Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Шпаргалка  •  10,816 Слов (44 Страниц)  •  211 Просмотры

Страница 1 из 44

1. Қабынуға байланысты өкпе тінінің тығыздалу синдромы (бөлікті пневмония). Себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностикалау әдістері.

Өкпе тінінің тығыздалу синдромы -өкре тініндегі ауалы ортаның азды көпті жайылған аумақта едәуір азаюы немесе толығымен жойылуын айтамыз.Крупозды пневмония өкпенің бір немесе бірнеше бөлігінің зақымдалуымен сипатталады, басқаша бөлікті пневмония деп атаиды.

 

Себептері: Крупозды пневмонияны негізінен пневмококтардың 1, 2, 3 және 7 типтері қоздырады, ал өте сирек жағдайларда Фридлендердің диплобациласы, Афанасьев-Пфейфер бацилласы, стафилококтар  туғызады.

 

Симптомдары: Типтік жағдайда ауру келесі клиникалық белгілермен сипатталады.

-Дене қызуының бірден 39-40 °С дейін көтерілуі. Қатты мазалайтын

қалтыраумен жүретін жоғары қызбаның тұрақты түрі тән.

-Бас ауырумен, ұйқысыздыкпен, сандырақтаумен көрінетін интокси

кациалық синдромның ауыр түрі.

-Бастапқы кезде құрғақ, кейіннен тез арада шырышты-іріндіге ауысатын

және оған ерекше «тот» түрді беретін көбіне кұрамында қан мен фибрин

болатын қақырықпен жөтел.

-Бірінші күннен бастап зақымдалған кеуде бөлігінде құрғақ плевритке тән

қабыну үдерісіне өкпеқаптың қосылғанын көрсететін типтік ауыру сезімі

(плевралды синдром) пайда болуы мүмкін.

 

Физикалық зерттеу

Аурудың өршу сатысына беткейлік, бірден жиі тыныс алу анықталады.

Әдетте, дем алу актісіне қосымша тыныс алу бұлшық еттері қатысады.

Өкпенің зақымдалған жағында, әдетте науқастың беті Қызыл шырайлы,

көбіне ерін және мұрын қанатының жанында герпестік жаралар пайда болады

(иммунитеттің төмендеуінің белгісі).

Өкпенің зақымдалған жағында кеуденің жылжымалылығы төмендеген

(дем алғанда қалып қойып отырады), дауыс дірілі зақымдалған аумақтың

үстінде айтарлықтай күшейген.

Перкуторлы дыбыс тұйықталған, тимпанитті реңкпен. Аускультативті вен-

тиляциясы сақталумен жүретін альвеоладағы қабыну үдерісін көрсететін вези-

кулярлы тыныс дыбысының әлсіреуі, крепитация (сrеpitatio indux) анықталады.

Тығыздалудың қатты даму кезеңінде (бауырлану сатысы) перкуторлық дыбыс

тұйық болып, тыныс бронхтыққа ауысады, ұяң ұсақ көпіршікті сырылдар-

ды естуге болады, бронхофония күшейеді. Пневмонияның жазылуы саты-

сы құйылу сатысындағы белгілердің қайталануымен жүреді, соның ішінде

крепитацияның пайда болуымен (crepitatio redux). Бірге дамыған құрғақ плев-

рит типтік өкпеқап үйкеліс шуымен көрінеді.

 

Даму механизмі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.

Диагностика әдістері: Жалпы қан анализі- Лейкоцитарлық формуланың солға ығысуымен жүретін нейтрофилді лейкоцитоздың болуы, ЭТЖ жоғарылауы, а- және ү-глобулиндердің реакциясы. Жалпы қақырық анализі- Қақырық нәруызға, эритроциттерге,лейкоциттерге бай болады. Рентгенологиялық зерттеу-Өкпенің бір бөлігіне немесе бірнеше белігіне сәйкес келетін тығыз гомогенді инфильтрат анықталады.

 

 

 

2. Гипербилирубинемия синдромы. Себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностикалау әдістері.

Гипербилирубенемия- билирубин алмасуының бір немесе бірнеше үзбелерде бұзылуы. Билирубин фракциясының келесі түрлерін ажыратады.

-Бос, ол тікелей емес, байланыспаған, конъюгирленбеген.

-Байланысқан, тікелей, конъюгирленген, оларды аз зерттелген билирубин I (моноглюкуронид) және билирубин II бөледі (диглюкуронид)

Тікелей емес билирубенемия шағымдары оң жақ қабырға астында ауыру сезімі және қарқынды емес ауыру;

...

Скачать:   txt (164.3 Kb)   pdf (209.4 Kb)   docx (196.7 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club