Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Шпаргалка  •  11,808 Слов (48 Страниц)  •  233 Просмотры

Страница 1 из 48

1. Қан тамыр арналарының әртүрлі бөліктерінің функционалды сипаттамасы

Қантамырлар:

  • қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар-артерия  
  • қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар - вена
  • оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" бөлінеді.

   Артерия мен Вена қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен көктамырлардың жақтаулары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады

  Артерия қаннан жүрекке жақын жүретін серпімді қан тамыры . Бұл жүректің қанына тасымалдайтын тамырлардың қарсы функциясы. Артериялар жүрек-қантамыр жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйе қоректік заттарды айналдырып, қалдық материалын дененің жасушаларынан алып тастайды.

  Вена қан тамырлары дененің барлық мүшелері мен тіндерінен қанды жүрекке апарады. Көмірқышқыл газына бай қанды венозды қан деп атаймыз. Вена қан тамырлары арқылы қан баяу жүреді, онда артериямен салыстырғанда қан қысымы да төмен болады. Сондықтан вена қан тамыры жарақаттанса, қан баяу ағады да, ал артерия қан тамыры жарақаттанса, қан үлкен қысыммен атқылайды.

   Капиллярлар – зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар. Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан тұрады. Капиллярларда қан өте баяу ағады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы корек заттар кылтамырлардың жақтауымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярдан қан венаға жиналады.

2. Қанның формалық элементтері құрамы.

Қанның формалық ж элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары.

Эритроциттер. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген. Екі қабатты пішінді болуы эритроциттердің кіші қан тамырлары арқылы сығылуына мүмкіндік беретін жасушаға икемділік береді. Ядроның болмауы оттегінің тасымалдануы үшін қосымша орын алатындығын дәлелдейді. Эритроциттер құрамында гемоглобин  темірі бар белок тектес зат. Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Организмде ол тынысалу қызметін атқарады.

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түруын қамтамасыз етеді. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәңді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады . Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.

Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер – тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Тромбоциттердің басты қызметі – қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады.

3. Артериялық қысым. Оны анықтаушы факторлар. Маңызы. Өлшеу әдістері мен ережелері

Артериялық қысым – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әртүрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең жоғарға қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал төмен қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының (пульстік) қысымы деп аталады.  Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас
ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады.

...

Скачать:   txt (168.4 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (785.7 Kb)  
Продолжить читать еще 47 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club