисгормоналды гиперплазияны түзейді. Осыдан: «мастопатия», «фиброаденоматоз немесе аденофиброматоз», «мастодиния», «мастоплазия», «аденоз», «диффузды» немесе шектелген фиброаденоматоз», «дисгормоналды пролиферативтер», «ісікалды немесе обыралды үдерістер» және т.б. дамиды.

Дисгормональды аурулардың пайда болуының нақты себептері әр жағдайда жеке болып табылады, бірақ осы патологияның дамуына серпін беретін бірқатар факторлар бар:

-стресс;

-тұқым қуалаушылық;

-жүктілік пен босанудың болмауы (немесе кейінгі жүктілік);

-эндокриндік аурулар;

-ерте сатылардағы түсік түсіктер мен түсіктер;

-артық салмақ;

-гинекологиялық аурулар;

-баланы емізудің болмауы, сондай-ақ өте қысқа немесе өте ұзақ мерзімді азықтандыру;

-12 жасқа дейінгі қыздардағы етеккірдің пайда болуы.

Этиология. Мастопатия кезінде гормондардың деңгейі (эстрадиол, андрогендер, пролактин, фолликулостимулдеуші гормон) жоғарылайды. Менопауза кезінде лютотропты және фолли-кулостимулдеуші гормондардың концентрациясы төмендейді. Осы гормондарының концентрациясының төмендеуігонодотропты гормондардың секрециясын пролактин және эстрадиолмен басады. Көбінесе тироксиннің (Т4) төмендеуі және тиреостимулдеуші гормондармен пролактиннің концентрациясы жоғарылайды. Эндокринды жүйенің бұзылуына байланысты, сүт бездерінің тіндерінің физиологиялық циклдылығы өзгереді де, мастопатияның дамуына қолайлы әсер туғызады

Жыныстық мүшелерде дамыған қабыну үдерісінің көбі туберкулез, сифилис (мерез), гонорея (соз) сияқты негізгі аурулардың бір көрінісі болып табылады. Олардың ішінде ең маңыздылары — жатырдың кілегейлі кабықшасының қабынуы (эндометрит), сүт безінің қабынуы (мастит), еннің қабынуы (орхит) жэне қуықасты безінің қабынуы (простатит).

 түсіктен кейін түрлі микроорганизмдердің (стрептококк, стафилококк, анаэробтық бактериялардың, ішек таяқшасының) эсерінен дамиды.

32.Асқазан – ішек жолдарының ауруларының классификациясы, этиологиясы.

Асқазан-ішек жолының аурулары алуан түрлі. Олардың біразы осы жүйеде басталып, дербес аурулар  тобын құраса, енді бірі  инфекциялық, бейинфекциялық, жүре  болатын немесе тұқымқуалайтын басқа да аурулардың салдары ретінде дамиды. Бұл екі топтың алғашқысын медицинаның үлкен бір саласы — гастроэнтерология зерттейді.

Асқорыту жүйесінде қабыну мен дистрофия да, дисрегенерациялық пен ісіктік үдерістер де дами береді. Бұл үдерістердің мәні мен даму механизмін айқындау үшін өңештен, асқазаннан, ішектен, бауырдан, ұйқы безінен, басқа да асқорыту мүшелерінен биоптат алып, морфологиялық тәсілмен зерттеледі. Өйткені, биоптат гистохимия, радиоавтография, электрондық микроскоп сияқты деректі тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл тарауда көмей мен жұтқыншақтың, сілекей бездерінің, өңештің, асқазанның, ішектің, бауырдың, өт қабы мен ұйқы безінің ең маңызды аурулары берілген, ал тіс пен жақ жүйесінің және ауыз қуысы мүшелерінің аурулары бөлек сипатталады

Этиологиясы. Қылтамақ өңештің кілегейлі қабықшасын тым ыстық әрі қатты тағамдар, алкоголь, темекі ұзақ уақыт тітіркендірген жағдайда, асқорыту жолының созылмалы инфекцияларынан және дұрыс қалыптаспаған анатомиялық құрылымдардан (дивертикул, эктопиялы цилиндр тәрізді эпителий мен асқазан бездері) өрістейді. Бұл мүшенің ракалдылық үдерістері ретінде кілегейлі қабықша эпителийінің лейкоплакиясы мен ауыр дәрежелі дисплазиясын атаған жөн.

...

Скачать:   txt (80 Kb)   pdf (284.2 Kb)   docx (37.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club